Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық



бет14/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Жабысқақ құбылыстар неврозы. Егер неврастения мен истерияның дербес нозологиялық бірлік екендігін көптеген зерттеушілер мойындаса, жабысқақ күйлер неврозының нозологиялық бірлігі турасында пікір таластары көп. Кейбір авторлар жабысқақ неврозында нозологиялық бірлік мүлде жоқ, жабысқақ күйлер синдромы бар деп санайды.
Сонымен бірге клиникалық және байқау жолдарымен невроздың жабысқақ күйлеріндегі бірқатар елеулі ерекшеліктерін анықтайтын ерекшеліктер аңғарылуда.


Тақырып 10. Сана мен таным процестерінің бұзылуы.
Сананың бұзылуы жеткілікті зеттелмеген салаға жатады. Психологияда сана сөйлеумен байланысты мидың іс-әрекетті бағыттайты фукнциясы ретінде қарастырылады. Сананың құрамына адамның қоршаған орта және өзі туралы білім жүйесі енеді, оның ішінде адамның өзінің жеке даралығы мен тұлғалық қасиеттері жайындағы білім бар, ол адамның қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі орнын сезінуі.
К.Ясперстың енгізген сақтаулы сана мен қарауытқан сана түсініктері сананың бұзылуларын топтастырудың негізіне алынды:
1. уақыт, орын мен жағдайдағы бағдарды жоғалту,
2. қоршаған ортаны толық қабылдаудың болмауы;
3. ойлау байланыссыздығының түрлі дәрежелері;
4. болып жатқан жағдайлар мен субъективті ауырсыну құбылыстарын еске түсірудің қиындығы.
Қарауытқан сана күйін анықтау үшін осы белгілердің шешуші маңызын анықтау керек. Бір немесе бірнеше белгілердің болуы сананың қарауытқанын білдіреді.
Сананың есеңгіреген күйі. Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, инфекциялық аурулар, улану, бассүйек жарақаттанулары кезінде жиі кездестін сананың бұзылу синдромы болып табылады. Есеңгіреу кезінде барлық сыртқы әсерлердің шегінің күрт жоғарылауы және баламалау (ассоциация) қабілетінің бұзылуы болады. Науқастар сұраққа ұйқылы-ояу жауап бергендей болады, сұрақтардың күрделі мағынасын түсінбейді. Қозғалыстары баяулайды, үндемеушілік пен қоршаған ортаға қызықпаушылық байқалады. Тез қалғып кетеді. Қоршаған ортада бағдарлану төмендейді немесе тіпті болмайды. Сананың есеңгіреу күйі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Сананың делириозды күйі. Есеңгіреуден айрықша күй. Ортада бағдарлану мұнда да бұзылған, бірақ ол әлсіз емес, әлсін-әлсін болатын бейнелі көріністер мен еске түсірулер болады. Бағдардың қарапайым жоғалуы емес, уақыт пен кеңістіктегі жалған бағдарлануы болады.
Сананың онейроидты (ұйқылы) күйі. Мұнда нақты орта бейнелеуі мен санада пайда болатын фантастикалық құбылыстардың бейнелі көріністері араласып келеді. Науқастар басқа планеталарға саяхат жасап, «Марс тұрғындарының» арасына барып келеді. Кейде науқастың қиялы тоқтауы мүмкін, бірақ өзіне байқаусыз басқа қиялдар пайда болады. Егер делирия кезінде кейбір көріністер мен жағдайлар еске түсетін болса, онейроид кезінде науқастардың есінде ештеме болмайды, олар тек өздерінің қиялдарының мазмұнын еске түсіре алады.
Сананың қарауытқан күйі. Кенеттен пайда болып, қысқа уақытқа кененттен жойылады, сондықтан оны транзиторлы, яғни өтпелі деп те атайды. Сананың қарауытқан күй ұстамасы ұйқымен аяқталады. Негізгі белгісі – қарауытқан күйден кейін амнезия болады. Сананың қарауыту күйі туралы естелік болмайды. Олардың үйреншікті әрекеттер жасау мүмкіндіктері сақталады. Галлюцинациялар мен сандырақ идеялар болады. Олар сандырақтың ықпалында қауіпті әрекеттерге баруы мүмкін.
Сандырақсыз, галлюцинациясыз және эмоцияның өзгеруісіз болатын сананың қарауытқан күйін «амбулаториялық автоматизм» деп атайды. Мұндай бұзылуы бар науқастар үйден бір мақсатпен шығып, кенеттен, өзі үшін де түсікісіз басқа жақтан шығуы мүмкін. Осындай саяхат кезінде олар көшеден өтіп, транпортта жүре алады, сырттай терең ойда жүрген адам сияқты болады.
Жалған деменция. Сананың қарауытқан күйінің бір түрі болып табылады. Ол орталық жүйке жүйесінің деструктивтік өзгерістерінде және реактивті күйлерде болады. Мұнда пікірдің бұзылуы мен интеллектуалды-мнестикалық бұзылыстар болады. Науқастар заттардың атын ұмытып, бағдарды жоғалтады, сыртқы әсерлерді қиын қабылдайды. Жаңа байланыстардың пайда болуы қиындайды, жалған қабылдаулар мен тұрақсыз галлюцинациялар, қозғалыс тынышсыздығы пайда болады.
Бұл сананың бұзылуының негізгі түрлері. Шын мәнісінде клиникада сананың бұзылуының түрлері өте көп.
Сонымен қатар клиникада өзін өзі танудың ерекше түрі – деперсонализация байқалады.
Деперсонализация. Өзінің ойларын, аффектілерін, «Мен» түсінігін бөтен сияқты сезінеді, оларды бөтен адамдікі сияқты қабылдайды. Деперсонализацияның жеке көрінісі болып «дене кестесінің» бұзылуы табылады, яғни өзінің денесінің негізгі қасиеттері мен қызмет әдістерінің санадағы бейнеленуінің бұзылуы. Мұндай бұзылулар шизофрения, эпилепсия аурулары кезінде және бассүйек жарақаттарынан кейін болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет