Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық



бет11/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Эпилепсия


Эпилепсия гректің “epilepsia” деген сөзінен шыққан.Ол “кенеттен құлау” деген мағынаны білдіреді. Египетте бұл ауруды “лунная болезнь” деп, ал орыстар “Подучая” деп, ал қазақтар “талма” деп атайды. Эпилепсияның алғашқы сатыларының өзінде психикалық процесстер ептілігінің өзгеруінен білінеді. Психикалық процесстер ептілігінің бұзылуы бір объектіден екінші объектіге қосу сынағында жеңіл табылады.
Эпилепсиямен ауыратындардың ойлауының инерттілігі, жабысқақтығы сөздік экспериментте анық көрінеді. Бұған дәлел латентті периодтардың ұлғаюы, жиі болатын эхолалиялық реакциялар, бір жауапты бірнеше рет қайталау. Тітіркендіргіш-сөздерге аурулар көп жағдайларда стереотиптік сөздермен жауап қайтарады немесе өзінің күнделікті тұрмыстағы сөздерін айтады,кейде жауап реакциялары ретінде берілген заттың түсін көрсететін сын есімді қолданады.
Эпилепсиямен ауыратындарды антоним сөздерді табу әдісімен зерттеу кезінде олардың берілген сөзге антоним табу үшін “емес” сөзін қоюмен шектелетіні байқалған. Көп жағдайларда сөздік реакциялар ауру адамның затқа деген қатынасын көрсетеді,мыс: қала-жақсы көрем , нан-дәмді т.б. Ассоциациалану бұл ерекшеліктері аурулардың тұлғалық өзгерістерін көрсетеді,эпилепсиямен ауыратындарға тән эгоцентризм.
Жалпы эпилепсияда ұстаманың екі түрі болады.
1.Үлкен ұстама. Бұнда ауру адамда ұстамадан бұрын басы ауырып, көңіл-күйі төмендейді, яғни “аура” болады. Аура-бұл ұстаманың алдында болатын сезімдер. Мыс: шеңберлерді көреді, біртүрлі дыбыстарды естиді, иісті сезінеді,қызарып терлейді,жүрек соғуы жиілейді-ұстаманың алдында.
Аурадан кейін тоникалық кезең басталады. Ауру адам толығымен есінен танып,барлық бұлшықеттері тоникалық түрде болады.Ауру адам тұрған жерінде құлап жарақаттануы немесе еріксіз түрде зәр шығаруы мүмкін. Бұл кезең 0,5-1 мин созылады.
Бұдан кейін клоникалық кезең болады. Бұл кезеңде ауру адам денесін соққылап, дірілдей бастайды. Аузынан қан аралас көбік ағады. Клоникалық кезең 2-3 мин созылады. Ұстамадан кейін кейбір адамдар бірден тұрып кетеді, ал кейбірін ұйқы қысып, әлсірейді. Аурудың есінде аурадан басқа ештеңе қалмайды.
2.Кіші ұстама-1-2 мин созылады. Бұнда адам есінен айырылады,бірақ құламайды.Бұл ұстамада абсанс болады. Ол- сананың қысқа мерзімге жойылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет