195
ӘӨЖ 811.512.122`271/16:801.732
Кульжанова Аяулым Аскаровна
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ,
Көкшетау,
Қазақстан
ai_kz_01-10@mail.ru
Жахина Бәрия Бадыққызы
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, Көкшетау, Қазақстан
bzhaxina@mail.ru
НЕГІЗ СӨЗДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ: ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
НЕГІЗІ
Аннотация: Мақалада сөзжасам саласында жарыса қолданылып жүрген «Түбір»,
«Негізгі түбір», «Түбір сөз» терминдерінің біріздендірілуі, жүйелену мәселелері
қарастырылған. Қазақ тілі грамматикаларында сөздің түбірі және сөздің негізі деген
мәселелердің жігі ашылмай келді. Ғалым Н. Оралбаеваның «Негізгі сөз» терминін енгізу
керектігі туралы ұсынысы ғылыми еңбектерде негізге алынбай, ескерілмей келген. Осы
тұрғыдан келгенде, негізгі түбір» мен «негіз» деген терминдердің өзара айырым белгілерін
анықтау керек. Ғылыми еңбектерде берілген теориялық анықтамалардың өзі ғалымдардың
арасында дау тудыруда. Сөзжасам мәселесіне қатысты терминдерді тұрақтандыру
барысында «негіз» терминін қолдану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: