ҚР ҚН 4.02-01-2011* 30
элементтерінде ауаның кемуі және сорып алу А герметикалық сыныбы бойынша кему
мәнінен аспауы қажет. А герметикалық сыныбы олар қызмет көрсететін үй-жайлар
арқылы өтетін ашық ауа өткізгіштерге жатуы мүмкін.
С герметикалық сыныбын ауа өткізгіштегі ауа қысымы мен үй-жайдағы ауа
қысымы арасындағы деңгей айырмасы өте жоғары болса немесе ауаның кемуі үй-
жайдағы ауа сапасына қойылатын талаптардың орындалмауына алып келсе қолдану
керек.
D герметикалық сыныбын арнайы жобалауға арналған тапсырма бойынша қолдану
керек.
Герметикалық сыныбын таңдау критерийлері пайдалану жағдайларындағы
(жабдықтағы ауаны сорып алу және төменгі қысымда жұмыс істейтін ауа өткізгіштер
немесе жоғары қысымда жұмыс істейтін жабдықтардан және ауа өткізгіштерден түсетін
ауаны жоғалту) жүйедегі ауа кемуінің рұқсат етілетін пайызы болып табылады.
7.8.9 Бір өрт бөлігі шектеріндегі қызмет көрсетілетін үй-жайлардан тыс жалпы
алмастырылатын желдету және жергілікті сорғылар жүйелерінің транзиттік ауа
өткізгіштерін және коллекторларын, сондай-ақ қызмет көрсетілетін үй-жайдың отқа
төзімді нормаланатын шектерінің (қабырғалар, аралықтар, жабындары) құрылыс
конструкцияларын қорғайтын орындардың қиысу жерінен бастап желдету жабдығына
арналған үй-жайға дейін төсеу жағдайларында белгіленген нормаларға сәйкес көзделуі
керек.
Бір қабаттың бірнеше әр түрлі үй-жайлары арқылы төселетін бір жүйенің транзиттік
ауа өткізгіштері үшін отқа төзімділік шегінің бірдей үлкен мәні (ауа өткізгіштердің әр
түрлі учаскелері үшін талап етілетін) көзделуі керек.
7.8.10 Қоғамдық ғимараттарда қоймалардың және зат қоятын қоймалардың үй-
жайларындағы отқа төзімділіктің нормаланатын шектерінің өртке қарсы бөгеттерінің
(аралықтар мен аражабындар) транзиттік ауа өткізгіштермен қиысу орындарындағы
өртке қарсы қалыпты ашық қақпақтарын орнату жағдайларында В1-В4 санаттарындағы
қоймалар мен зат қоймалар арқылы қоғамдық және әкімшілк-тұрмыстық үй-жайлар үшін
желдету жүйелерінің транзиттік ауа өткізгіштерін төсеуге рұқсат етіледі.
7.8.11 Тұрғын бөлмелер, ас үйлер, сондай-ақ тұрғын көп пәтерлі ғимараттардың
пәтерлері арқылы басқа мақсаттағы үй-жайларға көмек көрсететін жүйелердің транзиттік
ауа өткізгіштерін төсеуге рұқсат етілмейді.
7.8.12 Ауа өткізгіштерді:
а) транзиттік – баспалдақ торлары, тамбур-шлюз, лифт холлдары арқылы (осы
баспалдақ торларына, тамбур-шлюзге және лифт холлдарына қызмет көрсететін түтінге
қарсы желдету жүйелерінің ауа өткізгіштерін қоспағанда), азаматтық қорғаныстың
қорғаныс құрылыстарының үй-жайлары арқылы;
б) қызмет көрсететін А және Б санаттарындағы үй-жайларға және жер төлелердегі
және еден асты өңештеріндегі жарылуға қауіпті қоспалардың жергілікті сорғы
жүйелеріне;
в) жарылуға қауіпті қоспалардың жергілікті сорғы жүйелері ауа өткізгіштерінің
тегеурінді учаскелеріне, сондай-ақ 1-ші және 2-ші сыныптағы қауіпті зиянды заттардың
немесе басқа үй-жайлар арқылы өтетін жағымсыз сасыйтын заттарға төсеуге рұқсат
етілмейді.