Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайдың Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама–қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады
Конденсаторлар барлық электр схемаларының таптырмайтын элементі болып табылады. Екі жарым ғасыр бұрын пайда болған конденсаторлар қазірде техниканың барлық саласында қолданыс тауып отыр. Практикада сонымен бірге өзін қоршаған денелермен салыстырғанда шамалы потенциалы бола тұрып шамасы едәуір зарядтарды жинақтайтын, яғни конденсациялайтын қондырғылар қажет болады. Конденсатор деп аталатын мұндай қондырғылар негізінен өткізгіштерге басқа денелерді жақындатқанда оның электр сыйымдылығы артатын фактіге суйенеді.
Бұл курстық жұмыстағы менің басты мақсатым – конденсаторлардың түрлі типтерімен танысып, электротехниканың қандай облыстарында қолданылатынын анықтау және конденсатор туралы өз білімімді толықтыру.
Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “цонденсо”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайдың Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама–қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады