Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет26/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127
р, л, у, и 
әрiптерiнiң алдында 
ы 
әрпi жазылу-жазылмауы естiлуiнше: 
естiлсе жазылады, естiлмесе жазылмайтынын» мысалдармен дәйектеген: Ленiн, 
Лепсi; 
-
кісі есімдерінің екі не үш мүшелі жазылуы туралы сөз еткен, Мәселен, 
Ыдырыс Оразұлы не Нұрғали Сағызбайұлы Құлжан [15]. 
Қ.Жұбанов сакралды есімдердің қай кезең екендігінің белгісі және сөз 
позициясына қарай антропоним анықталушы қызметте екендігін атап көрсеткен 
[16]. 
С. Аманжолов этнонимдердің статистикасын, шығу төркінін, таралу 
ареалын зерттеп, мысалдар негізінде дәйектеген ірі еңбегін мұра етіп қалдырған 
[3]. 
Кесте – 1. Түркі онимдерінің зерттелу мәселесі 
Түркітанушы 
Оним түрі 
Зерттеу ерекшелігі 
М.Қашқари 
Этноним 
29 ру-тайпаның атауына фонетикалық 
талдау жасалып, этимологиясы ұсынылған. 
М.Қашқари 
Топоним 
тайпалардың таралу ареалына байланысты 
нұсқап, атаудың шығу төркіні анықталған. 
А.Байтұрсынұл 
ы 
антропоним 
күрделі жалқы есмідердің жазылуы, қазақ 
кісі есімдеріндегі –ов; -ев; -ин қосымшалары мен 
екі/үш мүшелі антропонимдері сөз болған. 
Қ.Жұбанов 
антропоним 
сакралды кісі есімдері (Зеңгі баба, Ұмай ана 
т.б.) жиі қолданысына қарай қай кезең 
екендігінен хабардар етсе, күрделі кісі 
есімдерінің синтаксистік ерекшелігі қазақ кісі 
есімдерін жасаудағы шеберлігі анықталған, 
топонимнен жасалған антропонимдерді 
қарастырған, мысалы, Еділбай. 
С.Аманжолов 
Этноним 
шығу тегі, таралу ареалы қарастырылған. 
Ғ.Қоңқашбаев 
Топоним 
жер-су 
атауларының 
этимологиясы 
зерттелген. 
Е.Қойшыбаев 
Топоним 
жер-су 
атауларының 
этимологиясы 
зерттелген. 
А.Әбдірақманов Этноним 
шығу тегі, таралу ареалы қарастырылған. 
Т.Жанұзақов 
антропоним 
кісі 
есімдерінің 
құрылымы, 
уәжі, 
бейонимдену үрдісі зерттелген. 


31 

Т.Жанұзақов 
топоним 
шығу тегі, таралу ареалы, түрлері 
қарастырылған. 

Т.Жанұзақов 
Этноним 
шығу тегі, таралу ареалы қарастырылған. 
ХІ ғасырдан бастау алған түркі топонимдерін зерттеу мәселесі қазірдің 
өзінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мысалы, М.Қашқари көтерген онимдерді 
қазіргі кезде диахрондық тұрғыдан зерттеу әлі де шешімін тапқан жоқ. 
М.Қашқари 29 этнонимннің атын атап, түсін түстеп, олардың таралу ареалын 
көрсеткенде, ел тұтастығы мәселесін көздесе, қазір біз осы уақытқа дейін 
Қазақстан топонимдерінің диахрондық даму 3D электронды картасын жасап 
шықпадық, аталған этнонимдер, олардың таралу ареалына байланысты 
топонимдер қазіргі Қазақстан жерінде қазіргі кезде қаншалықты сақталған деген 
мәселе де сырт қалып отыр. Топонимдерді сол М.Қашқари кезінен (мүмкін 
болса, одан да әріректен) бастап осы кезге дейін қалай өзгергенін көрсететін 
болсақ, еліміздің шекарасын тек шегелеп, нақтылай түсіп қана қоймай, сонымен 
бірге қазақ этнонимінің, мекендеген жерінің тарихы т.б. туралы молырақ ақпарат 
беретініміз анық. 
А.Байтұрсынұлы қарастырған қазақ кісі есімдеріндегі –ов; -ев; -ин 
қосымшалары мен екі/үш мүшелі антропонимдер мәселесі қазір де көтеріліп жүр. 
І ғасыр көлеміндегі уақытта біз аталған қосымшалардан арылып, ұлттық танымға 
сай анропонимдерді рәсімдеуге белгілі бір себептермен қол жеткізе алмай 
келеміз. Болашақта латын қарпі негізінде қазақ кісі есімдерінің ұлттық танымға 
сай рәсімделу ережесін жасағанда осы мәселені ескеруіміз әбден қажет және де 
бұл ұлттық ономастиканы қалыптастыруда өзекті мәселелердің бірі әрі өзегі. 
Қ.Жұбанов қозғаған күрделі кісі есімдерінің синтаксистік ерекшелігі мен 
қазақ кісі есімдерін жасаудағы шеберлігі мәселесі көптеген ономаст- 
ғалымдардың қызығушылығын тудырады. Әсіресе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет