Лайбек Жансұлу 206 топ Пфия
ҚР Конститутциялық құқығының қағидалары
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы. Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы,әкімшілік құқық, азаматтық құқық,қылмыстық құқық,қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін; мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін; адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.
Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық құқықтық нормалар:
-Реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәнімен байланысты өзінің мазмұнымен;
-Баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда-мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
-Құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді;
Әдетте, конституциялық құқық нормасының құрылымында гипотеза (норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі) және диспозиция (құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөліг) болады. Санкция оның бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде коституциялық-құқық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездеседі. Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады. Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды ҚР Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдап болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; Президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі.