Конспектісі «Экология»


Қазіргі заманғы жаһандық экологиялық мәселелер



бет44/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

8.3 Қазіргі заманғы жаһандық экологиялық мәселелер
«Жаһандық мәселелер» түсінігі 60-шы жылдардың аяғында таралды. Жалпы адамзаттық сипаттағы мәселелер жаһандық болып табылады. Олар әрбір ұлттың және жекелеп алғанда, әрбір адамның мүдделерін қозғайтын, олардың шешімдері тек бірлескен жағдайда болады; оның шешімдерінің қай бағытта жүзеге асатынына (немесе, аспайтынына) қарай, барлық адамзаттың тағдыры шешіледі. Сонымен, бұл мәселелер өмірдің әлеуметтік және экологиялық жақтарының сабақтастығын бейнелейді.
8.3.1 Климаттың өзгеруі. XX ғасырдың ортасында басталған климаттың кенет жылуы елеулі фактор болып табылады. Жердің беткі қабатындағы ауаның температурасы бірінші халықаралық геофизикалық жыл өткізілген 1956-1957 жылдармен салыстырғанда 0,7°С-ға артқан. Экваторда жылу орын алмаған, бірақ полюске жақындаған сайын байқала түседі. Поляр шеңберінде 2°С-қа жетеді. Солтүстік полюстен мұз астындағы су 1°С-ға жылыды және мұз жабыны астынан ери бастады.
Бұл құбылыстың себебі неде? Кейбір ғалымдар мұны- органикалық отынның көп мөлшерде жағылуының және атмосфераға үлкен көлемде жер бетінен жылудың қайтарылуын қиындататын булық көмірқышқыл газының бөлінуінің нәтижесі деп есептеледі.
Сонымен жылыжай әсері деген не? Сағат сайын атмосфераға көмірді, мұнайды, отын және табиғи газды жағу нәтижесінде миллиардтаған тонна көмірқышқыл газы бөлінеді. Азияның күріш алқаптарынан су буы көптеп бөлінеді. Фторкөмірқышқыл газ өңдеу нәтижесінде атмосфераға миллиондаған тонна метан бөлінеді. Бұлар – «булы газдар». Жылыжайдағыдай шыны шатыр және қабырғалар күн радиациясын өткізеді, бірақ, жылудың шығуына жол бермейді. Сол секілді көмірқышқыл газы және басқада «булы газдар» іс жүзіндекүн сәулесі үшін мөлдір, бірақ жердің ұзақтолқынды сәулеленуін ұстап тұрады, оның ғарышқа шығуына мүмкіндік бермейді. Болашақта (2030-2050 жж.) температураның 1,5-4,5°С-ға жоғарылауы мүмкіндігін болжайды. Мұндай шешімге 1988 жылы Австриядағы халықаралық климатологтардың конференциясында келген. Климаттың жылуымен байланысты бірқатар сұрақтар туындайды. Оның одан әрі дамуының болашағы қандай? Жылыну мұхиттардың булануының жоғарылауына және ол жауын-шашын мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жауын-шашын жер бетінде қалай таралады?
Бұл сұрақтардың барлығына нақты жауап беруге болады. Бірақ бұл үшін түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет