193
әр түрлі «меннің» «біз» бірлігіне бірігуі ерлі-зайыптылардың бірін-бірі танудан
және түсінуден басталады. Әрине бұл некеге дейінгі кезеңде басталады. Жастар
некеге дейін бір-бірі туралы көп нәрсені біліп үлгерді, бірақ некеге дейінгі
«көп» бұл айсбергтің жоғарғы бөлігі ғана. Бір-бірін сүйгендер әдейі немесе
еріксіз түрде бір-біріне көбірек ұнау үшін жақсы жақтарын ғана көрсетеді. Ал
күнделікті бірігіп өмір сүру ерлі- зайыптылардың тек қана жақсы қасиеттерін
емес сонымен бірге негативті жақтарында көрсетеді.
Ерлі-зайыптыларға отбасының басшысы туралы сұрақты шешуге тура келеді.
Осы жерде отбасылық рөлдердің бөлінуінің үш типін бөліп көрсетуге болады:
авторитарлы; автономды – күйеуімен әйелі рөлдерді бөледі және бір- бірінің
әрекетіне араласпауға ұмтылады; демократикалық отбаслық рөлдер теңдей
бөлінеді [4].
Жас отбасының топтасуы ерлі-зайыптылардың сәйкестігіне байланысты.
Көбінесе оның негізінде
әлеуметтік позицияның, психологиялық және
антропологиялық процестер мен қасиеттердің сәйкес келуі жатыр деп
түсіндіреді.
Сонымен бір адамның басқа адамға сәйкестігі яғни олардың өмірге деген
көзқарастарының, құндылықтарының, бағдардың, қызығушылықтарының
үндесуі.
Ерлі-зайыптылық сәйкестіктің келесі негізгі түрлерін бөліп шығарады:
әлеуметтік, психологиялық, сексуалды және отбасылық-тұрмыстық.
Әлеуметтік сәйкестік – бұл дүниетанымның,
негізгі құндылық
бағыттылығының (идеалдар, сенімдер, қызығушылықтар) ұқсас болуы. Ол өзіне
өмірдің мәнін түсінуді, еңбекке, адамға, қоғамға, өзіне деген қатынасты қосады.
Әлеуметтік сәйкестікке білім деңгейі, қажеттіліктер құрылымы, тіпті адамның
кәсіби іс-әрекеті де әсер етеді. Әлеуметтік сәйкестік жоғарыда көрсетілген
компоненттер ұқсас болғанда жүзеге асады.
Әлеуметтік сәйкессіздік яғни ерлі- зайыптылардың көзқарастарының,
идеалдарының, өмірлік жоспарларының, құндылықтарының әр түрлі
болуы
отбасының құлауына алып келуі мүмкін. Психологиялық сәйкестікке
жұбайлардың мінезі, темпераменті жатады. Отбасылық-тұрмыстық сәйкестік бұл
отбасының өмір сүру стиліне, рөлдерді бөлуге деген көзқарастардың ұқсас
болуы. Сонымен сәйкестік түрлері өзара байланысты және бірін – бірі
толықтырып отырады [5].
Жас отбасының мәселелерін талдау барысында мамандар мынандай
қорытындыға келеді: неке құрған жігіттер мен қыздар бірлесіп өмір сүру
барысында кездесетін қиыншылықтарға толық дайын емес, ерлі-зайыптылық
кемелдену жеткілікті деңгейде дамымаған. М.Земска бойынша физикалық,
психикалық және әлеуметтік кемелдену түрлері бар.
Физикалық кемелдену
адамдарға ана және әке болуға мүмкіндік беретін, организмнің биологиялық
даму деңгейі. Осы кемелдену түрлерінің маңыздысы бұл психикалық және
әлеуметтік кемелдену болып табылады. Психикалық кемелдену бұл ақыл-ой
мен эмоционалдық деңгейдің дамуы, адамның басқалар үшін жауапкершілікті
алу қабілеттілігі. Психикалық кемелденудің көрсеткіші жетілген махаббат сезімі
болып табылады
[6
].
194
Отбасы- адамзат қоғамының шағын бейнесі.
Қоғамда отбасы екі қызмет
атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі- дүниеге келген сәбиді тәндік
жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,
оны
тұлға
ретінде
қалыптастыру.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың,
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.
Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің
береке-бірлігі, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы
қорғалуы тиіс
[7].
Мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастық шынайы болып,
қоғамдық сипат алмайынша оқу–тәрбие процесінде жоғары сапаға қол жеткізу,
ұрпақ тірбиесін оңалту мүмкін емес. Қазақстан Республикасындағы
педагогикалық ынтымақтастық негізінде тәрбиелік, дамытушылық міндетін
ойдағыдай атқарып жүрген үлгілі отбасылары мен мектептер аз емес. Ата-
аналармен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық
нәтижесінде талай ұрпақ
мектептен түлеп ұшып, өмірден өз орнын тауып келеді. Екі жаққа да үнемі қозғау
салып отыратын бұл процесс үздіксіз де мәңгілік. Ата-аналар еңбегі–өте ауыр
еңбек. Бұл еңбек барлық күш жігерді, адалдықты, адамгершілікті, мейірімділікті,
шыдамдылықты, ізденісті талап ететін еңбек екенін ата-аналары да, балалары да
түсінді
[8].
Айналаңа қорғандай бол-деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз
өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ал,
отбасындағы қарым-қатынас мәселесі баланы жалпы азаматтық құндылықтарды
түсінуге жетелейді, өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тынысын танытып,
талғамға, әдептілікке, жауапкершілікке баулиды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин:
«Жас уақытта көрген тәрбие, оқыған оқу тасқа жазған жазудай кетпейді» -деп
ата-ананың, отбасының бала тәрибесіндегі орнын атап көрсеткен болатын.
Ендеше тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы. Бала тәрбиесінің
алғашқы алтын
қазығы туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Достарыңызбен бөлісу: