Конспект жазып, Ө. Тұрманжановтың бір шығармасына сөзжұмбақ құрастырыңыз



бет4/7
Дата07.01.2022
өлшемі53,09 Kb.
#19591
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
2. Ө.Тұрманжанов. Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты жерде, Бөген өзенінің бойында 1905 жылы өмірге келді. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетіне келу жайын былай баян етеді: «Мен балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастадым. Балаларға арнап жазған тырнақалды кітапшам «Қарлығаш». Ол 1930 жылы Алматыда басылып шықты. Онан соң сол жылдары «Құрыш құс», «Карл» деген кітаптарым да басылып шықты. ...жазғандарымның дені балалар мен жасөспірімдерге арналған».

Әдебиеттанушы Қ.Ергөбек Ө.Тұрманжановтың балалар әдебиетімен айналысуына себеп болған екінші жайтты да атап көрсетеді. Ол бұған КСРО Жазушыларының 1934 жылы болған бірінші съезінің себеп болғанын айтады. Съезде назар аударылған мәселелердің бірі балалар әдебиеті болды. Бұл съезге қатысқан І.Жансүгіров елге оралысымен, қазақ балалар әдебиеті мәселелерін қолға алады. Өзге әріптестерін әдебиеттің осы саласына жұмылдырады. «Жалпы осы жылдары баланы болашақ тұтқан бірсыпыра қаламгер балалар әдебиетіне бетбұрыс жасады. Содан да отызыншы жылдары қазақ балалар әдебиеті қаламгерлерінің қатары толығып, недәуір еңсе көтеріп қалды. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиетіне біржола бет бұрып, тұрақты машықтануына әсер еткен екінші фактор осы» - дейді(4:56) ғалым Қ.Ергөбек.

Сөйтіп ақын балаларды болашақ тұтып, өзінің бар дарын-қуатын бүлдіршіндерге арнады. Ө.Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты жерде, Бөген өзенінің бойында өмірге келді. Ресми құжаттарда ақын 1905 жылы туған деп көрсетіледі. «Таң өлеңдері»(1925), «Қошан кедей»(1927), «Карл»(1934), «Пулемет»(1933), «Құрыш құс»(1932), «Таң сыры»(1929), «Еңбек және мектеп»(1930), «Қарлығаш»(1931) секілді кітаптары жарық көреді. Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған екен. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды.

Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». 1930 жылы басылып шықты. Кейін «Құрыш құс», «Карл» кітаптары шықты. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетімен үздіксіз шұғылданды. Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды. Ақын өлеңдерінің тақырыптары сан тарапты. Ө.Тұрманжановтың бүлдіршіндерге арнаған өлең-жырларынан сәбиге тән бала тілін, оқушыға тән асқақ сезімді, романтизмді, лиризмді оңай аңғарамыз. «Ән салайық» айналып өлеңінде Балалар-ау, балалар!Бойларыңа қарап ал.Беттеріңді жуып ал, Белдеріңді буып ал.Бастарыңды құрап ал,Тізбектеліп тұра қал.Жұрт тыңдасын тамсанып,Би билейік, ән салып- деп балаларды көңіл көтеруге шақырады. Бұл ретте ақын өлеңдері І.Жансүгіровтің «Ой, балалар, балалар» деп басталатын «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерін еске түсіреді. Өтебай ақын «Балқаш көлге барайық» деп аталатын тағы бір өлеңінде балаларға Балалар-ау, балалар!Қатар басып, барабар«Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған»Балқаш көлге барайық.деп тілек білдіреді.

Ө.Тұрманжанов - Ы,Алтынсарин, С.Көбеев, С.Дөнентаев секілді ағартушы ақындардың дәстүрін жалғастырушы. Ақын өз ұстаз ағалары сияқты балаларды өнер-білім үйренуге шақырады. Ө.Тұрманжановтың дидактикалық өлеңдері құрғақ ақыл айтумен шектелмейді. Ойын суретке жалғайды. Кейде белгілі бір оқиға, көріністі суреттей бастап, ойын ақылмен түйеді. Осының бәрі табиғи өріліп, өзара әдемі жымдасып жатыр. Ақынның ақыл айтқан қай өлеңі болсын, қимыл-қозғалысқа, бояуға толы динамикалы өлең болып келеді.

Ө.Тұрманжанов бірде табиғаттың көркемдігін балғын бөбекке қалпынша Жақсылық, қайырымдылық, достық - Өтебай ақынның балаларға арнаған бар өлең-жырының күретамыры, лейтмотиві. Қарапайым апорт алмасын суреттеген ақын «Тәтті алма» өлеңінде мынадай ой айтады: Бір апортқа нысапты Екі бала тояды.Тату қылып тәтті алма, Табыстырып қояды. Бұл өлеңде «өле жегенше, бөле же!» деген ой бар. «Көбелектерді сйладым» өлеңінде лирикалық кейіпкер аулаға гүл егіп, көріктендіреді. Гүлді көріп көбелек ұшып келеді. Осы сәтті ақын былай суреттейді: Гүл өсіріп, қуантып, Көбелектерді сыйладым. Жаз сұлуын мұңайтып, Сыйламауға қимадым.

Ө.Тұрманжановтың әдеби мұрасы балалар әдебиетіндегі фольклор мен кеңестік кезең арасын жалғап жатқан алтын көпір іспеттес. Ол ауыз әдебиеті асыл қайнарынан үйреніп өсті. Фольклорлық тақырып, желі, сюжетті пайдалану, ауыз әдебиетін шығармашылық күшті қуатпен меңгеру - Ө.Тұрманжанов әдеби мұрасының басты ерекшелігі. Балаларға арнап шығарма жазу Ө.Тұрманжановты халық творчествосымен бұрынғыдан гөрі жақындастыра түсті.

Тақпақ. Ақында төрт түліктен өрілген әлденеше өлең бар. Мәселен, «Шұбар лақ», «Ақ бұзау мен көк лақ», «Қозы, қозы, қозылар», «Текешік», «Мысық тілеуі неге жаман? Күшік тілеуі неге жақсы?», «Төрт түлікті қалай шақырады?», «Қой мен ешкінің қағысуы», «Қарағай мүйіз қара ешкі», «Жүйткі, жүйткі, жүйрігім», «Нартайлақ», «Екі қодық», «Жан-жануардың баласын сүюі», «Ақ мүйізді ақ қошқар», «Төрт түліктің төлдерін сүюі», «Қошақан», «Ешкім, ешкім, егіз тап», «Ешкі деген жануар», «Ақ ешкіні баптап бақ» секілді өлеңдер - бірыңғай төрт түліктің қадір-қасиетіне құрылған тұрмыстық-этнографиялық туындылар. Ө.Тұрманжановтың бұл саладағы өлеңдерінің өзіндік бірсыпыра ерекшеліктері бар. Біріншіден, ақын қандай хайуанат хақында қалам тартса да, халықтың мінездеуі тұрғысынан қарайды. Демек, ақын өлеңінде сол хайуанат жайлы халықтық түсінік қоса тіріліп отырады. Екіншіден, хайуанаттарды бала кейіпкермен қарым-қатынаста алып бейнелейді. Үшіншіден, ақын хайуанаттар хақында өлең жазғанда, оларды жеке қызықтамай, оқушысын ойландырарлық ой түйіндейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет