Коньки Спорты конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. 1892 ж конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі28,18 Kb.
#19634
  1   2   3   4
Байланысты:
Коньки Спорты конькимен м з стінде шапша ж гіру ж не м з айдын


Коньки Спорты – конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. 1892 ж. конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки Спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал етті. Тарихы Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірдің тарихы өте ежелде жатыр. ХХІ ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады. «Христиания скейте-клуб» ұйымдастыруымен Норвегияда алғаш рет 1867 жылы конькимен жүгіруден ресми жарыс өткізілді. Бұл спорт түрі Еуропаның бір талай елдерінде кең өріс жайды және ХІХ ғасырдың 70 жылдарында халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. 1889 жылы Амстердам мен Нидерландияда тұңғыш рет дүниежүзілік конькимен жүгірушілердің чемпионаты өтті. 1892 жылы Дүниежүзілік конькимен жүгірушілер ұйымы-ИСУ құрылды. Сол кездің чемпионаттарынан бастап төрт түрлі дистанцияда 500, 1500, 5000 және 10 000 метрге жүгіру дистанциялары болды. ХХ ғасырдың бірінші-екінші мың жылдығында осы спорт түрінен ең мықты дегені норвеждік Оскар Матисен болды. Ол әлем чемпионатын бес рет жеңіп алды, 1908,1909, 1912, 1913, 1914 жылдар аралығында жеңіске жетті. Ресейлік конькимен жүгіруші Николай Струнников екі рет: 1910 және 1911 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1922 жылы конькимен жүгіруден норвегиялық Харальд Стрем әлем чемпионы болды. 1923 жылы әлем чемпионы финдік конькимен жүгіруші Клас Тунберг болды, 1924 жылы норвегиялық Руальд Ларсен әлем чемпионы болды. 1926 жылға дейін Еуропада және Әлем чемпионатында жеңімпаздар әртүрлі арақашықтықтар бойынша алынған орын санымен анықталды. Ал 1926 жылдан кейін чемпиондарды және басқа да орын алушыларды төрт арақашықтықты орындауы бойынша бағалау жүйесі қабылданды. 1936 жылы конькимен жүгіру жарысы ерлердің арасында ғана емес әйелдердің де арасында өткізіле бастады. Әйелдер арасындағы конькимен жүгіру жарысынын алғашқы чемпионы АҚШ-тық Китти Клейн болды, содан кейін әлем чемпионы норвегиялық Лайла Шоу-Нильсен болды. 1937 мен 1938 жылдары финдік спортшы Верне Леше әлем чемпионы атанды. Әлем чемпиондарының арасында Кеңес Одағының да спортшылары бар. Олар: Мария Искакова 1948-1950 жылдар аралығында. Лидия Селихова 1952-1954 жылдар аралығында және Халида Шеголеева 1953 жылы , Рима Жукова 1955 жылы, Софья Кондакова 1956 жылы, Инга Артомова 1957,1958, 1962, 1965 жылдары, Тамара Рылова 1959 жылы әлем чемпиондары атанды. Халықаралық конькимен жүгірушілер ұйымының шешімімен конькимен жүгіру жарысынан басқа әйелдер мен ерлер арасында спринтерлік жарыс өткізілетін болды. Ерлерге де, әйелдерге де төрт дистанциядан: 500, 1000 метр бірінші күні, ал содан кейін тағы да 500, 1000 метр екінші күні жарыс өтетін болды. Принциптері мен дайындық Конькимен жүгіру спорты-бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенді тынығу болып табылады. Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жұгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы 400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі. Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады. Олар: Бірінші этап – отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар дене мәдениетімен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар алғаш рет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар көмектеседі. Екінші этап – балаларды жалпы білім беретің мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл уақытта балалардың дене қуатыда, психологиясыда, қозғалыс сапасыда дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады. ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған жаттығулар. Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады. Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі.Бұл уақытта оқушылардың жалпы физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас конькишілер жасөспірімдер разрядың алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады. Екінші фаза – базалық мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас конькишіге арнайы физикалық, моралдық, техникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау. Үшінші этап – мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер ауылдық, аудандық, қалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады.  

Қыс кезінде суық тиіп қалудан қорыққан көптеген адамдар таза ауада мейілінше аз уақыт өткізуге тырысады. Негізі, бұл қателік. Керісінше, таза ауада демалу адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қыс кезіндегі физикалық белсенділік біздің ағзамыздың нығая түсуіне, тұмауға қарсы тұруға, жаз келгенше күш жинауға көмектеседі. Қыс кезінде коньки тебу арқылы адамдар денсаулығын жақсартып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күйде болады.

Коньки адамзат тарихында өте ертеде пайда болды және бір замандары жануарлардың сүйегінен дайындалған.

Дайындаламыз

Коньки тебудегі қиындықтан құтылу үшін қарапайым ережерлерді сақтанған дұрыс.

Коньки тебуді енді бастап жүрген фигуристтер үшін роликті тебуге арналған экипировка да жарай береді. Сонымен қатар, мұздағы ауа температурасы төмен болғандықтан, мейілінше жылы киінген дұрыс.

Ал аяқ киімге өте мұқият қараған жөн! Егер аяғыңызға коньки бәтіңкесін дұрыстап кимесеңіз, тобығыңызды шығарып, аяғыңызды жарақаттап алуыңыз мүмкін. Конькиді дүкеннен сатып алуға тырысыңыз.

Мұз айдында жүргенде мейілінше сақ болыңыз, айналадағы адамдарға қарайлап, олармен соқтығысып қалмауға тырысыңыз. Тағы бір есте ұстайтын нәрсе, айдынға алкоголь ішіп барудың қажеті жоқ, сондықтан спирттік ішімдіктерден бас тартыңыз. Сонымен қатар, үш айналып секіруді орындаймын деп әуре болмай, тек достарыңызбен серуендеп, көңіл көтеріп қайтыңыз.

Пайдалы жақтары

Коньки тебудің пайдасы орасан зор. Мұз айдынында небәрі бір сағат коньки тебу бірнеше сағат бойы жүгіргенде кететін калорияны кетіреді. Конькимен сырғанау кезінде тізе көп жарақаттанбайды. Коньки тебу аяқ пен сан және жамбастағы бұлшық еттерді дамытады. Сонымен қатар, коньки тебу кезінде арқадағы және іштегі бұлшық еттер ширығады. Конькимен жүйелі түрде сырғанау ағзаның төзімді болуына әкеледі. Ал таза ауада коньки тепкен кезде ағза қатая түседі. Одан бөлек, физикалық белсенділік жағымды көңіл-күй сыйлайды. Көп қобалжитын адамдарға дәрігерлер конькиді жүйелі түрде теуіп тұруға кеңес тұрады. Бұл көңіл-күйді көтеріп тастайды.

Коньки тебудің балалар үшін пайдалы тұсы

Ағзасы енді дамыпжатқан балалар үшін коньки тебудің пайдасы үлкен. Пайдадан бөлек, көңіл көтерудің де керемет әдісі. Айтпақшы, көптеген танымал фигуристтер бала кезінде өте әлсіз болғандықтан, денсаулықтарын нығайту үшін мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Коньки тебу баланың денесін тік ұстап, бұлшық ет жүйесін қалыптастыруға, вестибулярлы аппарат пентыныс алу жүйесін реттеуге көмектеседі.Әсіресе, өтпелі кезеңдерде жүйелі түрле коньки тебу баланың өзіне деген сенімін күшейтеді.

Коньки тебу – бұл сергек әрі дені сау болып жүруге себепкер болатын тамаша жаттығу болып саналатынын ұмытпаңыз.

Кері әсерлері

Жарақат. Жаңадан бастаған фигурист жарақаттан қашып құтылмайды. Әдетте, бұл жарақаттар қаты ауыр болмайды. Қол мен аяқ және бастан алған кішігірім жарақаттар тез жазылады. Егер осындай жарақат болса, дереу ауырсынып тұрған жерге мұз басып, аурудың беті қайтқанша отыра тұрған жөн. Сонымен қатар, әрбір 10-15 минут сайын жарақатты бақылаған дұрыс. Егер басыңыз айналмаса, жаттығуды қайта жалғастыра беріңіз. Жарақаттың алдын алуға біздің кеңестеріміз көмектеседі.
Бұрылыста сырғанау, әдісінің кейбір ерекшеліктері бар. Бұрылу басталар алдында соңғы қадам оң жақтағы конькимен жасалынады да, дененің салмағы сол қапталға ауысады, сол аяқтағы коньки мұзға сол қырымен тіреледі. Күштің негізі салмағы түскен оң аяқтағы коньки мұзға барынша итеріліп, конькиші сол аяқтағы конькиінің қырымен ұзағырақ сырғиды. Содан кейін денесін айналымның ішіне қарай еңкейте түсіп аяқтарын алмастыру үшін оң жақтағы конькиді ішке тарта түседі. Іле оң аяқ алға шығып бір цикл аяқталады да цикл қайта басталады. Қашан бұрылыс аяқталғанша сырғанау әдісі осылай қайталанып отырады. Сырғанап келе жатқанда бағытты өзгертіп бұрылудың әр – түрлі әдістері қолданылады.Оған жататындар.

Аяқты аттап басу арқылы бұрылу;Соқа әдісімен бұрылу;Конькиді тіреп , тежеу арқылы бұрылу;Бұрылыстан солға бұрылу үшін дене салмағын оң жақ аяқтағы конькиге түсіреді.Оңға қарай бұрылғанда керісінше жасау керек. Бұрылыс кезінде жиі кездесетін қателіктер:Тізенің бүгілмеуі, денені бұрылатын жаққа қарай қисайтпау,соқа әдісімен бұрылу . Солға бұрылған кезде конькидің ұштарын жақындатып, дененің салмағын оң жақ аяққа түсіру керек. Дененің салмағы сырт жақтағы аяққа түскен кезде ,яғни екінші аяққа түскен кезде коньки бұрыла бастайды .Аяқты тіреп ,тежеу арқылы бұрылу.Бұрылу кезінде әрдайым алға қарайды. Жүгіру кезінде қолдың қозғалысы доға бағытында



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет