Эссенің рәсімделуі: Эссе мәтіні электронды түрде ұсынылады. Сызық көлемдері: сол жақ-3 см, оң жақ – 2 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль; азат жол (1,25см); жол арақашықтығы- бірқатарлы.
Эссе zhu.iliyastanu@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 27 қазанға дейін жіберілуі тиіс.
Жіберілген эсселер антиплагиат бағдарламасымен тексеріледі.
ЖОБА Жоба мәтіні мен презентация ұйымдастыру комитетінің поштасына 2022 жылдың 27 қазан айынан кешіктірмей жіберілуі тиіс.
Жоба мазмұнына қойылатын талаптар:
зерттеудің өзектілігі және ғылыми сұранысқа сәйкестігі;
тақырып мазмұнының ашылуы;
ізденіс жұмысының жаңалығы және теориялық, практикалық маңызы;
жобаның көлемі және безендірілуі, көрнекілігі.
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі. Мәтін компьютерде терілу керек. Сызық көлемдері: сол жақ-3 см, оң жақ – 2 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль; азат жол (1,25см); жол арақашықтығы- бірқатарлы;
Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек. Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек.
Кіріспеде жобаның жалпы сипаттамасы берілуі керек (тақырыптың өзектілігі, мақсат –міндеттері, теориялық‑практикалық маңызы мен жаңалығы).
Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар қамтылуы тиіс.