Көп уақыт өтпей-ақ ханшайым өмірге қыз әкеледі



Дата13.02.2023
өлшемі16,57 Kb.
#67405
Байланысты:
белоснежка


Белоснежка
Автор: Қыс мезгілі болатын. Аспаннан ақша қар мамық жүндей қалықтап, жайлап жерге қонып жатыр. Жақтаулары қара ағаштан жасалған терезенің алдында кестесін тігіп, ханшайым отыр. Ол мына ғажап көріністі тамашалаймын деп, саусағына ине кіргізіп алады. Үш тамшы қан аппақ қардың үстіне тамады. Қар бетіндегі қызыл тамшылар оған сондай әдемі болып көрінеді. Сонда ол:
Ханшайым: «Шіркін, бет-жүзі мына қар сияқты аппақ, бетінің ұшы мына қан сияқты алқызыл, шашы мына терезенің жақтауларындай қап-қара бір нәресте тусам ғой!» деп ойлайды.
Автор: Көп уақыт өтпей-ақ ханшайым өмірге қыз әкеледі. (Осы кезде Белоснежка шыгад озин корсетип) Ол қыздың беті қар сияқты аппақ, бетінің ұшы қан сияқты алқызыл, шашы терезенің қара ағашындай қап-қара болады. Сол себепті де оған Ақшақар деген ат қояды. Алайда ханшайым нәресте туылған кезде қайтыс болып
Автор: Алайда ханшайым нәресте туылған кезде қайтыс болып кетеді. Бір жыл өткен соң патша басқа әйелге үйлене(Аяулым шыгад тоже озн корсетип) өте сұлу, тәкаппар әрі өркөкірек болатын. Ешкімнің сұлулығы өзінен асып кеткенін қаламайтын. Оның сиқырлы айнасы бар екен.(Раука)
Ол сол айнаға қарап отырып, үнемі одан:
– Айнам менің айтар ма екен, Бұл дүниеде Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайтын. (Аяулым)
Сонда айна оған:
– Ханшайымым менің, Бұл дүниеде Сізден асқан сұлу жоқ, – деп жауап беретін. (Раука)
Автор: Ханшайым бұған мәз болатын. Өйткені айнасы өтірік айтпайтынына сенетін. Бұл уақытта Ақшақар да әдемі қыз боп бойжетіп келе жатқан. Жеті жасқа келгенде, жүзі нұрланып, ханшайымнан да сұлулана түседі.
Бір күні ханшайым айнасынан:
– Айнам менің айтар ма екен,
Бұл дүниеде Менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды. Сонда айнасы:
– Ханшайымым менің,
Бұл дүниеде
Сіздің сұлулығыңыз елден артық,
Ақшақардың сұлулығы сізден мың есе артық, – деп жауап береді.
Автор: Мұны естіп ашуға булыққан ханшайым біресе көгеріп, біресе сазарды. Осыдан соң Ақшақарды көрсе, жүрегі қарс айырылатын болды. Қызды барынша жек көре бастады. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады.
Ақырында, бір күні аңшыларының біреуін алдына шақырып алып, оған:
– Мына қызды орманға апарып, көзін құрт. Өлтіргеніңнің дәлелі ретінде маған оның өкпесі мен бауырын алып кел. Мен қызды көргім келмейді, – деп тапсырма береді.
Аңшы қызды ертіп, орманға келеді. Қанжарын суырып алып, бейкүнә қыздың жүрегіне сұғып алмақ болғанда, Ақшақар:
– Қайырымды ағатай, мені өлтірмеңізші. Мен алысқа, қалың орман ішіне кетіп қаламын, ешқашан үйге оралмаймын, – деп еңіреп жылайды.
Қыз сондай сүйкімді болғандықтан, аңшы оны аяп:
– Жарайды, сенің айтқаның болсын, жүгір, қаш! – деп қоя береді.
Байғұс қыз қалың орманда жалғыз қалады. Кенет, ол кіп-кішкентай үйшікті байқайды. Аздап демалмақ оймен үйшікке кіреді. Үйшіктің ішінде аппақ дастарқан жаюлы тұрады. Дастарқанның үстіне жеті кішкентай табақ, әр табақтың жанына кішкентай қасықтар және жеті пышақ пен жеті шанышқы қойылыпты. Қабырғаның бойымен жеті кереует тұр екен. Ал олардың үстіне аппақ жамылғылар жабылыпты.
Кеш батып, қараңғы түскен мезгілде үй иелері оралды. Олар жеті гном екен
Бірінші гном:– Менің орындығыма кім отырған? – дейді.Екіншісі:– Менің табағымнан кім ас жеген? – дейді. Қалғандары да дәл осылай қайталайды. Бірінші гном жан-жағына қарап, төсегіндегі кішкене қыртысты көріп:– Менің кереуетіме кім жатқан? – дейді.
Жетінші гном өз кереуетіне жақындаса, төсегінде Ақшақар ұйықтап жатыр екен.
Ол басқаларын қасына шақырады. Барлығы жүгіріп келіп, аң-таң болады. Шамдарын әкеп, қыздың бетіне жарық түсіреді.
– О, міне, ғажап! Қандай сұлу қыз!
Бірақ гномдар жылы қабақ танытып:
– Сенің атың кім? – деп сұрайды.
– Менің атым – Ақшақар, – деп жауап береді қыз.
– Біздің үйшікке қалай тап болдың?
Ақшақар өгей шешесінің өлтіргісі келгенін, аңшы оны аяп, босатып жібергенін, күні бойы қашып жүріп, осы үйшікті тапқанын айтып береді.
Гномдар:
– Үй шаруасымен айналыса аласың ба? Тамақ істеу, төсек жинау, кір жуу, тігу, тоқу қолыңнан келе ме? Үйді таза ұстауды білесің бе? Егер осы айтқандарға келіссең, осында қалуыңа болады. Ештеңеден қиналмайсың. Бәрі жетеді, – дейді.
Ақшақар:
– Жақсы, – деп қуанып кетеді.
Содан бастап ол гномдармен бірге тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет