ҚР Президенті-мемлекеттің басшысы,елдің жоғары лауазымды тұлғасы.
4.Конституция туралы толық мағұлмат беру.
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.Мемлекетіміздің құрылымын нығайтып,біздің міндеттеріміз бен құқықтарымызды айқындап берді.Гуманизм,әділеттілік,өзара қарым-қатынас принциптерін белгіледі.
ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.
Қазақстан халықтары Ассамблиясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді.Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарын отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдауын (30 тамыз) еліміздің негізгі Ата Заңы Коснтитуция мемлекетімізге, оның органдары мен ұйымдарына, бүкіл республика жұртылығын қызмет етуін атап өтуге тұрарлық алғашық бір мерейлі мәжілісіне де жетті.
Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
бөлім: Жалпы ережелер;
бөлім: Адам және адамзат;
бөлім:Президент;
бөлім:Парламент;
бөлім:Үкімет;
бөлім:Конституциялық кеңес;
бөлім:Соттар және сот төрелігі;
бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.
Енді, студенттер, Конституция ережелері мен баптары туралы өз ойларынды ортаға салындар.
1-бап.Қазақстан Республикасының демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін айтылған.
2-бап.Қазақстан Респуликасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі айтылған және мемлекетке сырттан қол сұғылмауы қамтамасыз етілген.
3-бап.Мемлекеттік билік халықтың қолында, оны халық сайлау арқылы жүзеге асыра алады делінген. Ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.
«Тіл туралы диалог» (Мұқағали ізімен)
10-бап.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,ол қандай негізінде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады делінген.Ал оны ешкімнің айыруға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
12-бап.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды.Осыған орай әр азамат өз міндеттерін атқара алады.
14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |