Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық



бет15/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Тақырып 11. Тұлға аномалиялары.
Созылмалы алкоголизм жіктелуі (А.А. Портнов және Н.Н. Пятницкой 1971)
1-кезең — невротикалық Психикалық тәуелділік Толеранттылықтың артуы Палимпсест Масаюдың паталогиялық формалары
2-кезең — наркоманиялық: Физикалық тәуелділік (абстинентті синдром) Толерантылық платосы Салынып ішу психоздар
3-кезең — энцефалопатиялық. Толеранттықтың төмендеуі Еске сақтаудың бұзылуы Тұлғалық деградация Суррогаттарды қабылдау Бастапқы (невростениялық) саты. Бастапқы симптомы — қорғаныс рефлексінің жойылуы: спирттік ішімдіктерді шамадан тыс қабылдағанда жүрек айну, құсу сияқты белгілердің болмауы.
Алкогольге төзімділік өзгереді: күшейе түседі, қабылданған алкоголь мөлшері көбейе береді Палимпсест — есте сақтау қабілетінің бұзылу симптомы байқалуы мүмкін, ауру адам алкогольдік масаю кезіндегі біраз оқиғаларды, ұсақ-түйектерді есіне түсіре алмауы мүмкін. Аурулардың кейбіреуінде алкогольдік масаю кезінде мінезі өзгереді: олар ызақор, жабысқақ, тез ренжігіш, жоқтан өзгеге күдікшіл болады.
Астениялық синдром Оның негізгі көріністері: әлсіздік, денсалдық, тез қажығыштық, ес пен ынтаның бұзылуы, интеллектуалдық үрдістердің жойылуы және бастың ауыруы. Бұл көріністер қосылып жұмыс істеу қабілетінің әлсіреуіне әкеледі. Ұйқы бұзылады. Аурулар көпке дейін ұйықтай алмайды, қайта-қайта оянады, түстерді көп көреді, көрген түстері көбіне қорқынышты болады. Ұйықтап тұрған соң да сергектік сезілмейді. Тез ашулану, сіркесі су көтермеу, айналадағылармен конфликтілерге келу сияқты белгілер байқалады Спирттік ішімдіктердің тәуліктік дозасы-күшті шарап — 1 литр, арақ-400-500 мл.
Алкоголизмнің бастапқы сатысының ұзақтығы 1-6 жыл және ол алкогольді қабылдаудың интенсивтілігіне байланысты. Соматоневротикалық бұзылыстар байқалады: вегетотамырлық дистония Эзофогит гастрит колит бауыр функциясының бұзылуы гепатиттің алғашқы көріністері панкреатит. 2 кезең (наркоманиялық). Компульсивті тәуелділік Толеранттылық өсуі максимумға жетеді (плато толерантности) Алкогольді сандық бағалаудың толық жойылуы Абстинентті синдром Жалған салынып ішу (пседозапои) Өмірдегі басты мотив- алкоголь табу Алкоголизмнің ортаңғы сатысы (абстинентті). Алкогольге деген патологиялық құмарлықпен анықталады. Құмарлық көбіне жеңілмейді, күштеу белгісі байқалады. Ауру ішуге деген құмарлығымен күреспейді, сезіміне бағынады.
Психикалық, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен анықталады. Синдром көбіне алкогольдің жаңа дозасын қабылдағанда бәсеңдейді немесе жойылады. Психикалық бұзылыстар. Қөңіл-күй төмендейді, қайғы басады, науқас адам тітіркенгіш, кейде ызалы, күдікшіл келеді, себепсіз қорқыныштар мазалайды, өз-өзін кінәлау ойлары пайда болады. Ұйқысы мазасыз, әлсін-әлсін оянып, дұрыс тыныға алмайды. Вазовегетативті бұзылыстар. Тахикардия,гипертензия,ауыз қуысының құрғауы ,бас айналу,тәбеттің жоғалуы,айқын әлсіздік.
Неврологиялық бұзылыстар. Олардың жиі кездесетіні аяқ-қолдың, бастың, тілдің треморы, әсіресе, саусақтардың треморы айкын көрінеді. Ромберг позасында дұрыс тұра алмайды. Беттің және қаңқаның бұлшық еттерінің жекелеген фибриллярлы тартылуы мүмкін. Екі жақтан да сіңір рефлекстерінің бірдей жоғарылауы байқалады. Беттің, алақанның гипергидрозы, терінің сұрлануы, беттің, әсіресе танаудың қызаруы, склера тамырларының кеңеюі білінеді. Ортаңғы сатыда алкогольге төзімділік жоғарылайды және өзінің шегіне жетіп, жылдар бойы өзгермей тұрады. Алкоголизмнің бұл сатысында жедел алкогольдік психоздар жиі кездеседі. Алкоголизмнің ортаңғы сатысы орта есеппен 3-5 жылға дейін созылады Арақтың тәуліктік дозасы 1,5-2 литрге жетеді.
3 кезең (энцефалопатиялық). Тұрақты сомато-неврологиялық бұзылыстар Толеранттылықтың төмендеуі (кейде толығымен жоғалуы интолеранттылық) Шынайы салынып ішу Абстинентті синдром алкоголь қабылдағаннан соң 1-2 сағатта дамиды.
Алкогольді психоз Алкоголизмнің 2-ші және 3-ші стадиясында пайда болатын, экзогенді , эндоформды және психоорганикалық сипаттағы жедел, созылыңқы және созылмалы психотикалық бұзылыстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет