Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық



бет10/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Тақырып 8. Шизофрения. Эпилепсия.
Шизофрения – созылмалы процесті,этиологиясы жағынан айқындалмаған ауру. Шизофрения өршіген бағытқа ие болған кезде ойлаудың бұзылуының ұлғаюына, сезімдк әсерлер мен ерік көрінстерінің ұлғаюна енжар кемақылдылық күйге әкеледі.
Алайда аурудың даму кезнде тоқталуы мүмкін, сол кезде бұзыластардың орны толығып, бастапқы сатысында да байқалды.
Шизофрения- кездесетін психикалық аурулардың бірі.Сонымен брге бұл ауру көбіне жастық шақта кездеседі. Шизофрения басталатын жағдайлар 20-25 жас аралығында жиі байқалады. Демек, шизофрения – ұзаққа созылатын, жас, жұмысқа қабілет кезде жиі кездесетін ауру. Оның әлеуметтк маңызы зор арқлы айқындалады.
Симптомдар. Өз дамуында шизофрения бірнеше сатыдан өтеді. Оның барысында бірнеше түр бар. Шизофрения әрбір сатысы мен түрне симтоматиканың кейбір ерекшеліктері тән болып келед. Сондықтан да ең алдымен шизофренияның ең бір жалпы және тән болатын көріністерін сипаттаймыз. Ауруға психика бірлігін, бүтіндігінің бұзылуы және психикалық қызметтің сыртқы тітіркендіргшке сәйкес келмеу тән. Мұның өзі аурудың мінез- құлқын да байқады. Ауру өмір жағдайлары мен қоршаған ортада өзін дұрыс емес қалыпта әрі түсініксіз ұстайды. Мысалы, мамандығы жағынан есепші бұрын биология мен медицина әсерлеріне қызықпайтын ауру медицина қоғамының мәселелеріне қызықпайтын ауру медицина қоғамының мәжілісіне келіп, сол жерде тірі денелердің пайда болуы жөніндегі мәселеде пікір таласына түскісі келді.
Аурудың ым – ісшарасы, өзін ұстауы да ерекше, түсініксіз бола түседі. Кейде белгілі бір қимылдар мен қозғалыстар бір күйде қайталана береді. Мінез – құлықтағы ерекшелік қаракеттің азаюына, еріктің жоюылуна әкеп соғады.
Ауру еш себепсіз сүйікті мамандығын тастап кетеді, сабаққа бармайды, таныстармен, достарымен араласпайды, үйінен шықпайды, күн ұзағына төсекте аунап, салдыр салақ күйінде жата береді. Аурудың мінез-құлқы шизофренияға тән тән болатын және оның бұрынғы өмір тәжірибесімен де, ағымдағы жағдайлармен де анықталмайды. Сыртқы орта тітіркендіргіштері кесдейсоқ, белгісіз әсер туғызады. Ауру өршіген сайын ортаның әсері біртіндеп тітіргендіргішітік қасиетті жоғалтады. Ауру қоршаған ортаға қызығушылығын жоғалтады. Онымен байланыс жасау қиындай түседі. Ол тұйық, түсініксіз, әрекетсіз, босаң болады. Психикалық бірліктің бұзылуы, психикалық байланыстардың ішкі тұтастықтарының кеселге шалдығыгу аурудың ойынан айқын көрінеді, осыған сейкес оның ауызша және жазбаша тілі де бұзылады.
Шизофрения заңды байланысты, ой агымының реттілігін жоғалтады. Аурудың сөз байлығында грамматикалық байланыстар біршама сақталған кезде қисындық, мағыналық байланыс жойылады. Көбіне аурудың пікірлері жартылай ишара, белгісіз метафора, екі жақты мән сипатина ие болады. Ауру айтатын ұғымдардың мазмұны әдеттен тыс, өзгермелі, қайшы болады. Көбіне дыбысталу жағынан үндес, тегі жағынан әр түрлі сөздер, терминдер мен ұғымдар ұштасып келіп, олар тұтасып, бір сөзге бірігеді. Шизофренияға тән бұзылыстар аурудың эмоциялық реакциясынан көрініс табады. Ауру рекциясы сыртқы жағдайларға да, аурудың әрекеттеріне де лайық болмайды. Шизофрениялық ауруға диагностика жасау үшін эмоционалды көрінулерді зерттеу қажет. Әдетте шизофрения үшін эмоциялық қасиеттің сәйкес келмеуі тітіркендіргіштер күшіне эмоциялық реакциялардың сай болмауынан болады. Ауру ауруханаға жатудан бас тартады. Сондықтан олар патопсихологиялық зерттеулерге немқұрайлы қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет