Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 12. Нейропсихология пәні мен салалары



бет16/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Тақырып 12. Нейропсихология пәні мен салалары.
Клиникалық нейропсихология саласына А.Р.Лурия мен оның шәкірттері үлкен үлес қосқан. Олар мидың сол жақ жартышар зақымдануында болатын, мидың медиабазальды бөліктері зақымданғанда болатын және орта сызықта орналасқан терең қыртыс асты зақымдануында болатын синдромдардың сипатын берген. Олар Л.С.Выготскийдің мәдениеттік-тарихи концепциясына сүйене отырып, әлемде бірінші болып нейропсихологияның жаңа түсінігін берген.
А.Р.Лурия жаңа теориялық және түсініктеме аппаратын ұсынған. Ол нейропсихологияға «нейропсихологиялық симптом», «нейропсихологиялық синдром», «нейропсихологиялық фактор» деген түсініктерді енгізді. Бір функцияның зақымдануында қай тізбегінің зақымдауына байланысты түрлі синдромдар байқалуы мүмкін екенін алғашқы болып Лурия ашқан. Бұл зақымдануды сапалы түрде анықтауға мүмкіндік берді. Нейропсихологиялық фактор бойынша ми құрылымының синдром құраушы зақымдануы бір психикалық функцияның зақымдануына ғана емес, сол сәйкес бөліктің қызметінің жалпы зақымдануына әкеліп соқтырады.
Психологиялық бағытталған физиологияны дамыту А.Р.Лурияның ойынша маңызды мәселе, яғни психофизиология. Ол қарапайым сенсорлық пен моторлық актілер емес, саналы түрде бағытталатын психикалық іс-әрекеттің күрделі формалары. Ол психикалық процестерді қарапайым түрде физиологиялық тұрғыдан қарастырудан сақ болу керек деп ескерткен, соған байланысты бас миының ошақты зақымдануының психофизиологиясын дамыту керектігін айтқан.
Лурияның айтуынша, жоғары психикалық функциялардың негізгі үш сипаттамасы бар:
олар әлеуметтік факторлардың ықпалымен өмір сүру барысыда қалыптасады;
олар өзінің психикалық құрылымымен анықталады (әсіресе, сөйлеу жүйесінің көмегімен);
олар ерәікті түрде жүзеге асырылады.
Лурия жоғары психикалық функциялардың жүйелік динамикалық ошақтану теориясын ұсынған. Ерте жастағы мидың белгілі бір бөліктерінің зақымдануы жүйелі түрде одан бірқатар жоғары және соған сүйене отырып дамитын қыртыстарға әсер етеді. Сонымен қатар сол бөліктердің ересек жастағы зақымдануы одан төмен қыртыс бөліктеріне әсер етеді. Яғни ерте жаста кейін дамитын функцияларға, ал ересек кезде бұрын дамыған функцияларға әсер етеді.
Лурия бас миының жұмысының психикалық процестердің субстраты ретіндегі жалпы құрылымдық-функционалдық моделін ұсынды. Ол ғылыми әдебиетке мидың үш блогының концепциясы деген атпен енгізілді. Осы концепцияға сәйкес толығымен миды үлкен үш блокқа бөледі:
Энергетикалық, кез келген психикалық іс-әрекеттің белсенді компоненттерін қамтамасыз ететін процестеріне жауапты,
Ақпараттық, сырттан келетін ақпараттты қабылдау және өңдеу процестеріне, іс-әрекеттің ақпараттық компоненттеріне, соған байланысты сыртқы және ішкі кеңістікте бағытталу үшін жауапты;
Бағыттаушы, психикалық іс-әрекеттің бөлек түрлерін басқару процестеріне, жалпы мінез-құлықты бағдарлауға жауапты.
Бірінші блокқа орта сызықта орналасқан ми құрылымдары жатады.
Екінші блок – негізгі үш анализаторлық жүйеге енетін ми құрылымдары (олар көру, есту және терілік-кинестетикалық).
Үшінші блок – мидың алдыңғы жағында ораласқан ми құрылымдары, яғни мидың маңдай бөліктеріне жауапты.
Дені сау адамның психикалық іс-әрекетінің кез келген түрі мидың осы барлық үш блоктарының қатысуымен орындалады, олардың әрқайсысы психикалық іс-әрекеттің өзіне қатысты қызметін орындайды. Бұл концепцияға сәйкес психикалық іс-әрекеттің зақымдауының негізгі үш түрі ажыратылатыны айқындалады. Бірақ әр бөліктің ішіндегі түрлі варианттар тағы да анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет