Витаминотерапия: В1 В6 В12 Аскорбин қышқылы Рутин Антигистаминді препараттар
Сүйелдер (Verrucae).
Сүйелдер (Verrucae).
Сүйел - тері қабатына шығатын, көбінесе жұқпалы болып келетін мүйізді қабықтармен жабдықталған эпидермалық қатерсіз өскіндер.
1)Жай сүйелдеркөбінесе саусақтардың сыртқы жағында, кейде алақанда, табанның сыртқы жағында, бетінде, бастың шаш бөлігінде, еріннің қызыл жиегінде, ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады. Бұл тегіс емес, мүйізденген қабатпен жабылған, көлемі тары дәнінен ірі бұршаққа дейін сары-сұр түсті эпидермалық түйіншектер.
2)Жалпақ сүйелдержалпақ, тегіс, көтеріңкі, дөңгелек немесе көпбұрышты, көлемі түйреуіш басынан жасымыққа дейінгі эпидермалық түйіншектер, аз уақыттың ішінде көптеп шығып түзеліп саусақтардың, білезіктің сыртқы жағында, бетте орналасады. Түсі қалыпты терінің түсіндей, бірақ сары-қоңырлау, ал білезіктің сыртқы жағында – көгілдір болуы мүмкін.
2)Жалпақ сүйелдер жалпақ, тегіс, көтеріңкі, дөңгелек немесе көпбұрышты, көлемі түйреуіш басынан жасымыққа дейінгі эпидермалық түйіншектер, аз уақыттың ішінде көптеп шығып түзеліп саусақтардың, білезіктің сыртқы жағында, бетте орналасады. Түсі қалыпты терінің түсіндей, бірақ сары-қоңырлау, ал білезіктің сыртқы жағында – көгілдір болуы мүмкін.
3)Табан сүйелдері-көп қысылатын тері ошақтарында пайда болады. Олар сары түсті, көтеріңкі, көлемі орташа есеппен 10 тиынға сәйкес келетін тығыз мүйізденген құрылымдар. Сүйелдің ортасындағы мүйізденген масса жұмсақ, жеңіл боялады, қырып алғанда гипертрофиялық, тез қанағыш емізіктер ашылады. Табан сүйелдің басқаларынан айырмашылығы- жүрген кезде немесе аяқ киім киген кезде ауырады. Бұлардың саны әдетте үшеуден аспайды.
3)Табан сүйелдері -көп қысылатын тері ошақтарында пайда болады. Олар сары түсті, көтеріңкі, көлемі орташа есеппен 10 тиынға сәйкес келетін тығыз мүйізденген құрылымдар. Сүйелдің ортасындағы мүйізденген масса жұмсақ, жеңіл боялады, қырып алғанда гипертрофиялық, тез қанағыш емізіктер ашылады. Табан сүйелдің басқаларынан айырмашылығы- жүрген кезде немесе аяқ киім киген кезде ауырады. Бұлардың саны әдетте үшеуден аспайды.
4)Үшкір сүйелдер– бұл жіңішкелеу, емізікшелер ұзарып, түсті капуста тәрізді немесе әтеш айдарына ұқсас болады. Сүйелдің беткі қабаты ақжемделген ақ түсті, не болмаса ашық қызыл түстес және сәл қанталаған эрозиялы. Ең көп тараған және орналасқан жерлері жыныс мүшелері: еркектерде күпектің ішкі бетінде, әйелдерде сүт бездердің астында, қынаптың кіреберісінде, артқы тесіктің аймағында байқауға болады. Үшкір сүйелдер шоғырланбайды, бірнеше бөлімдерден тұрады, жұмсақ консистенциялы.