Объективтілік ұстаным зерттеушіні белгілі бір нысанға қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастардан бас тарту қажеттілігін ұғынуға бағыттайды.
Объективтілік ұстанымы педагогикалық үдерісті өлшеу барысындағы субъективті әсерлерді азайтуға, осы үдерісте бағдарламалық құралдардың рөлін арттыруға, бағалаудың шарттары мен ережелеріне ортақ стандарттарды қолдануға бағытталады. В.Ф.Шаталов «Эксперимент продолжается» атты еңбегінде объективтіліктің талаптарына қарама-қайшы келетін, қазіргі заманғы білімді бағалау жүйесінің жағымсыз жақтарының пайда болу себептерінің бірі ретінде оқытушы асыра бағалауды атап көрсетті.