Конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата07.03.2023
өлшемі265,66 Kb.
#72345
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8


Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық 
олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми 
жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік 
конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды 
іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 
желтоқсандағы № 514 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде 2011 жылы 27 желтоқсанда № 7355 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 
м.а. 17.08.2022 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Заңының 5-бабы 29-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отыр:
1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық 
олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), 
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және 
спорттық жарыстардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық 
олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), 
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және 
спорттық жарыстардың тізбесіне іріктеу өлшемшарттары осы бұйрыққа 2-
қосымшаға сәйкес.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 
17.08.2022 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат 
құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке 
жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Б. Жұмағұлов


Қазақтан Республикасы
Білім және ғылым 
министрінің
2011 жылғы 7 
желтоқсандағы
№ 514 бұйрығына 1-
қосымша
Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту 
министрінің м.а. 17.08.2022 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет