3
Алғы сөз
Оқу құралында материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің
арасындағы байланысты кӛрсететін материалтану ғылымының негіздері,
ӛндірісте жиі қолданылатын металдарды ӛндіру технологиялары,
конструкциялық материалдарды термиялық ӛңдеудің түрлері және негізгі
конструкциялық материалдарды құю арқылы, қысыммен, пісірумен ӛңдеу
технологиялары туралы мәліметтер берілген. Оқу құралы жоғары оқу
орындарының техникалық, технологиялық мамандықтарына арналған.
Қазіргі заманда мемлекетіміздің экономикасын дамытудың бірден-
бір жолы оның ӛнім ӛндіретін салаларын жағары деңгейде
механикаландыру мен автоматтандыру болып табылады. Ал оны іске
асыру үшін, ауыл шаруашылығы мен ӛндіріске білікті инженерлік-
техникалық мамандар даярлау қажет. Сондықтан соңғы кезде
республикамызда инженерлік-техникалық мамандарды даярлау кӛп кӛңіл
бӛлінуде.
«Конструкциялық
материалдар және термоӛңдеу» басқа жалпы
техникалық пәндермен бірге болашақ мамандардың инженерлік
даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар ол болашақ
мамандардың арнайы білімдерін қалыптастыратын басқа да базалық және
кәсіптік пәндерді терең игеруге ықпалын тигізеді. Мысалы, «Материалдар
кедергісі», «Машина бӛлшектері» пәндерін оқып-меңгеру үшін болат,
шойын, түсті металдардың қорытпалары сияқты конструкциялық
материалдардың маркалары мен қасиеттерін білу қажет. Машина жасауда
және пайдалануда материалдардың басқа да қасиеттерін (технологиялық,
пайдалану) білу керек.
Сондықтан бұл пәннің мақсаты – болашақ мамандарға конструкциялық
материал ретінде қолданылатын металдар мен қорытпалардың құрылымы
мен қасиеттерінің арасындағы байланысты кӛрсететін мәліметтер беріп,
материалтану ғылымдарының негіздерімен таныстыру. Термиялық
ӛңдеудің теориясы негізінде металл қорытпаларының қасиеттерін қажетті
бағытта ӛзгертуді үйрету. Білім алушылардың жалпы білім деңгейін
жоғарылату
үшін,
конструкциялық
материал
ретінде
кеңінен
қолданылатын металдарды ӛндіру технологияларымен таныстыру.
Конструкциялық металл материалдарды құю арқылы, қысыммен,
пісірумен ӛңдеудің технологиясымен, құрал-жабдықтарымен және ӛңдеу
режимдерімен
таныстыру.
Конструкциялық
материал
ретінде
қолданылатын металл емес заттар туралы мәліметтер беріп, оларды ӛңдеу
технологиясымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: