Кооперациялық балама > Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/7
Дата31.03.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Жаһандық

диалог

Ж

УРНА



Л

Кооперациялық балама

Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі



Мондрагон кооперативтері  

Грекияда делдалдарға қарсы күрес



Аргентинадағы жаңғыртылған кәсіпорындар

Ақыр заман әлде Капитализмнің соңы ма?



Латын Америкасындағы капиталистік игеру

Жаңа экстрактивизм дауы



>

 Эквадордағы экстрактивизм Жаңа Өмірге қарсы  

Мексикадағы қауымдар күресі



Аргентинадағы жаңа экстрактивизм

Еске алу

> Владимир Ядов, 1929-2015



Герберт Досена

Ауа–райының 

өзгеруі саясаты

  

Карл фон Хольд

Оңтүстік Африкадағы 

күштеу демократиясы



Пол Сингер

Ынтымақтастық 

экономикасы

  

Басылым



 6/ 

Ш

ығарылым



 1/ 

на

урыз 



2016

www


.isa-sociology

.org/global-dialogue/

GD

6.1


Жылына 4 рет 16 тілде шығады

 

 2

Ғ

алымдар  ауа-райының  өзгерісі  туралы  пікірталасқа  түскенде  су 

тасқыны, дүлей дауылдар, мұздықтардың еруі және қауымдастықтардың 

ыдырауы      сияқты  әлемдегі  жылынудың  қауіпті  салдары  туралы  жан 

түршігерлік  жағдайларды  айтады.  Ауа  райының  өзгерісі  саясатына 

назар аударған кезде ғалымдар ауа-райының өзгерісіне қарсылардың және оларға 

қолдау жасаушыларға  немесе көпшілікке танымал қозғалыстардың дағдарысына 

бағытталады.   Алайда жаһандық элитаның арасындағы күрес назардан тыс қалды. 

Соңғы төрт жыл ішінде Герберт Досена Жаһандық Диалог үшін БҰҰ ауа-райының 

өзгерісі туралы жыл сайынғы Рамалық конвенциясы туралы хабарлама дайындап 

жүр.  Париждегі    соңғы  кездесуді  (30  қараша-11  желтоқсан,  2015)  сипаттай 

отырып, ол альянстардың өзгергенін, яғни конференцияның холлдарында басым 

элитарлық реформаторлар консерваторлық күштерді жұмсартуға тырысудан бас 

тартып,  олардың  орнына  көшедегі  радикалдардың  арасынан  мүмкін  одақтастар 

іздеуде  екенін  жазады.  Осыған  қарамастан  мәртебелі  уәделерден  басқа  әлемді 

сақтау бағытында жақсы жетістіктерге жеткені туралы бірқатар нышан байқалады.

Осы  шығарылымда  нәсілшілдікке  қарсы  қозғалыстың  ардагері  және  көрнекті 

әлеуметтанушы Карл фон Хольдпен сұқбатты беріп отырмыз. Ол Альф Нильсеннің 

Оңтүстік  Африкадағы  «күштеу  демократиясы»  және  әлеуметтік  қызметтерді 

көрсету бойынша шағын қалалардың күресі туралы зерттеуін суреттейді. Әрі қарай 

күштеудің  жаңа  түрлері  қарастырлады.  Маристела  Свампа  мен  оның  әріптестері 

Латын  Америкасы  үшін  аса  зиян,  бірақ  жаңа  әрі  аса  белсенді  экономиканы 

сипаттайды. Дамып отырған Қытай экономикасының аранын толтыру мақсатында 

трансұлттық  корпорациялардың  орасан  зор  пайдасы  мен  мемлекеттік  қорлардың 

жұтауына    алып  келетін  мұнай  өндіруден  сояның  ауылшаруашылығы  өндірісін 

қамтитын  ірі  жобалар  жүзеге  асырылуда.  Аргентина,  Мексика  және  Эквадордан 

түскен  хабарламалар  осы  жобалардың  жер,  су  және  ауаны  қорғауды  көксеген 

әлеуметтік қозғалыстар тарапынан белсенді қарсылыққа тап болып отырғанынан 

хабардар  етеді.  Сондай-ақ  біз  Үндістан,  Грекия,  Испания  және  Аргентинадағы 

кооперативтердің  өмірі  мен  оның  құны  туралы  алты  мақала  жариялап  отырмыз. 

Лесли  Склейр  айтып  отырғандай,  кооперативтердің  капитализмге  балама 

екені  немесе  капитализмге  бейімделу  екені  ақиқат  па?  Шындығында  Бразилия 

үкіметіндегі  Ынтымақтастық Экономикасы бойынша Ұлттық Хатшы Пол Сингер 

кооператив қозғалысының ұлы теоретигі және практигі. Жаһандық диалогқа берген 

сұқбатынан Сингердің қиялға берілген пайғамбар емес екенін көруге болады – ол 

үшін кооперативтер - кедейлерді қолдаудың құралы.

Сонымен  қатар  былтыр  дүниеден  өткен,  кеңестік  тәртіп  шекарасының  едәуір 

кеңеюіне  үлес  қосқан  кеңестік  әлеуметтанудың  бастауында  тұрғандардың  бірі, 

қайсар  азамат  Владимир  Ядовты  еске  түсіруге  арналған  бес  мақаланы  ұсынып 

отырмыз.  Ядов  посткеңестік  әлеуметтану  туралы  пікірталасқа  қатысушылардың 

ішіндегі  негізгілердің  бірі.  Ол  өзінің  кәсіби  мансабы  барысында  ұзақ  жылдар 

бойы  нағыз  интернационалист  болды,  1990-1994  жылдары  ХӘҚ  вице-президенті 

қызметін  атқарды.  Шәкірттері  мен  әріптестері  оны  қатты  жақсы  көргені  сонша, 

өлімі оларға үлкен соққы болды. 

Осы  шығарылымнан  бастап  Хуан  Пиовани  Мария  Хосе  Алварестен  Жаһандық 

диалогтың  испан  тіліне  аудармасын  редакциялауды  қабылдап  алды.  Хуанға  қош 

келдің дейміз және Мария мен оның тобына төрт жылғы адал қызметіне рахмет 

айтамыз

> Редакциядан

> Жаһандық Диалог 

ХӘҚ ресми

 

сайтында

 16 тілде жарық көреді

> Мақалаларды 

burawoy@berkeley.edu 

жолдауға болады

Қоршаған орта және күштеу демократиясы

GD

 VOL. 6 / # 1 / MARCH 2016



Жаһандық диалог SAGE Publica-

tions ұсынған риясыз грант

негізінде жүзеге асып отыр.

GD

Ауа райының ауысуы туралы пікір-



таластарды мұқият бақылаушы Герберт 

Досена Париждегі саммитте саяси жаһан-

дық одақтардың өзгерістерін талдайды.

Ғалым, саясаткер және қоғамдық зияткер 

Поль Сингер Бразилиядағы ынтымақтастық 

экономикасының жаңа ілімін қайта 

қарастырады.

Ғалым және қоғам қайраткері Карл фон 

Хольд Оңтүстік Африкадағы наразылықтың 

саяси динамикасына талдау жасайды.



 

 3

GD 



6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

Редактор: Майкл Буравой.

Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо Бага.

Редакциялық кеңес: Маргарет Абрахам, Маркус 

Шульц, Сари Ханафи, Винетта Синха, Бенджамин 

Теджерина, Роземари Барбарет, Изабелла Барлинска, 

Дилек Чиндыоглу, Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, 

Гуэлермино Жассо, Калпана Каннабиран, Марина 

Куркчян, Саймон Мападименг, Аблдул-мумин Саад, 

Айше Сактанбер, Сели Скалон, Саука Ширахасе, Гразина 

Скапска, Эвангелия Тастосоглоу, Чин-чин Ю, Елена 

Здравомыслова.

Аймақтық редакторлар

Араб әлемі:

Сари Ханафи, Мунир Сайдани.



Аргентина:

Хуан Игнасио Пиовани, Пилар Пи Пуч, Мартин Уртасан. 



Бразилия: 

Густаво Танигутти, Андреза Галли, Анжела Мартинс 

Джуниор, Лукс Амарал, Рафаэль де Соуза, Бенно Альвес, 

Жулио Дэвис.



Индия:

Ишвар Моди, Рашми Жаин, Прага Шарма, Джуотти 

Сидана, Нидхи Бансаль, Панкаш Бхатнагар.

Индонезия

Каманто Сунарто, Хари Нугрохо, Лусия Ратих Кусумадеви,

Фина Итрияти, Индера Ратна Иравати Паттинасарани,

Бенедиктус Хари Джулиаван, Мохамад Шохибуддин,

Доминггус Элсид Ли, Антониус Арио Сето Харджана. 

Иран: 

Рейханех  Жавади,  Абдулкарим  Бастани,  Нияеш  Долати,  

Мохсен Раджаби, Вахид Ленджанзаде.

Жапония:

Сатоми Яммамото, Хикари Кубота, Шухей Матсу, Ятаро 

Шимокава, Масаки Ёкота.

Қазақстан:

Айгүл  Забирова,  Баян  Смағамбет,  Әділ  Родионов,  Ғани 

Мәдиярбеков, Алмаш Тілеспаева, Алмаз Рахимбаев.

Польша:

Якуб Барщевски, Ева Сичока, Мариуш Финкельштейн, 

Кшиштоф Губански, Кинга Якиела, Жустина Косинска, 

Мартина Макиуш, Миколаж Миерзежевски, Каролина 

Миколажевска-Зажак, Адам Мюллер, Патрисиа 

Пендраковска, Зофия Пенза, Тереза Телезинска, Анна 

Вандзел, Жустина Зиелинска, Яшек Зих.

Румыния:

Косима Ружиниш, Корина Брагару, Роксана Алионте, 

Костинел Анута, Руксандра Иордаче, Михай-Богдан 

Мариан, Рамона Маринах, Анка Михай, Аделина 

Морошану, Рареш-Михай Мушат, Мариан Валентин 

Настасе, Уна-Елена Негри, Диана Тихан, Елизавета Тома,  

Елена Тюдор, Кармен Вуанеа.

Ресей:

Елена Здравомыслова, Анна Кадникова, Ася Воронкова.



Тайвань:

Джинг Мао Ху.



Түркия:

Гюл Чорбаджиоглу, Ирмак Эврен.



Медиа кеңесшілер: Густаво Танигутти.

Шығарылым кеңесшісі: Aна Виллареал.

> Редакциялық алқа

> Осы нөмірде

Редакциядан: Қоршаған орта және күштеу демократиясы

Ауа–райының өзгеруі саясаты

Герберт Досена, АҚШ

Оңтүстік Африкадағы күштеу демократиясы: Карл фон Хольдпен сұқбат



Алф Нилсен, Норвегия

> КООПЕРАЦИЯЛЫҚ БАЛАМА

 

 

Ынтымақтастық экономикасы: Поль Сингермен сұқбат



Густаво Танигути және Ренан Диас де Оливейра, Бразилия 

Уралунгал:Үндістандағы ең көне жұмысшы кооперативі



Мишель Уильямс, Оңтүстік Африка

Мондрагон кооперативтері: жетістік пен сынақ



Шарын Касмир, АҚШ

Грекияда делдалдарға қарсы күрес



Теодорос Ракопоулос, Норвегия

Аргентинадағы жаңғыртылған кәсіпорындар



Хулиан Ребон, Аргентина

Ақыр заман әлде Капитализмнің соңы ма?



Лесли Склейр, Ұлыбритания

> ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНДАҒЫ КАПИТАЛИСТІК ИГЕРУ

Латын Америкасында жаңа кен игеруден түскен табыстың дауы



Маристэлла Свампа, Аргентина

Эквадордағы экстрактивизм Жаңа Өмірге қарсы



Уильям Захер және Мишель Баэс, Эквадор

Мексикадағы қауымдар күресі



Мина Лорена Наварро, Мексика

Аргентинадағы жаңа экстрактивизм



Мариан Сола Алварез, Аргентина

> ЕСКЕ АЛУ: ВЛАДИМИР ЯДОВ, 1929-2015

Ашық әлеуметтануға арналған өмір



Михаил Черных, Ресей

Ғалым және гуманист



Андрей Алексеев, Ресей

Ұстаз,Әріптес әрі досыма



Татьяна Протасенко, Ресей

Менің естелігім



Валентина Узунова, Ресей

Кеңестік және посткеңестік әлеуметтанудағы ірі тұлға



Геворг Погосян, Армения

2

4



7

11

14



17

19

22



24

26

28



30

32

34



36

38

40



41

> Ауа–райының

   өзгеруі саясаты

Ауа-райының өзгерісі бойынша париж саммиті 

кезіндегі көшелердегі наразылық. Суретті 

түсірген Герберт Досена.

 4

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>

К        

лиматтық  әділеттілік  үшін  қозғалыстың 

кейбір  мүшелері  үшін  жаһандық  күрестің 

шекарасы БҰҰ ауа-райының өзгеруі жөніндегі 

саммиті өтіп жатырған бекіністі ғимараттың 

түбінен өтеді: сыртында біз «Ауа-райының өзгерісі емес, 

жүйенің  өзгерісін»  талап  етіп,  көшеде  шеруде  жүрген 

әртүрлі елдерден келген «қозғалысты» немесе «халықты» 

көреміз. «Ішінде» жүйені мүлтіксіз сақтау үшін күресетін 

мемлекеттер  мен  корпорациялардың  ресми  өкілдері. 

Сондықтан  ауа-райының  өзгеруі  жөніндегі  саммит 

қарсаңында  қозғалыстың  ардагері,  белсенді  Ребекка 

Солнит  «Париж  көшелеріндегі  адамдар»  мен  «Ле 

Бурженің  мәжіліс  залдарындағы  адамдар»  деп  жазды. 

Оның пайымдауынша, мәжіліс залындағыларда «әлемді 

өзгертетін билік» бар.

«Мәжіліс  залдар»  мен  «көшелер»  арасындағы  осы 

шекараны,  сондай-ақ  осындай  шекарасы  бар  басқа 

Герберт Досена, Калифорния университеті, Беркли, АҚШ, ХӘҚ «Еңбек қозғалыстары» (ЗК44) 

зерттеу комитетінің мүшесі

қозғалыстарды түсіну ауа-райының өзгеруі саясатының 

бағыттарын  түсінудің  іргетасы  болып  табылады.  Бірақ 

мұның  астарында  екі  жақтың  ішкі  күресінің  өзгеріп 

және күрделеніп отырған бағыттары жасырынып жатыр 

және  осы  жағдай  шындығында  жүйені  сол  күйінде 

қалдыра отырып, оны өзгерту үшін «мәжіліс залындағы» 

адамдарды «көшедегі адамдардың» өз жағына шығаруға 

тырысатынын біздің көруімізге кедергі жасайды.



> Мәжіліс залдарындағы күрес

Мемлекеттік  шенділердің,  кәсіпкерлердің,  сарапшылар 

мен  басқа  акторлардың  көбі,  тіпті  басым  бөлігі  десе  де 

болғандай жүйені өзгертпеу үшін қолынан келгенін жасап 

бағуда.  Тек  қана  өз  елдерінің  бәсекеге  қабілеттілігін 

немесе өз компанияларының пайдасын күйттей отырып, 

олар ауа-райының өзгеруі мәселелерін шешуде  жаһандық 

капитализмді реттеуге қарсы және олардың жүзеге асырған 

іс-қимылын қоршаған ортаға қатысты тек қитұрқы және 

жалған мәлімдеме деп анықтауға ғана болады.

Дегенмен,  билік  басында  отырғанның  барлығы 


 5

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

>>

көрсоқыр  емес.  Шындығында,  1970-1980-жылдардан 



бастап әлемдік элитаның бір бөлігі капиталистік мәнді 

сақтай отырып, жүйені өзгертуге талпынысқа күш сала 

бастады. Радикал зиялылар, ғалымдар, жазушылар жүйені 

түбегейлі өзгерту жөніндегі, тіпті жаһандық экологиялық 

мәселелерді шешудің әдісі ретінде капитализмді жоюды 

ұсынған үндеулерін жақтайтындардың санын арттырды, 

дамыған  елдермен  қатар  дамушы  елдердегі  элиталар 

желісі жаһандық реттеу, реформалар мен жеңілдіктерге 

қол  жеткізу  үшін,  ең  кем  дегенде  капитализмнің 

экологиялық  қарама-қайшылықтарын  басқару  мен 

жаһандық жылудан аса зор зардап шегіп отырғандарды 

белгілі бір көмекпен қамтамасыз ету үшін бірлестіктер 

құра бастады.

«Жүйелік өзгерістерді сақтаушы жүйені» ұсына отырып, 

осы  реформашыл  элиталар  және  олардың  жобасына 

тартылған  төменгі  таптағылар  консерватор  элитаға 

қарсылық  көрсетіп,  олар  ұсынған  реформалар  мен 

шараларға  қарсы  шықты.  Осылайша,  1980  жылдардан 

бастап,  реформашылдар  арасындағы  келіспеушілік 

тереңдей түсті.

Берік  ұйымдасқан  және  беріспейтін  оппозициямен 

бетпе-бет  келген  кейбір  реформаторлар,  мен  популист 

реформаторлар  деп  есептейтін  АҚШ-тан  Экологияны 

қорғау Қоры, Фредд Крапп немесе сенатор Алберт Гор 

және  басқа  ресми  тұлғалар,  қорлардың  жетекшілері, 

сарапшылар 

немесе 

дамыған 


және 

дамушы 


елдердің  белсенділері  өз  реформаларын  тек  олармен 

(консерваторлығы басым элитамен) одақ құрған жағдайда 

ғана сақтай алатыны туралы пікір білдіріп отыр.

Одақ  құра  отырып,  олар  консерваторлық  талаптарды 

қолдайтын  жергілікті  және  жаһандық  шараларды 

қолдады.  Әлемдік  деңгейде  олар  дамыған  елдер  үшін 

ауаға тасталатын заттардың көрсеткіштерін төмендетуге 

мәжбүр  ететін,  осы  көрсеткіштерге  қол  жеткізу  үшін 

көмірсутектерді  сату  және  басқа  нарықтық  тетіктер 

арқылы  оларға  көбірек  икемділік  беру  және  оларды 

нашар  дамыған  елдерді  маңызды  және  технологиялық 

трансферттермен  қамтамасыз  ету  жауапкершілігінен 

босататын халықаралық келісімдерді  қолдай бастады.

Осы  жеңілдіктер  консерваторлардың  талаптарын 

қанағаттандырмағандықтан,  реформашыл  элита    2009 

жылы Копенгагенде өте әлсіз келісімге («төмендегілердің 

тілегі»)  уәде  бере  отырып,    бұрынғыдан  да  көлемді 

жеңілдіктерге  бара  бастады,  шынтуайтына  келгенде,  

Парижде  1990  жылдары  кейбір  аса  маңызды  емес 

өзгерістермен  үкіметтер  қабылдаған  келісімнің  тап  өзі. 

Бірақ «іштегілер» де, «мәжіліс залындағылар» да осындай 

стратегияға біртіндеп күмәнмен қарайтын болды. Жүйені 

өзгертпекші  болған  әрекеттерінің  табысты  болмауына 

көңілі қалған осы прогресшіл пікірдегі ресми тұлғалар, 

дамыған  және  дамушы  елдер  үкіметтерінің  мүшелері, 

қорлардың  және  экологиялық  ұйымдар  реформашыл 

жобаларды  сақтап  қалу  үшін  консерваторлармен  емес 

«төмендегі»  қозғалыстармен,  «көшедегі  адамдармен» 

одақтасу керек деген пікірге тоғысты.

Француз электр желілері сияқты топтар қолдаған ауа райы 

туралы келісім заңнамасы бойынша консерваторлардың 

кезекті  жеңісінен  кейін,  1Sky  директоры  (жаһандық 

жылынуға  қарсы,  кейінірек  350.org  негізін  қалаушы) 

Билл МакКиббен 2010 жылғы ашық хатында: Қоғамдық 

қозғалыстарға 

салатын 


инвестицияларымызды 

екі  еселеуіміз  керек  […]  Қоғамдық  қозғалыстарға 

салынатын  ұзақ  мерзімді  инвестициялардың  болмауы 

алға  қарай  жылжу  қабілетімізден  айырғанына  кәміл 

сенімдіміз  […]  Әрине,  бұл  бір  түнде  шешімін  табатын 

жәйт  емес,  жылдар  бойы  еңбекті  және  уақыт  пен 

ресурстардың  көлемді,  шыдамды  инвестицияларын 

талап етеді», – деп тұжырым жасайды. Осындай дәйектер 

реформашыл  топтар  арасында  үлкен  серпіліс  туғызды. 

Экологтардың  сәтсіз  талпыныстарын  болжаған  2013 

жылы  Рокфеллерлер  отбасының  тапсырысы  бойынша 

жүргізілген  танымал  зерттеуде  белгілі  әлеуметтанушы 

Тед  Скочпол  іс  жүзінде  МакКиббеннің  және  «Француз 

электрожүйесі»  сияқты  компаниялардың«инсайдерлік 

саясатын» 

сынағындардың 

ойларын 

қайталады 

және  осындай  сынның  орнына  «халықтық/танымал 

қозғалыстарды» ұйымдастыруды ұсында.



> Көшедегі реформашылдар 

2000-жылдардың  соңынан  бастап,  осы  стратегияға 

сәйкес 

популист 



реформаторлар 

«қоғамдық 

қозғалыстарды 

құрастыруға» 

«инвестицияларды» 

«еселеді»,  радикалды  жобаларға  радикалдар  тартқан 

топтарды  жұмылдыру  үшін  көп  күш-қуатты,  ынта  мен 

ресурстарды жұмсады.

Осы  топтарды  жеңу  үшін,  радикалдар  біраздан 

бері  өз  бағдарламаларының  «шағын»  бөлімі  ретінде 

анықтайтын  жеңілдіктерге  реформаторлар  барлық 

күштерін жұмылдырды. Осылайша, көмірсутегімен сауда 

жасау сияқты нарықтық нормативтерге олар қарсы емес 

екеніне қарамастан Маккиббен және оның Гринпистегі 

және  басқа  экологиялық  ұйымдардағы  жақтастары 

негізінен тікелей «нарықтық емес» ережелерді қолдады, 

ол  –  пайдалы  қазбаларға,  отын  өндірісіне  тыйым  салу, 

бұл  тыйымдар  өндірістен  зардап  шегуші  жергілікті 

елдімекендерге  тікелей  пайда  әкеледі,  олар  «мұны» 

[мұнай,  көмір,  газ]  «жер  астында  ұстау»  идеясын,  бір 

кезде  капиталистердің  әсіре  қарсыластары  алғаш  рет 

таратқан идеяны қолдайды.

Әдетте олар батыл, амбициялық халықаралық келісімге 

және  дамыған  елдерді  ауаға  тасталатын  заттарды 

қысқарту  көлемін  арттыруға,  көмірсутегімен  сауда 

жасаудан  мүлдем  бас  тартуға  немесе  осы  сауданы 

реттеуші  ережелерді  қатайтуға,  сонымен  қатар  әлжуаз 

топтар  үшін  қомақты  қаржылық  және  технологиялық 

трансферттер  бөлуге  үндейді.  Осылайша,  олар  2009 

жылғы  Копенгаген  келісіміне  қарсы  шығады  және 

Парижде  жақында  ғана  қол  қойылған  2009  жылғы 

Копенгаген  келісіміне  ұқсас  жаңа  келісімге  басқа 

реформашылдардан  гөрі  сыни  көзбен  қарайды.  Бірақ 

осы  сияқты  келісімдер  мен  ережелер  «серіктестік» 

немесе  «Climate  Action»-ды  («жасыл  экономика»  мен 


 6

GD 


6/ 1 / 2016 НАУРЫЗ

тұрақты дамуды қолдайтын халықаралық ұйым) қолдау  

үшін  корпорациялар  мен  үкіметтерді  «лоббилеу» 

арқылы жүзеге асуы мүмкін емес деген пікір бар, олар 

корпорациялар мен үкіметтерге қарсы конфронтациялық 

әрекеттерді  көбірек  жүзеге  асыру  үшін  бар  ынтасын 

ұйымдастыруға және студенттер, жұмысшылар, ауылдық 

қауымдар  және  ішкі  айналымнан  тыс  қалған  басқа  да 

«аутсайдерлермен»  ынтымақтасуға  жұмсап,  ұстамды 

реформашылдармен байланыстан бас тартты. 

МакКиббен 

антикапиталистік 

ұстанымнан 

қашқақтағанына  қарамастан,  350.org.  революциялық 

және 

антикапиталистік 



кеңестің 

мүшелігіне 

неолиберализмге  қарсы  авторды  шақырды.  350.org 

-тың жергілікті белсенділері тек Солтүстікте ғана емес, 

сонымен  қатар  Филиппиныда  көмір  жағатын  электр 

станцияларына  және  басқа  ыластайтын  энергетикалық 

жобаларға қарсы жергілікті қауымдастықтардан қолдау 

тапты. 


МакКиббен  және  350.org  басқа  да  белсенділері 

Парижде  «халық  трибуналының»  эмитациясын  жасап, 

онда «климат скептиктері» мен «climate action»-ге қарсы 

саясаткерлерге  демеушілік  көрсеткен  алып  корпорация 

Exxon-ның  әрекеттерін  «тергеу  жүргізді».  Олар 

басқа  ұстамды  реформашыл  топтар    ашық  қарсылық 

білдіргенде  немесе  оларды  инвестициялаудан  бас 

тартатынына емеурін танытқанда саммиттің соңғы күні 

аса ірі азаматтық мойынұсынбау акциясын ұйымдастыру 

және ресурстар бөлу мақсатында анархистер және басқа 

антикапиталистік топтармен тығыз ынтымақтаста болды. 

Басқа  реформаторлармен  салыстырғанда  радикалды 

топтармен  одақтасып,  іріткі  салатын  әрекеттерді  жиі 

таңдауға  ығыса  отырып,  алға  қарай  жылжыған  кезде 

популист реформаторлар өздерінің антикорпорациялық/

неолибералдық  ұстанымы  шекарасынан  шығып, 

антикапиталистік  ұстанымға  қарай  жиі  бағыттала 

бастады. Осылайша, МакКиббен мен оның компаниясы 

Exxon-ды өздерінің «халықтық трибуналында» айыптап 

жатты, дегенмен олар Exxon-ды ғана емес, капитализмді 

сақтауда  «ауа  райының  өзгерісіне»  ықпал  ететін  басқа 

корпорациялар  мен  үкіметтерді  айыптап  өз  «халықтық 

трибуналдарын» 

ұйымдастырған 

белсенділерді 

қолдаған  жоқ.  350.org  мүшелері  париждік  саммиттің 

соңғы  күніндегі  азаматтық  мойынұсынбау  бұқаралық 

акциясын ұйымдастыруға тап осылай көмектесті. Басқа 

ұйымдастырушылар қатысушыларға Триумфалды Арка 

және Ла Дефанс іскерлік ауданындағы мемлекеттер мен 

капиталистерге  қарсы  тұратынын  жария  етсе,  350.org 

таратқан  материалдарда  күрестің  басты  және  жалғыз 

бағыты  -  тек  өндіруші  кәсіпорындар  мен  «жаман 

капиталистер» деген атқа ие болғандар.

Сол акция күні анархистер мен басқа антикапиталистік 

топтар,  аз  қаржыландырылған  топтар  «Өлтірілмейтін 

жүйе»  немесе  «Капитализм:өткен  шақ»  жазуы  бар 

деген  қолдан  жасалған  қағаздарды  алып  келіп,  көтеріп 

тұрған  кезде,  мықты  қаржыландырылған  350.org 

мүшелері көлемі 2x200 метр болатын «Ауа райына қарсы 

қылмысты  тоқтатыңдар»  және  «Жер  қойнауынан  бәрін 

алмаңдар» деген үлкен баннер ұстап тұрды – екі плакат 

та акциядағы кішкентай қағаздар мен баннерлерден ғана 

емес,  сонымен  қатар  «АУА  РАЙЫН  ЕМЕС,  ЖҮЙЕНІ 

ӨЗГЕРТУ» деп жазылған негізгі баннерді де басып озды.



  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал