Контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.10.2022
өлшемі1,06 Mb.
#42220
  1   2   3   4
Байланысты:
5-ші аптаның 1-ші тақырыбы



Контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру


Контейнер — автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді
тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына
механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты
көп айналымды ыдыс (тара). Контейнерді пайдалану көлік ағыны
айналымын жылдамдатады, жүкті бүлінуден сақтап, көлік кідірісін
азайтады.
Контейнердің өлшемі мен сыйымдылығы оны тасымалдайтын
көліктің мөлшеріне сәйкес келеді. Пайдалану мақсатына қарай
әмбебап, икемделген және арнайы контейнер болып бөлінеді. Ең кең
қолданыстағы контейнер түріне ISO-контейнерлері (әмбебап) жатады.


Twenty-foot Equivalent Unit (TEU) — стандартты 20-футтық контейнер (ISO-
контейнер) алып жататын көлемге тең болып келетін өлшем бірлік. Контейнер-
тасығыш немесе контейнер сақтау орындарында есептеулерде қолданылады.
Fourty-foot Equivalent Unit (FEU) — стандартты 40-футтық контейнер (ISO-
контейнер) алып жататын көлемге тең болып келетін өлшем бірлік. Бір 40-
футтық FEU контейнері екі 20-футтық TEU контейнеріне пара-пар.
Әсіресе теңіз көлігі режимінде жүк көтергіштігі 45 футтан 53 футқа дейін жиі
қолданылатын жалпы контейнерлер қолданылады.
Контейнер-жүктерді ыдыссыз тасымалдау кезінде бірнеше рет пайдалануға
арналған және механикаландырылған тиеуге және түсіруге (жүкті түсірмей),
сондай-ақ жүкті қысқа мерзімді сақтауға арналған көлік жабдығы
(сыйымдылығы 1 м3 кем емес).


Контейнердің жіктемесі:
1. Тасымалдау әдісіне байланысты:
- транзитттік (аралас қатынас);
- жергілікті (тек АК тасымалдау).
2. Тағайындалуы бойынша:
- әмбебап (таралық-даналық жүктер);
- арнайы (құйылатын, құрылыс).
3. Дайындау материалына байланысты:
- ағаш;
- метал;
- ағаш-металл;
- пластмассадан немесе резеңкеден-икемді (бүктелген түрде
жүктелген сыйымдылық көлемінің 1/10 бөлігін алады).
4. Конструкциялары бойынша:
- жиналмалы;
- жиналмайтын.
5. Жүккөтерімділігі бойынша:
- аз тонналы (0,625-1,25 т);
- орта тонналы (2,5-5 т);
- ірі тонналы (10-30 т).
Бір жүк орнының салмағы:
- аз тонналы 80 кг;
- орта тонналы 120 кг;
- ірі тонналы 300 кг.




Контейнерлерді жеткізу схемасы
Әмбебап транзиттік контейнерлерді жеткізу кезінде А/м қозғалысы мынадай
схемалар бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:
1. Межелі пунктке а/м контейнерді алып тастаумен маятникті бағыт.
2. Жүк тиелген контейнерге контейнерді ауыстырумен маятникті бағыт.
3. Жүк тиелген контейнерді бос орынға ауыстырумен маятникті бағыт.
4. Контейнерді а/м-ден алмай тиеу немесе түсіру арқылы маятникті бағыт (ең
тиімсіз әдіс).
5. Үшбұрыш схемасы – контейнердің екі мәрте алмасуы бар айналма бағыт.


темір жол станциясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет