Клиникалық жағдай: Тыныс алумен жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы. 50 жастағы ер адам кенеттен көшеде есінен танып қалды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бірі- сіз болып шықтыңыз. Сіз науқасты өте ауыр жағдайда таптыңыз: естүссіз, тынысы және ұйқы артериясында пульс анықталмайды.
Науқаста болған жағдайды анықтаңыз.
Бұл жағдайдағы әрекеттер алгоритмі және оны кезеңімен көрсетіңіз.
Жүрек-өкпелік реанимация клиникалық жағдайының бағалау парағы. Конкурсанттың аты-жөні ____________________________________
№
Қадамдар
Әрекет алгоритмі
Орындалды
Жартылай орындалды
Орындал мады
1
Жағдайды бағалау
Өз қауіпсіздігіңізге көз жеткізіп, өзіңізді және зардапшегушіні қауіпсіздендіру қажет.
0.5
0,25
0
2
Пациенттің жағдайын бағалау
1. Есін бағалау Зардап шегушіні иығынан сілкіп, қаттыдауыстап: «Сіз мені естисіз бе? Есіміңіз кім?» (есінжимаған)
2. Тыныс алуды бағалау Науқаста тәуелсіз тыныс алудың болуын анықтау «көру, есту, сезіну»қағидалары арқылы жүзеге асырылады:
- кеуде қуысы қозғалысының болуын көзбен бақылау;
- науқастың аузынан тыныс алу дыбыстарын құлақпен тыңдау;
- дем шығарған ауаның қозғалысын ұртпен сезіну. (тыныс жоқ)