Аталық пен аналықтың құрылысы Гүл формуласы дегеніміз гүл құрылысын, гүл бөлімдерінің латынша атының бас әрпімен белгілеу. Мысалы: қызғалдақ гүлінің формуласы: К3+3 А3+3 Ж(3), алма ағашының гүлі Т(5) К5 А& Ж (5), қияр аналық гүлі Т(5) К(5) А0 Ж(3), бақ-бақ гүлі Т0 К(5) А(5) Ж(3). “Біліміңді тексер” деңгейлік тапсырма Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық). 1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. 2. Тозаң ұясы бар. 3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. 4. Үлпекке айналған бөлігі. 5. Жәндіктер қоректенеді. 6. Шірне бөлетін бөлігі. 7. Жабысқақ сұйықтық бөледі. 8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі. 9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. 10. Хош иіс шығаратын бөлігі. 11. Мойны бар.
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. (Ж)
2. Тозаң ұясы бар. (А)
3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)
4. Үлпекке айналған бөлігі. (Т)
5. Бунақденелілер қоректенеді. (К)
6. Шірне бөледі. (К)
7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.(ж)
8. Ұшы ілмекке айналған. (Т)
9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)
10. Хош иісті. (К)
11. Мойны бар. (Ж)
Достарыңызбен бөлісу: |