Шартқа конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.
Жеңімпаз шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, конкурстың жеңімпазы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жазбаша нысанда хабардар етеді.
Жеңімпаз шартқа қол қоймаса, онда жергілікті атқарушы органдар бас тарту келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды және оны жер комиссиясына жібереді
қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазы заңға сәйкес бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
Конкурс
конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Конкурсты өткізілмеді деп тану жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді, ол үш жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.