Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.
3.1. білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады;
3.2. тәрбиешілердің, сынып тәрбиешілерінің, тәлімгердің және басқа да тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;
3.3. қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
3.4. тәрбие процесінің сапасына, үйірмелердің, ұзартылған күн топтарының жұмысына және мектептен тыс іс-шаралардың өткізілуіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады; айына кемінде 10-15 сабаққа және оқу сабақтарының басқа түрлеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларға, ұзартылған күн үйірмелері мен топтарының сабақтарына қатысады, олардың нысаны мен мазмұнын талдайды, талдау нәтижелерін педагогтердің назарына жеткізеді;
3.5. ата-аналар үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастырады, тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды;
3.6. педагогикалық қызметкерлерге инновациялық тәрбие бағдарламалары мен технологияларын меңгеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
3.7. мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірлесіп ұзартылған күн топтарының және тәрбие және мәдени-демалыс қызметінің басқа да түрлерінің сабақ кестесін жасайды; уақытша болмаған тәрбиешілер мен басқа да тікелей бағынышты педагогтарды уақтылы және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
3.8. белгіленген есеп беру құжаттамасының уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді, тәрбиешілермен, сынып тәрбиешілермен, аға тәлімгермен, басқа да педагогтармен ұзартылған күн топтарының журналдарын, сынып журналдарын, басқа да құжаттарды дұрыс және уақытылы жүргізуін бақылайды;
3.9. білім алушылардың ұжымдарына мәдени-ағарту және сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді;
3.10. мектептің жинақталуына қатысады, үйірмелер мен т. б. оқушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
3.11. мектеп оқушыларына арналған ережелер мен Жарғының сақталуын бақылайды;
3.12..педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына басшылық жасайды, өзінің біліктілігін арттырады;
3.13. тәрбие үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;
3.14. мектептің педагогикалық және басқа да қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуге және дайындауға қатысады;
3.15. кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, журналдармен және газеттермен толықтыру шараларын қолданады;
3.16. сынып жетекшілерінің, тәрбиешілерінің, басқа да тікелей бағынышты қызметкерлердің білім алушылардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді, тәрбие жұмыстарын, білім алушылардың ерікті қоғамдық пайдалы еңбегін еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте ұйымдастырады;
3.17. тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әкімшілік-қоғамдық бақылау жүргізуге, білім алатын қызметкерлермен болған жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады;
3.18. сынып жетекшілеріне, топ, үйірмелер, спорт секциялары, жорықтар, экскурсиялар, еңбек бірлестіктері, қоғамдық пайдалы, өндірістік еңбек және т. б. басшыларына, оның ішінде білім алушылардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету, жарақаттанудың және басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
3.19. тиісті құжаттаманы ресімдей отырып, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша тікелей бағынышты қызметкерлерге нұсқау береді; мектеп үйірмелеріне арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жасайды;
3.20. білім беру мекемесінен тыс білім алушылармен тәрбиелік іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды, ережелерді сақтауды бақылайды және орындау бойынша шаралар қабылдайды;
3.21. білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жарақаттанудың, жол-көлік оқиғаларының, көшеде, суда және т.б.болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; ата-аналарды білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге тартуды ұйымдастырады, тәрбие берудің кешенді жүйесін құруға жәрдемдеседі;
3.22..мектептен тыс тәрбие бойынша бірлескен қызмет үшін мектептің балаларға қосымша білім беру мекемелерімен, басқа да ұйымдармен байланысын орнатады және қолдайды;
3.23..педагогтың қоғамдық жағдайына сәйкес мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда этикалық мінез-құлық нормаларын сақтайды;
3.24. мерзімді тегін медициналық тексеруден өтеді;
3.25. ЖҚЕ жұмысына жауап береді;
3.26. сынып жетекшілерінің ӘБ жұмысына басшылық жасайды.
3.27. мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына жауап береді;
3.28. мұғалімдер мен оқушылардың мектеп бойынша (мектептің кіре берісі, шешіну бөлмесінде, қосымша салыған кешенде, асханада) кезекшілігіне жауап береді;
3.29. кітапхана жұмысына жауап береді;
3.30. аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуына құжаттар қабылдау және жолдама беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауап береді;
3.31. мектеп спорт стадионында жұмысты ұйымдастыруға жауап береді;
3.32. оқушыларды еңбекке, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауап береді;
3.33. деструктивті мінез-құлықты балалардың, мектептің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің жұмысына жауап береді;
3.34. мектеп жанындағы учаскеде ағымдағы жылдың шілде айының ортасынан 1 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру мен жұмысқа жауап береді;
3.35. оқу жылы ішінде тәрбие жоспарын және оның мониторингін уақытылы орналастыруға жауап береді;
3.36. әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар бойынша ақпаратты БАҚ-та, білім беру бөлімінің сайтында және мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде(Instagram, Facebook) уақытылы орналастыруға жауап береді;
3.37. мектепте "Мектепке жол"республикалық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге жауап береді;
3.38. қысқы қар қалашықтары қалалық байқауына қатысу және ұйымдастыру бойынша жұмысқа жауап береді;
3.39. ҰБМБ базасын толтыру бойынша мектеп жұмысын үйлестіруге жауап береді;
3.40. мектепке демеушілік қаражатты тарту бойынша жұмысқа жауап береді;
3.41. мектептің "Ашық бюджет" пилоттық жобасында өз бағыттары бойынша айдарға жауап береді»;
3.42. директор орынбасары жанындағы, директор жанындағы кеңестер бойынша, өзінің бағыттары бойынша педкеңеске ақпарат дайындайды және осы іс-шаралар басталғанға дейін 1 күн бұрын мектеп директорына танысу үшін ұсынады.
3.43. мектеп жанындағы лагерь жұмысын ұйымдастыруға жауап береді.
3.44. Мектеп психологының, әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыруға жауап береді;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркелді.