Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Дисгармониялық психикалық дамудың



бет8/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Лекция каз 2017

Дисгармониялық психикалық дамудың көрсеткіш модельдері, ол, негізінде эмоционалды-ерік сфераның дизонтогенезі жататын, психопатиялар мен тұлғаның патологиялық дамуы, яғни психикалық дамудың аномалиялары болып саналады. Психопатия ол психиканың тұрақты дисгармониялық тұрпаты болып саналады.
Психопатиялардың этиологиясы - генетикалық, тұқымқуалаушылық факторлармен немесе онтогенездің алғашқы деңгейлерінде экзогенді жағымсыз әсерлермен байланысты.
Бала кездегі психопатиялар топтарының суреттеуіне келетін болсақ:орталық топты конституционалды психопатиялар құрайды, олар тұқымқуалаушылықпен беріледі. Оған шизоидті, циклоидті, эпилептоидті, астеникалық, истериялық психопатиялар кіреді.
Шизоидты психопатиямен ауратын балаға аутизм бітістері тән; құрбы балалармен болғаны көрі, ол фантазия әлемі мен жалғыз болуды таңдайды. Оның эмоционалды сферасы - өзіндік уайымдарға және қызығушылықтарға қатысты жоғары сезімталдық пен ранимость дизгармониялық үйлесімімен сипатталады, сонымен қатар оларда бала жасына сай жарқын жүзжіліктің жоқтығы, туыстары мен қоршаған адамдарға қатысты сыртқы қаталдығы байқалады. Бұндай балаларға психикалық дамудың асинхронизациясы ерте шақтық жастан тән. Эпилептоидты психопатияларда эпилепсияға тән тырысқақтық бұзылыстар, кемақылдық құбыластар жоқ. Оларда тек эмоционалды тұтқырлық, эмоциялары мен елугулерінің шиеленісі, көңіл-күйінің мотивталмаған өзгерістері ретінде көрінетін тұрақты мінез-құлық ерекшеліктері ғана байқалады. Психопатияның циклоидты типінде - төменделген субдепрессивті көңіл-күйден көтерінкі маникалды көңіл-күйге дейін мотивталмаған ауытқуы болады, ол балалық жаста сирек болжамдалады. Жиірек гипертимді варианты байқалады,яғни көтеріңкі қөңіл-күйдің басым болуы: қалжыңдаудың, ойнақтаудың, шектен асқан көп сөйлеу. Коллективте бұл балалар өзінің гиперактивтілігінен, шектеулерді тыңдамайтындықтан, орнында тұра алмайтығынан қиындық тудырады. Психоастеникалық тұлғаларда – алаңдаушылыққа, күмәншілдікке басымлылығы байқалады, балалалық жаста диагнозталады. 3-4 жастанақ бұл балаларда өзінің туысқандарының өмірімен денсаулығына деген қорқыныштары байқалады, кез-келген нәрсе алаңдаушылық үрейді туғызады,жаңа мен таныс емес қорқыныштарды тудырады, жабысқақ ойлар мен іс-әрекеттер басым болады. Истериялық психопатиялар - әрқашан да конституционалды сипаттамада болмайды, кейбір жағыдайларда қатты емес экзогенді жағымсыздықтардан болуы мүмкін. Егер жоғарыда айтылып кеткен психопатиялар көбінесе ерлерде кездессе, истериялық психопатия көбінесе әйел мен қыздарда көрінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет