Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық



бет13/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Қимылдық бұзылыстар. Истериялық талма, сол сияқты әр алуан түрдегі сал, парез, гиперкинез және басқалар түрінде көрінеді.
Тірек – қимыл аппараты толық сақталғанның өзінде жүре алмауы мүмкін.
Жүре алмайтын ауру төсекте жатып, аяғын қимылдата алады, аяғымен кез келген қозғалыс туғыза алады.Бірақ аяғынан тұруы мұң екен, босаңсып кетіп, қасыңдағы адамның қолдарына сүйеніп қалады, сөйтіп, өз аяғымен тұра алмайды. Кейде жүре алмайтын ауру мүлде тұрмастан төсекте бірнеше жыл өткізеді.
Истериялық афонияның негізіне дауыс байланыстарының сал болуы жатады. Истерияға әр түрлі селкілдеген қимыл ретіндегі гиперкинездер тән болып келеді.
Сенсорлық бұзылыстар немесе сезімталдықтың бұзылуы. Психикалық жарақат салдарынан истериялық соқырлылық, меңіреулік, иіс, дәм сезімінің жоғалуы сияқты кез келген бұзылыстар пайда болуы мүмкін.
Истериялық ауырсынулар дененің әр түрлі бөліктерінде бас ауруы, ішкі ағзалардағы әр түрлі аурулар түрінде тұрақты орын алады да қарқындылығы жағынан да,сондай – ақ ұзақтығы жағынан да әр түрлі болып келеді.
Вегетативтік бұзылыстар. Истерия кезінде тамақтың қысылып қалуы, өңештен астың жүрмеуі, ауа жетіспеушілікті сезіну, зәр жіберудің тежелуі, тегіс бұлшық еттің түйілуіне байланысты іш жүрмеу мен басқа да кеселдер кездеседі. Асқазан жолдарының қандай да бір болмасын ауруына ішкі бас сүйек қысымының жоғарлануына байланыссыз, бірақ қақпаның түйілуіне қатысты болатын истериялық құсу да байқалады. Мұндай құсу ас қабылдаған кез келген сәтте басталуы мүмкін, кейде асты көрген кезде де құсады, бірақ соған қарамастан әдетте шарщау сезімі мен жүдеуді туғызбайды.
Психикалық бұзылыстар. Бұл бұзылыстар алуан түрлі және сан қилы болып келеді. Реактивті күйге байланысты психоздардан басқа психогенді амнезия да кездеседі. Бұл жағдайда жарақатты оқиғаның әсерімен аурудың өсінен сол оқиғаға байланысты барлық көріністер шығып қалады. Кейде ауру белгілі бір көріністі, қандай да болмасын оқиғаны уақытша ғана емес, сондай – ақ бүкіл өмірі бойында ұмытып қалады. Мысалы, психиатриялық ауруханада жеткізілген бір ауру қолайсыз бір оқиғадан кейін өзі жөнінде барлығын, соның ішінде өзінің аты – жөні және жасын ұмытып қалған. Истериялық психогенді истерия әдетте ұзаққа созылмайды және жадының толвқ қалпына келуімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет