Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет20/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Конспект №3


Тақырыбы:Математиканың оқу пəні ретіндегі мазмұндық - процессуалдық сипаттамасы


Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны, оқыту сыныбына сәйкес пәндік білім, білік, дағдыға қойылатын талаптар.

  2. Математикалық тілдің негізін меңгеру және анализ, синтез, жіктеу, салыстыру арқылы себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды орнату.

  3. Математикалық білім берудің міндеттері.

  4. Диалогта оқыту, сыни, логикалық, креативті ойлауды дамыту, АКТ

қолдану, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу негізінде бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Пәнішілік және пәнаралық интеграция.

  1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің қазіргі педагогикалық технологиялары.



1.1Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар.


  1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет – ғұрпы мен дәстүрі, республикалық аймақтық ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім

мазмұнының кемшіліктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына сүйене отырып, білім мазмұнын анықтау.

  1. Оқушылар меңгеруі тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі міндетті білік пен дағдылардың түрлері мен деңгейінің алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған

мөлшерден және деңгейден кем болмауы.

  1. Бастауыш буынның соңына қарай оқушылардың білім , білік, дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буынның алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде

жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

  1. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді

қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру,
дамыта түсу.

  1. Қарастырылатын объектілерді іріктеп алу және оларды

топтастыру, қарстыру ретін анықтау, материалды шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының сыныпаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет