Конрад Аденауэр атындағы Қор


Ұлттық деңгейдегі еңбек көші-қоны саласындағы саясат



Pdf көрінісі
бет144/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

3.3. Ұлттық деңгейдегі еңбек көші-қоны саласындағы саясат
ЕАЭО-ғы мүше мемлекеттер арасындағы еңбек көші-қоны мәселелері 
ЕАЭО-ның айрықша құзыретіне айналды және тек қана шектеулі сұрақтар 
бойынша (оқу құжаттарын, заңдық, медициналық немесе фармацевтика-
лық қызметті тану) ұлттық деңгейде көші-қон саясатына қатысты рұқсат 
етіледі және үшінші елдерден еңбек көші-қоны жағдайында еңбек нарығын 
қорғау шаралары қолданылады.
Қазақстанның ішкі еңбек нарығын қорғау шаралары «Халықтың көші-
қоны туралы» 
 
2011 жылғы 22 шілдедегі Заңында, «Халықты жұмыспен 
қамту туралы» 2016 жылғы 
 
6 сәуірдегі Заңында, Қазақстан Республи-
касының 2017–2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымда-
масында, шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу мен аймақтарға 
бөлу ережесінде белгіленеді.
Халықтың көші-қоны туралы заңы 
26
 еңбек қызметін жүзеге асыру мақса-
тында келетін көшіп келушілерді мынадай санаттарға бөледі:
1) шетелдік жұмысшы мигранттар:
•  экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет 
түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа 
орналасу үшін келген;
•  Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру 
үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік 
ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;
2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп 
келушілер;
3) маусымдық шетелдік қызметкерлер – климат немесе өзге де табиғат
26
 «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі 
№ 477-IV Заңы.


279
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу: проблемалары және шешімдер
жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің 
(маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін 
жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың 
негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмы-
старды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республика-
сына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.
Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы Қазақстан Республика-
сының Үкіметі белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органдар 
беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. Бұл – көшіп-қонушылар-
дың бірінші және үшінші санаттарына қолданылатын негізгі құрал.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – шетелдік жұмыс күшінің 
ең жоғарғы мөлшері, ол жұмыс берушінің Қазақстанда еңбек қызметін 
жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің пайыздық 
үлесі ретінде белгіленеді және мыналарды қамтиды:
1.  экономикалық қызметке шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота;
2.  еңбек мигранттарын тарту квотасы (яғни, үй шаруашылығында 
жұмыс істеу үшін);
3.  еңбек миграциясы және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау 
саласындағы ынтымақтастық туралы ратификацияланған халықара-
лық келісімдер болған кезде шыққан елдердің шетелдік жұмыс күшін 
тартуға квота.
Мысалы, 2017 жылға қарай үкімет квоталардың екі түрін белгіледі 
27
:
•  экономикалық қызметтің 19 түрі бойынша жұмыс күшінің 0,6% немесе 
сандық түрде – 53 992 адам, жұмысқа қабілетті жастардың 2,5%-ы 
(2 182 700 адам) көлеміндегі квота. Ең көбі құрылыс саласы – 0,28% 
немесе 25 196 адам.
27
 «Қазақстан Республикасындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және 
оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу туралы ережені бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысы, 
«Ішкі корпоративтік трансферт жүргізілетін экономиканың секторларының тізбесін 
айқындау және оның жұмысына арналған адамдар жергілікті атқарушы органдардың 


280
Қазақстан экономикасының трансформациясы
•  жұмыс күшінің 4,2% -ын немесе 377 949 адамды еңбек мигрантта-
рын тарту квотасы.
Осылайша, 2017 жылы 431 941 адам жұмысқа рұқсат етілді (жұмыс күшінің 
шамамен 5%). Бұл еңбекке қабілетті жастардың 20%-ын құрайды.
2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар-
дың рұқсатымен Қазақстанда 28 842 шетелдік азамат еңбек қызметін 
жүзеге асырды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны – 
3786 адам, олар 489 906 қазақстандықты жұмыспен қамтыды, бұл жұмыс-
шылардың жалпы санының 94,3%-ын құрайды.
Үшінші және төртінші санаттарда шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі – 
70% немесе 
 
20 мың адам.
Осыған байланысты шетелдік жұмыс күшін тартуға мүмкіндік беретін эко-
номикалық қызметтің 19 түрін талдауға тура келеді, ал білім беру тапсы-
рысын қалыптастыру кезінде шетелдіктер көп тартылатын секторларды 
да ескеру керек. Мысалы, 2017 жылы құрылыс индустриясына 25 мың 
шетелдіктер тартылған. Осылайша, бұл сала отандық кадрларды жұмысқа 
тарту тұрғысынан ең аз көрсеткішке ие болып отыр.
Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдерінен, жергілікті атқарушы орган-
дардан және еңбек инспекциясынан, облыстық Кәсіпкерлер палатасынан 
және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінен тұратын комиссия шетелдік 
жұмыс күшін тартуға квоталарды қалыптастыру туралы мәселені қарайды.
Азаматтар үшін өте маңызды кепілдік – жұмыс берушілердің өз еліндегі 
еңбек ресурстарын пайдалану, соның ішінде жұмыссыз азаматтарды, 
өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды тарту және мамандардың білімін 
жетілдіру, дағдыларын дамыту немесе қайта даярлау арқылы еңбек ресур-
старына деген қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіндіктері болса, Комис-
сия жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттіліктерін 
толық немесе ішінара жоққа шығара алады.
Шектеулерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті 
атқарушы органдардан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатын талап 
етпейтін адамдардың тізімі белгіленеді. Мұндай адамдар:
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күшін жойды деп тану».


281
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу: проблемалары және шешімдер
1.  оралмандар
28
;
2.  бизнес-көшіп келушілер;
3.  Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамның 
кәмелет жасына жеткен жұбайы (зайыбы) және Қазақстан Респуб-
ликасы заңнамасында танылғандай кемінде үш жыл некеде тұрып, 
отбасын біріктіру мақсатында елге келушілер;
4.  күндізгі бөлімде оқитын және сонымен қатар Қазақстанның оқу 
орындарында бос уақытында жұмыс істейтіндер;
5.  халықаралық шарттарға сәйкес, халықаралық интеграцияланған оқу 
бағдарламаларын 25%-дан аспайтын, бірақ штаттан 50%-дан аспай-
тын жүзеге асыруға арналған ұйымдық-оқытушылық қызмет етушілер.
Осылайша, біз келесі қорытындыларды шығара аламыз:
1.  Қазақстан Республикасының заңнамасында шетелдік жұмыс күшінің 
квоталары және еңбек мигранттарына рұқсат беру арқылы еңбек 
нарығын қорғау үшін жеткілікті шаралар бар. Шетелдік жұмыс күшін 
пайдаланудың тиімділігі елдегі жұмыссыздықтың динамикасына тіке-
лей әсер етеді, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту. Сондықтан 
бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда 
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды қалыптастыру 
бойынша Комиссияны жариялау, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды 
тарту қажет;
2.  комиссиялық қарау жергілікті атқарушы органдармен жұмыс 
берушілердің қажеттіліктерін қалыптастыру сатысында ғана жүзеге 
асырылады. Сонымен бірге, Үкімет тарапынан квоталарды белгілеу 
және олардың өңірлер арасында бөлу мәселелері бірдей маңызды 
рөл атқарады. Осыған орай, шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 
белгілеудің жариялылығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақса-
тында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанын-
дағы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған комиссияларды қалып-
тастыруды қамтамасыз ету қажет.
28
 Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына кел-
ген және тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның 
шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы 
егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ 
балалары (Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 1-бабы).


282
Қазақстан экономикасының трансформациясы
3.  шетелдік жұмыс күшінің квоталарын талдау негізінде тиісті кадрларды 
даярлау мақсатында дуальды оқытуға арналған мамандықтарды іріктеу 
кезінде дуальдық оқытуға импорт алмастыру әдісі қолданылуы мүмкін.
Құқықтық еңбек нарығын үш деңгейде және үш бағытта зерттеу келесі 
қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерінің теңгерімін 
қамтамасыз етуге бағытталған еңбек заңнамасын жетілдіруді жалғастыру, 
жалдамалы жұмысты реттеу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Екінші, Қазақстан ратификациялаған еңбек туралы конвенцияны жүзеге 
асыру еңбек қатынастары мен еңбек көші-қоны саласында БҰҰ мен ХЕҰ 
халықаралық конвенцияларын ратификациялау мүмкіндігін қайта қарауды 
қажет етеді.
Үшінші, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік органдардың ведом-
ствоаралық үйлестіруін және өзара іс-қимылын қосымша құралдармен 
күшейту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында кәсіптік 
қоғамдастықты қалыптастыруды қолдау қажеттілігін ескере отырып, Нәти-
желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 
жылдарға арналған бағдарламасына түзету енгізу қажет.
Төртінші, ЕАЭО-ның бірыңғай еңбек нарығы ТМД аумағындағы келісілген 
көші-қон саясатымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығы үшін маңызды 
мәселе болып табылады және тиісінше, отандық жұмысшылардың бәсе-
кеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік күш-жігерді жұмыл-
дыруды талап етеді.
Бесінші, шетелдік жұмыс күшін тартудың көрсеткіштеріне негізделген 
халықты дуальды оқыту үшін мамандықтарды таңдауға қатысты импорт 
алмастыру әдісін қолдану ұсынылады.
Алтыншы, Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы 
ұлттық еңбек есебін дайындау және жариялау, оның ішінде жұмыспен қам-
тудың негізгі көрсеткіштері мен еңбек статистикасы, жұмыс жасындағы 
халықтың құрамы, жеке және ұжымдық еңбек қатынастарының жай-күйі 
туралы ақпарат, еңбек туралы заңнаманы сақтау туралы ақпарат қажет.


283
Экономиканы жаңғырту және қазақстандық қоғамды топтастыру факторы ретіндегі  
жаңа орта тап проблемасына әлеуметтанулық көзқарас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет