Конструкторлық материалдармен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасы



Дата02.02.2023
өлшемі75,15 Kb.
#64714
Байланысты:
практика 1

Конструкторлық материалдармен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасы

Қауіпсіздік техникасына:

  • бекітілген дайындаманың немесе тетіктің босап кетуі;
  • кескіш аспаптардың дұрыс бекітілмеуі салдарынан босап кетуі;
  • кескіш аспап жүздерінің өткірлігінен адамның қолына немесе басқа да дене мүшелеріне зақым келуі;
  • тым ауыр дайындамаларды немесе тетіктерді қол күшімен көтеру нәтижесінде зақымдану;
  • металл өңдегенде сылынған жаңқаның ыстық болуынан күйіп қалу;
  • жаңқадан қолдың немесе адамның басқа мүшелерінің жарақаттануы;
  • сақтану көзілдірігін кимегендіктен, адам көзінің зақымдануы;
  • жабдықтың айналатын бөліктеріне адамның шашы немесе киімінің ілінуі нәтижесінде зақым келтіруі;
  • күюден және жарақаттанудан сақтайтын арнайы киім кимеудің салдары;
  • қауіпсіздік техникасымен танысудың жолға қойылмауы жатады.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмысқа дейін:

  • Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).
  • Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер.
  • Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орныңда артық ешқандай зат тұрмасын.

Жұмыс кезінде:

  • Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
  • Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған әрі жарылмаған болсын.
  • Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (қосу, жоу, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
  • Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
  • Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама.
  • Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

  • Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
  • Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5 мм етіп қой.
  • Өзіңді ретке келтір.
  • Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет