Конспектісі ele 2216 «Электротехника» пәні tk 07 «Технологиялық қамтамасыз ету»



бет12/13
Дата18.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#117935
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Электротех лекции каз для неэлктр спец

Идеал индуктивті элементі бар тізбек . Индуктивтік элемент уақытқа байланысты магнит ағынының өзгерісінен э.қ.к.-тің туу құбылысын және нақты электр тізбегінің элементінде магнит өрісінің энергиясының жинақталу құбылысын есептеуге мүмкіндік береді. Индуктивті орамамен айнымалы ток жүрген кезде оның бойында бағыты сол токқа қарама- қарсы өзіндік э.қ.к. eL пайда болады. Оны берілген кернеу теңгереді:
u = -eL,
мұндағы eL= - L .
Бұдан uL= L . Егер ток синусоидалы болса i=Imsin ω t, онда
uL = L = Im ω Lcos ω t = Umsin(ω t+90o), мұндағы
Um=Im* ω L=Im xL, ал xL= ω L индуктивті кедергі деп аталады.
Фазалық ығысу φ = φ u - φ i =90o ,
яғни векторлық диаграммада кернеудің U
векторы токтың I векторы фаза бойынша
90о-қа озады.

Лездік қуат: p = iu = Im sin ω t Umcos ω t = (sin2ωt) UmIm/2, яғни оның екі еселенген жиілікпен өзгеретіндігін көреміз


Оның амплитудасын QL
реактивті индуктивті қуат деп атайды.
QL =
Өлшем бірлігі - вольтампер реактивтік [ВАр]. Периодтың бірінші ширегінде индуктивті элемент электр желісінен энергия алып, оны магнит өрісінің энергиясына айналдырады да, бойына жинайды. Екінші ширекте лездік қуаттың таңбасы теріс, яғни индуктивті элемент бойына жинақтаған магнит энергиясын электр энергиясына түрлендіріп, электр желісіне қайтарылады. Үшінші ширекте индуктивті элемент электр желісінен энергия алады да, төртінші ширекте сол энергияны қайтарады. Период ішіндегі орташа қуат нөлге тең( P=0). Сонымен индуктивті элементте электр энергиясының магнит энергиясына, магнит энергиясының электр энергиясына айналу құбылысы алма кезек жүріп жатады
Идеал сыйымдылық элементі бар тізбек. Егер сыйымдылық элементке синусоидалы кернеу u = Umsin ω t берілген болса, ондағы заряд та синусоидалы заңдылықпен өзгереді:
q =Cu= СUmsin ω t.
Сыйымдылық элементпен жүретін ток
i = dq/dt = C .
Бұдан Im= UmCω = = Um/xc ,
мұндағы xC= сиымдылық кедергі.
Т октың әрекеттік мәні I= Uc/xc.
Фазалық ығысу φ = φ u - φ i =0-90o= -90o,
яғни векторлық диаграммада сыйымдылық
элементпен жүретін токтың I векторы кернеудің
U векторынан фаза бойынша 90о-қа озады

Лездік қуат: p = i u = Imsin(ω t+90o)Umsin ω t = (sin2 ω t) , яғни ол екі еселенген жиілікпен өзгереді Оның амплитудасын реактивті сыйымдылық қуат Qс деп атайды.


Qс = ; өлшем бірлігі- [ВАр]
Конденсатор периодтың бірінші және үшінші ширектерде қоректендіргіштен энергия алып, бойына жинайды( яғни зарядталады ). Ал екінші және төртінші ширектерде бойына жинаған энергияны электр желісіне қайтарып береді . Сонымен конденсаторда энергия алмасу құбылыстары жүріп жатады. Период ішіндегі орташа қуат, яғни активті қуат нөлге тең (Р= 0).


Негізгі әдебиеттер:



  1. Туғанбаев Ы. Т. Электротехниканың теориялық негіздірі: Оқулық. /Ы. Т. Туғанбаев Алматы: Экономика. 2012. 500 б.

  2. Ахметбаев Д.С. Электр техниканың теориялық негіздері : оқулық электроэнергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына арналған, докторанттар мен инженер-техник мамандар үшін де пайдалы / Д. С. Ахметбаев ; Алматы энергетика және байланыс университеті. - Алматы : ЖШС "Лантар Трейд", 2019. - 329 б.

  3. Есимханов, С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері (Айнымалы тоқтың электр тізбектері) [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / С. Б. Есимханов, 2014. - 64 б.

  4. Алимгазинова Н.Ш., Манапбаева А .Б. Электр техниканың теориялық негіздері: бaкaлaвриaт мaмaндықтaрының студенттеріне aрнaлғaн, ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 2017- 228б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Блохин, А. В. Б70 Электротехника : учебное пособие / А. В. Блохин. – 2-е изд., испр. – Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2014. – 184 с.

  2. Электротехника и электроника: краткий курс лекций / Сост.: О.Н. Чурляева // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016. – 86с.

  3. Макенова Н.А. Решебник по электротехнике: учебное пособие / Н.А. Макенова Хохлова Т.Е., Томский политехнический университет.-Томск. Из-во ТПУ,2015-165с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет