Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 9. Балалар мен ересектер невроздары



бет12/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Тақырып 9. Балалар мен ересектер невроздары.
Невроз аурулары психогенияның ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздар невроздық реакциялар: 1) неврастения; 2) истерия; 3) жабысқақ күйлердің неврозы болып бөлінеді.
Невроздық күйлердің аралас көріністерінің де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда белгілі бір невроздың диагнозы клиникалық жағынан басым жетекші синдромға қойылады.
Неврастения адамға психикалық-жарақаттық факторлар ықпал еткенде, бірақ үлкен күшпен емес, ұзаққа созылатын жағдайда, кейде бірнеше жыл бойына әсер еткенде болады.
Неврастения ауруы негізінен 20- дан 40 жасқа дейінгі адамдарда кездеседі. Әйелдерге қарағанда еркектер жиі ауырады. Бұған тән симптом ашушаңдық болып табылады. Неврастениямен ауырған адам толқи бастап, бұрын өзі назар аудармаған ұсақ- түйектерді өз бойынан таба бастайды. Көшедегі шу, біреудің қатты әңгімелескені, күлгені, кенет шыққан дыбыс, тіпті маңайдағылардың біреуінің түрі де – осының бәрі тітіркенуді туғызады. Ауру өзін ұстай алмайды, ашуланады, маңайдағыларға айқайлайды немесе жылап – сықтайды. Бұл жағдайда әсерлену күші өте үлкен болмайды. Ашулану күйі сабасына түсу күйімен ауысады.
Истерия жедел, сондай – ақ азды – көпті әсер етуші әр түрлі психикалық тұрғыдан жарақаттаушы факторларлардың ықпал етуімен пайда болады. Истериялық невроз патолагиялық сипаттағы белгілері бар адамдарда тез пайда болады. Невроз түріндегі истерия белгілі бір жарақатты жағдайда реакция ретінде бұған дейін ешқандай истериялық белгісі болмаған адамда пайда болуы мүмкін. Истериялық невроз жастық шақта, бірақ көбінесе, әйелдерде жиі кездеседі. Бірақ бұл аурумен еркектер де аз ауырмайды.
Истерияның негізгі белгілерінің бірі – үлкен сенгіштік пен аурудың өзін - өзі сендіруі. Осыдан келіп, симптоматикасындағы әдеттен тыс алуан түрліліктің болуы шығады.
Алуан түрлі истериялық симптомдардың бәрін аурулардың мынадай топтары байқалатын схемаға бөлуге болады: 1) қимылдық кесел; 2)сенсорлық бұзылыстар мен сезімталдықтың бұзылуы; 3)вегетациялық бұзылыстар; 4) психикалық кеслдер.
Ауру клиникасында бұл кеселдердің нағыз алуан түрде ұштасып келуі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет