. Конкурстық ұсыныста: бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер; Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды деген сөздер жазылады.
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады.
Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының хатшысы жер комиссиясының мүшелеріне әрбір қатысушының атауын, оның өтінімінің және конкурстық ұсынысының мазмұнын жариялайды.
Өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі бойынша жер комиссиясының хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған жер комиссиясының төрағасы, оның мүшелері және хатшысы қол қояды.
Жер комиссиясы балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.
Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:
1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:
1) суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 5 балл;
70-тен 90-ға дейін – 10 балл;
90-нан 110-ға дейін – 15 балл;
110-нан жоғары – 20 балл;
2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 5 балл;
300-ден 400-ге дейін – 10 балл;
400-ден 500-ге дейін – 15 балл;
500-ден жоғары – 20 балл;
3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 5 балл;
10-нан 20-ға дейін – 10 балл;
20-дан 30-ға дейін – 15 балл;
30-дан жоғары – 20 балл.
Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Жер комиссиясының шешімі хаттамалық шешіммен рәсімделеді
Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне жер комиссиясының төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ жер комиссиясының хатшысы қорытынды шығарылған күні қол қояды
Хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, барлық өтінім берушілерге және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберіледі.
Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімінде мынадай:
ЖК хаттамалық шешімі екі жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі.
1) бас тарту себептері туралы уәжді жауап беріле отырып, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінен бас тартылған өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы;
2) өтінім берушіні жеңімпаз деп айқындау үшін негіз болған дәлелдер көрсетіле отырып, конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мақұлданған өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы ақпарат қамтылады.
хаттамалық шешім келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдайды.
шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының жобасы дайындалады және конкурстың жеңімпазы хабардар етіледі.