Тарихи мәліметтер. Сүзек-парасүзек тобының аурулары өте ерте заманнан бері белгілі. Бұл аурудың клиникалық ағымын жазған Гиппократ (460-377 ж. б.э.д.) екені де мәлім. Іш сүзегінің қоздырғышын - Salmonella typhi 1874 жылы Бронич ашты. Іш сүзегінің клиникасын нақтырақ жазғандар; С.П.Боткин, Б.Я.Падалка, А.Ф.Билибин және т.б. Іш сүзегі XIX ғас.- XX ғас.басында әлемнің барлық еліне таралған ауыр жұқпалы ауру болып табылған, әсіресе қалалық жерлерде, адамның тығыз шоғырлануына байланысты және де тазалықтың дұрыс сақталмауы салдарынан пайда болған.