Көркем очерктегі уақыт тынысы



жүктеу 104.22 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі104.22 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Көркем очерктегі уақыт тынысы 

 

Кӛркем  очерктерден  дәуір,  уақыт  тынысы  аңғарылып  отырған 

жағдайда ғана кейіпкерлер бейнесі даралық қасиеттерімен танылып, ӛзі ӛмір 

сүрген  ортасының  ішкі  қайшылықтары  айқын  кӛрінгенде  ғана  ӛз  межесіне 

жеткені болмақ. Жазушы ӛз заманы мен халық тағдырын алға тарта отырып, 

сол  қоғамда  болған  әр  алуан  оқиғаларды,  құбылыстарды,  ӛзгерістерді, 

болмысты,  тіршілік  іс-әрекеттерін  жинақтап  барып,    кӛркемдік  шындыққа 

қол  жеткізеді.  Мұны  Б.Майлин,  І.Жансүгіров,  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 

Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин,  Ә.Нұршайықов,  М.Иманжанов,  Ғ.Сланов, 

Х.Ерғалиев сияқты әйгілі суреткерлер шығармаларының қай-қайсысынан да 

айқын  кӛруге  болады.  Бұл  дәстүр  әдебиеттің  кез-келген  жанрында  қанат 

жайған  және  дәуір  тынысымен  замана  жайын  әр  ақын-жазушы 

шығармаларында  әр  қырынан  кӛрсетуге  күш  салады.  Яғни,  жазушының 

ӛмірге деген кӛзқарасы ашық бояумен суреттеліп, озық идеяларға жол ашса 

ғана бұл шығармалардың оқырманға берері, тәрбиелік мәні зор болады. 

Қазақ  әдебиетіндегі  очерк  жанры  ХХ  ғасырдың  жиырмасыншы 

жылдарындағы  дербес  жанр  ретінде  пайда  болып,  қалыптасып,  дамыды. 

Жиырмасыншы  жылдардағы  туған  кӛркем  очерктің  түрлерін  ақын-

жазушыларымыз  белгілі  бір  мәселелер  тӛңірегіндегі  әсерлері  мен 

кӛргендерін  қағазға  түсіріп,  очеркпен  кӛмкерген.  Ең  алғаш  рет  1930-1933 

жылы “Социалистік Қазақстан” газетінде “Жолдан”  деген айдармен очерктің 

жол-сапар  түрі  туа  бастады.  “Жолданмен”  қоса  “Жазушының  қойын 

кнежкесінен”  деген  суреттемелер  қазақ  әдебиетіндегі  кӛркем  очерк 

дәрежесінде  жазылған  алғашқы  очерктер  болып  саналады.  Кейіннен  осы 

“Жолдан” айдары орнына “Очерк” деген ат қойылған. 

Бейімбет Майлиннің “Жолдан” айдарымен берілген жол жазбаларының 

барлығы  дерлік  кӛркем  очеркке  жатады.  1928  жылдары  Қазақстан  даласын 

аралаған  Ілияс  Жансүгіров  Түрксиб  темір  жолы  құрылысында  атқарылған 

істер туралы “Түрксиб” деген атпен очерк кітабын жазған. 

 

1920-1930 жылдары  “Социалистік Қазақстан”, “Лениншіл жас”, “Жаңа 



әдебиет”,  “Әдебиет  майданы”  басылымдарында  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 

Ғ.Мүсірепов, 

Ғ.Мұстафин, 

С.Ерубаев, 

Ш.Құсайынов, 

С.Шәріпов, 

Ә.Қоңыратбаев, т.б. қазақ жері, елі туралы кӛптеген очерктік шығармаларын 

жариялаған. 

 

Қазақ  әдебиетіндегі  кӛркем  очерк  дамуына,  жаңа  сапалық  дәрежеге 



кӛтерілуіне  орыс  классикалық  әдебиетінің  тегеурінді  ықпалы  болғандығын 

жоққа  шығаруға  болмайды.  Очерк  жанрының  қазақ  әдебиетіндегі 

табыстарын  қарастыратын  болсақ,  орыс  әдебиеті  классиктерінің  жазу 

техникасы  мен    композиция  құрудағы,  сюжет  табу,  образ  жасаудағы 

шеберлік  тәсілдерін    меңгерудегі  жетістіктерден  кӛп  үйренгендігі  де 

шындық. 


ХХ ғасырдағы замана шежіресін жасау, сол кезеңнің қаһармандарының 

тұлғасын  мүсіндеу  еншісі  очеркистерге  тиген.  Ӛмірмен  ӛкшелесіп  отырған 

жазушыларымыз,  Қазақстан  тарихында  мән-маңызы  мол  бесжылдық  жайлы 

кӛп жазып, ӛмір дүбірінен шет қала алмайды. Осы алғашқы бесжылдықтарда 

еңбек  еткен  адамдардың  басынан  кешкен  оқиғалардың  жаршысы  да 

очеркистер. Бірінші бесжылдық тұсындағы салынған завод, фабрика, электр 

станциялары,  темір  жолдар  очерк  жанрының  басты  тақырыбы  болды. 

Алғашқы  бесжылдық  жылдарында  Қазақстанда  Қарағанды,  Балқаш, 

Қарсақбай, Текелі сияқты қалалар, жүздеген мектеп, аурухана, кітапханалар 

салынып,  осы  жаңалықтарды  жазушы  –  публицистеріміз  очерк  арқылы 

жұртшылыққа жеткізіп отырды. 

1930  жылдарда  Б.Майлин    шығармаларында  очерк  жанрының  алатын 

орны  ерекше.  Ол  туралы  профессор  Темірғали  Нұртазин:  “1920-1930 

жылдары Б.Майлин очеркті де кӛптеп жариялап, қаламгерлердің кӛбінен кӛш 

бойы  озық  отыра,  оның  алпыс  шамалы  очеркі  газеттер  мен  журналдардың 

бетінде  кӛпшілікке  жетіп,  оқушы  қалың  бұқараға  игі  әсер  жасады,  советтік 

рухта  тәрбиелеуге  кӛмектесті,  очерк  жанрын  дамытуда  мол  қор  болды, 

очерктік  дәстүр  құрап,  ол  саладағы  талаптылардың  талай  буынына  үлгі, 

ӛнегелі мектеп секілді болды” [1,308],- деп жоғары баға береді. Шынында да 

Б.Майлин  1933  жылы  очеркті  ӛндіріп  жазып,  ел-жерді  кӛп  аралап,  қазақ 

даласындағы  ӛндіріс  ошақтарының  қал-күйін  тереңнен  толғады.  Осы 

жылдың  ӛзінде  жазушының  “Социалистк  Қазақстан”  газетінде  жиырмадан 

астам  очеркі  жарық  кӛрген.  Шымкентті  аралап  жазған  очерктерін  жазушы 

1934  жылы  “Алыптарды  аралағанда”  деген  атпен  жеке  кітап  етіп  шығарды. 

Тек  оңтүстік  ӛңір  ғана  емес  кӛмірлі  Қарағанды  туралы  да  “Қарағанды”, 

“Борамбайдың бірінші адымы”, “Бәстескенде байқалды”, “Қайла қайралды”, 

“Болат  құстың  кеудесінде”,  “Екінші  күн”,  “Оқытушылар”    деген 

туындыларын  ұсынды.  Осы  очерктеріндегі  Мірсұлтанов,  Хамит,  Борамбай 

Қонысбаев  образдары  арқылы  Б.Майлин  дәуір  қаһармандарының  озық 

қасиеттерін  ашатын  саяси,  интелектуалдық,  адамгершілік  сипаттарын  терең 

пайымдап,  сан  тұлғалар  жасаған.  1935  жылы  Балқаш  мыс  қорыту  зауыты 

туралы  да  біраз  туындыларын  ұсынып,  Қоңырат  ӛңірі  байлығын  игерген 

адамдар  ерлігін,  сауатсыздықты  жою  жолындағы  күресін,  сол  кезеңдегі 

қарбалас  еңбек  дүбірін,  тіршілік  тынысын  барынша  шыншылдықпен 

кӛрсетеді.  Жазушы  кез  келген  қаһарманын  ӛз  ортасында,  қарым-қатынас 

жасау  үстінде кӛрсете  отырып,  сол  қоғам  шындығын,  уақыт  тынысын  ішкі-

сыртқы  жағдайлармен  астастырып  қою  бояумен  бере  білгендігі  Б.Майлин 

очерктерінің артықшылығының бір қыры. 

Ғабит  Мүсіреповтің  1933  жылы  жазылған  “Шұғыла”  очеркі  жолжазба 

түріндегі  очеркке  жатады  және  сол  кезеңдегі  зорлықпен  құрылған  “Алып” 

колхозы туралы бұл туындыда елдің тұрмыс тапшылығы, тӛтенше ӛкілдердің 

қарапайым елге тізе батырып, ӛз тұрмысын жӛндеп  алған  ұлықтары туралы 

жазылады. Қазынаның халыққа деп жіберген азын-аулақ бұйымы қарапайым 

жұртшылықтың  қолына  тимей,  ұстағанның  қолында,  тістегеннің  аузында 

кетіп  отырғаны  кеңінен  әңгіме  болады.  Жүз  пайызға    колхоздасып  болсын 


деген  бұйрықтан  кейін  Смағұл  деген  азамат  алдындағы  жалғыз  сиырын 

ӛткізіп,  ортаға  түсіп  кеткен  сиырын  қайта  қайтарып  алған  Смағұлдың 

басынан кешкен оқиғалары шындықпен суреттеледі. Киіз үйден қала тұрғызу 

үшін  бұрын  бӛлек-бӛлек  отырған  ауылдарды  біріктіріп  “қала”  атай  салған 

басшылар  ісі  сынға  алынады.  Автор  ол  қаланың  кӛшелерінің  аттары  мен 

нӛмірлері бар екенін былай баяндайды: “... Қала Шокін кӛшесі, Елтай кӛшесі, 

Құрамыс кӛшесі... Үйлердің маңдайшасында қағазға жазып жапсырып қойған 

нӛмірлері де бар” [2,34],- дейді. Осында қазақ арасындағы ӛткінші, тұрақсыз 

“уақытша қала”, ықтырма-пана “шұғыла” сияқты құбылыстарды, орын алған 

жайсыз  жағдайлардың  бәрі  халықтың  тӛзімділігін  бітіріп,  жолсыздық, 

сорақылықтардың  ұзаққа  бармайтынын  автор  кӛрегендікпен  жазған.  Бұл 

очерктің  басына    автор  эпиграф  ретінде  “Кӛркем  сӛз  шебері  Би  ағама 

арнаймын”  деуінің  себептері  жоқ  емес.  Біріншіден,  бұл  очерктің 

Б.Майлиннің “Даудың басы Дайрабайдың кӛк сиыры” сарынымен жазылған, 

екіншіден, жазушы Б.Майлин шеберлігін ӛмір бойы үлгі тұтып ӛткен. 

1930  жылдары  очерктен  кӛбірек  қалам  сілтеген  Ілияс  Жансүгіров 

Түрксиб  тақырыбына  бірнеше  очерк  жазған  “Жол  аузында”,  “Шоқпардың 

шоқтығында”,  “Тӛрт  жолдың  торабы”  деген  туындыларында  жаңа  құрылыс 

ерлерін,  қиыншылықтар,  қақтығыс,  ықылас,  ӛштіктерді  терең  суреттеген. 

1931-1934  жылдары  жазылған  “Октябрь”,  “Сталин  колхозы”,  “Жарыс”, 

“Тӛменнен толқын”,  “Бейсетай бригадасы”, “Соқашылар”, “Қоян-құс” деген 

очерктеріне  колхоздастыру  кезеңінің  қиыншылықтары,  жетістіктері, 

жаңалықтары  мен  сол  кезеңдегі  социалистік  жарыстың  мәні  арқау  болады. 

Мұнан  жазушының  обьективті  ӛмірдің  ағыстарын  бар  даусымен 

насихаттағанын,  қарапайым  халық  әрдайым  жасампаздық,  жаңалық,  игілік, 

отаншылдық  жағына  бейім,  жақын  болатынын  публицистік  тілмен  шебер 

жеткізе білген. 

1933-1934  жылдардағы  баспасӛз  беттерін  ақтарсақ  Е.Ысмайыловтың 

“Жетінші  штрек”,  Ш.Құсайыновтың  “Донбасс-  Қарағанды”,  С.Ерубаевтың 

“Күрестің түйісінде”, М.Әуезовтің “Қарғалы совхозындағы ӛткен тӛрт күн”, 

“Жуалы  колхозшысы”,  Ғ.Мұстафиннің  “Алыптың  кереметтері”  деген 

очерктерін  табуға  болады.  Алдыңғы  екі  автор  да  ӛз  шығармаларын 

Қарағандыға арнап, ондағы шахтерлер еңбегін, ӛмірін қамтып жазады.  

Сонымен  1930  жылдары  очерк  жанры  мықтап  бой  кӛрсетіп  қана 

қоймай,  адамтану,  ӛлкетану,  еңбектану  қызметтерін  атқарған,  бірінші 

бесжылдық шежіресін, Қазақстанда ӛркен жайған ӛнеркәсіп орындарын, онда 

жұмыс  жасаған  еңбек  адамдарының  ӛмірін  молынан  қамтыған,  шежіреге 

айналдырған  деуге  болады.  Бұл  кезеңде  очерктің  кӛркемдік  сапасы  әлі  де 

жетілдіруді  талап  ететін  деңгейде  болды.  Оған  С.Мұқановтың  мына  пікірі: 

“Революциядан  бұрын  жаңа  туа  бастаған  еді”  деген  қазақ  прозасы  советтік 

дәуірдің 

алғашқы 


жылдарындағы 

материалдар 

күнделік 

ӛмірдің 


тақырыбынан  алынды  да,  қысқа  очерктер  мен  әңгімелер  түрінде  жарыққа 

шығып отырды. Бұл очерктер мен әңгімелер советтік құрылысты насихаттау 

жағынан  бағалы  болғанымен,  кӛркем  әдебиет  тұрғысынан  қарағанда  әлсіз 

еді”  [3,304],-  деген  пікірі  орынды.  Бұл  очерктерде  кӛбінесе  ӛмір  фактілері 



жадағай  баяндалып,  жалпылама  кӛрсетіліп,  адамның  ішкі  жан-дүниесі, 

психологиясы  ашылмай  қалып  отырған.  Қазақстан  ӛмірінде  болып  жатқан 

экономикалық,  саяси  ӛзгерістер,  яғни  завод,  фабрика,  ӛнеркәсіп 

орындарының  пайда  болуы,  кӛбеюі,  салынуы,  туралы    очерктердің 

кӛпшілігінің  мәнсіз-мағынасыз  бос,  жылтыр  сӛздерді  кӛп  пайдаланып,  ұзақ 

сонар әңгімелеп кеткен тұстары кӛп-ақ. 

Қазақ  әдебиетінің  басқа  жанрлары  сияқты  1930  жылдардың  екінші 

жартысында очерк сан жағынан да сапа жағынан да бір саты кӛтерілді деуге 

болады.  Бұл  очерктерде  кӛркем  түйіндеу  мен  жинақтап  кӛрсету  әдістері 

ілгері  дамыды.  Сол  кездегі  “Социалистік  Қазақстан”,  “Әдебиет  майданы”,  

басылымдарында  шықққан  очерктер  1940  жылы  жинақталып  “Қазақстан” 

деген  атпен  кітап  болып  шықты.  Бұл  очерктердің  тақырыбы  да  әр  алуан. 

Очеркистер  шахталарға,  заводтарға,  фабрикаларға,  ауыл  шаруашылығына, 

оқу  орындарына  барып,  әр  саладан  ой  толғады.  Мысалы,  Ә.Әбішевтің 

“Қарағанды қарттың сыры”, І.Жансүгіровтің “Байыған Балқаш”, Ғ.Мүсірепов 

пен  А.Тоқмағамбетовтің  “Қорғасын  алыбы”,  “Дәнді  толқын”,  “Жеңілген 

сыр”,  И.  Шуховтың    “”Дән  туралы  дастан”,  Ж.Есбатыровтың  “Ақсу 

алқабында”,  С.Омаровтың  “Кереге  тас”,  А.Лекеровтің  “Егінші  әйелдер”, 

М.Әуезов пен Қ.Бекхожиннің “Мәдениетті Қазақстан” т.б. очерктерін атауға 

болады. 


Ә.Әбішевтің  “Қарағанды  қарттың  сыры”  мен  “Кӛмір  батыры” 

очерктері  Қарағандының  ӛндірістегі  озық  адамдарын  кӛрсеткен  ӛміршең 

шығармалар.  Олай  дейтініміз,  басты  кейіпкер  Түсіп  Күзембаевтың  ӛмірі 

арқылы очеркист сол кезеңдегі қарапайым жұмысшылардың рӛлі, мәдениеті, 

тұрмысы,  саяси  кӛзқарасы  туралы  кеңінен  толғап,  саналы  азамат,  үлкен 

тәрбиеші дәрежесіне кӛтереді. 

Очерк  жанрының ӛзіне  тән  стилі,  композициясы  бар  және  онда  басты 

рӛл  атқаратын  жанды  сӛз,  іс-әрекет,  қимыл  толық  кӛрінуі  тиіс.  Демек, 

очеркист кейіпкерлерді іс-қимыл үстінде кӛрсете отырып, ӛз сӛзімен баяндай 

бермей,  сондағы  істеп  жүрген  адамдардың    ӛздерінің  әңгімелеуі  іс-әрекеті 

үстінде  кӛрсетуі  тиіс.  Ә.Әбішевтің  “Қарағанды  қарттың сыры” деген очеркі 

ӛндіріс  тақырыбына  арналған,  самолетпен  ұшқан  автордың  қартпен 

әңгімелесуі, қарттың аты белгісіз болуы, очеркке біраз бӛгде әңгімелер еніп 

кетуі,  Қарағандыға  барғаннан  кейінгі  жайды  автор  тек  жалаң  цифрлар 

арқылы  баяндаған  тұстары  сәтсіз  шыққан.  Жазушы  Қарағандының  сол 

күндердегі  жетістігі,  табыстарының  сыры,  игілікті  істерге  қозғаушы  күш 

болып  отырған  себептерді  ашпай,  керісінше,  бұрыннан  мәлім  ертеректе 

Қарағандының  250  сомға  сатылғаны,  орыс,  ағылшын  капиталистерінің 

жұмысшыларды  қанағаны  туралы,  сол  кезеңде  22  шахта  болғанын  жалаң 

баяндап ӛте шығады. 

М.Әуезов  пен  Қ.Бекхожиннің  “Мәдениетті  Қазақстан”  очеркінде  сол 

кезге дейін сауатсыз болған қарапайым халықтың білім-ғылымға ұмтылысы, 

мәдениетке  талпынысы,  қараңғылық  картинасы  шебер  публицистикалық 

толғаулармен берілген. 



1938  жылы  Ғабдол  Слановтың  “Ӛмірдің  асқар  биігінде”  очерктер 

жинағы шыққан. Бұл жинаққа әр жылдары, әртүрлі тақырыптарға жазылған 

кӛркем  очерктері  енгізілген.  “Кӛктің  кӛркі”,  “Ертісті  жоғары  ӛрлегенде”, 

“Алыптың  даңқы”,  “Ӛмірдің  асқар  биігінде”,  “Қара  тон”,  “Темір”,  “Мақат”, 

“Масленщик  Қамқа”  т.б.    егіс  даласы,  ауыл  жұртшылығының  еңбегі,  Ембі 

жұмысшыларының  тұрмысы  мен  демалысын  ӛзек  еткен.  Осы  очерктердің 

ішіндегі  шоқтығы  биігі  “Жер  жаннатына  сапар”  деп  аталады.  Жазушы 

Есентуки  курортында  демалғандағы  әсерін,  Кавказдың  сұлу  табиғатын, 

А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов аттарына байланысты тарихи орындарды сәтті 

суреттеген. Очеркист Орынбордан келген қазақ жұмысшысы Қабидың ӛткені 

мен  бүгіні,  тұрмысы,    еңбектегі  ерлігін  публицистикалық  сарынмен  әсерлі 

жазылған. 1930-1940 жылдар аралығында қазақ әдебиетінде кӛркем очерктің 

жол-сапар,  портретті  түрлері  кең  қанат  жайды.  Бұл  осы  кезеңде  ел  ішінен 

озаттар,  еңбек  ерлері  күнбе  күн  топ  жарып  шығуына  байланысты  еді. 

Металлургтер    Б.Ықыласов,  Ә.Мұрынбаев,  кӛмірші  Т.Күзембаев,  сауыншы 

С.Оңғарбаева,  қызылшашы  Н.Досқожанова    туралы  очерктер  кӛптеп 

жазылды.  Сол  кезеңдегі  Қазақстан  мәдениет  қайраткерлерін  бейнелейтін 

портрет- очерктердің ӛзі бір тӛбе. Спандияр Кӛбеев, Қаныш Сәтбаев, Күләш 

Байсейітова, Дина Нүрпейісова, Жамбыл Жабаевтың қазақ даласын аралауы, 

жұмысшы  қауымға  жолығып,  жаңа  заманды  мадақтаған  мәдениет 

қайраткерлерінің  келбеті  бұл  очерктерде  жан-жақты  бедерленді.  1930-1940 

жылдары қазақ кӛркем очерктері қалыптасып, дамуында үлкен белес болды 

және  ел  ӛміріндегі  елеулі  оқиғаларға  да  жедел  үн  қосып,  шындықтың  шын 

мәніндегі жаршысы бола білді. 

1941-1945  жылдары  Ұлы  Отан  соғысы  кезеңінде  қазақ  очеркінде  

халқымыздың  асқан  ерлігінің  шежіресі  жасалды.  Барлық  ұлт  ӛкілдері  бір 

жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып,  фашист  басқыншыларымен 

шайқасқан  заматтағы  біздің  очеркистеріміз  майдан  даласындағы  батырлық, 

табандылық,  қайсарлық  туралы  жазып  қана  қойған  жоқ,  ӛздері  де 

насихаттық, үгіттік жұмыстармен майдан даласында жүріп айналысты. 

Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  қазақ  әдебетінің  тарихында  тұңғыш  әскери 

очерк  пайда  болды.  Жазушыларымыз  баспасӛзге  белсене  араласып,  майдан, 

тыл  батырларын  кӛркем  публицистиканың  арқауы  етті.  “Социалистік 

Қазақстан”, “Лениншіл жас” басылымдарында ақын-жазушылардың барлығы 

дерлік  очерктерін  жариялап,  Отан  қорғау  ісіне  ӛз  үлестерін  қосты.  Әсіресе 

әскери  очерк  жанрының  қалыптасуына  майдан  газеттері  елеулі  үлес  қосып, 

әскери  тілшілер  Ә.Сәрсенбаев,  Ж.Молдағалиев,  Қ.Әбдіқадыров,  С.Сейітов, 

С.Омаров, 

Д.Әбілов, 

А.Лекеров, 

Ж.Жұмақанов, 

Ә.Нұршайықов, 

А.Тоқмағамбетов,  Б.Момышұлы,  М.Ғабдуллин,  Б.Бұлқышев  ,  Қ.Аманжолов 

т.б.  ұрыс  шебінде  жүріп,  кӛрген-білгендерін  реалистік  тұрғыда,  патриоттық 

сезімге  толы  туындылар  берді.    Олардың  очерктері  соғыстың  шынайы 

қалпын  суреттеп,  қазақ  жауынгерлерінің  қайсарлығын,  жау  жүректілігін  ӛз 

кӛздерімен кӛріп жазғандықтан қарапайым халықтың жүрегінен бұл очерктер 

бірден жол тауып, үлкен үгіттік, насихаттық рӛл де атқарды. 



Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин,  А.Тоқмағамбетов,  Ә.Әбішев,  Ғ.Сланов, 

Ә.Тәжібеав,  Ғ.Орманов,  М.Иманжановтар  әскери  публицистикаға  ойысып, 

қан майдандағы жауынгерлердің батырлығы қарапайым халыққа ӛнеге етіліп, 

ел-жұртты  сын  сағатта  бірігуге  шақырады.  Барлық  жазушының 

публицистикасында жеңіске сенім, батыр жауынгерлерді ӛнеге тұту басым. 

Ұлы  Отан  соғысының  батырлары  сериясымен  “Жазушы”  баспасынан 

Н.Әбутәлиевтің “Боран Нысанбаев”, Е.Әлімқұловтың “Әбдуәлиев Қарақозы”, 

Ә.Әбішевтің    “Үрмеш  Түктібаев”,  Қ.Құрманғалиеваның  “Қайырғали 

Смағұлов”,  С.Мәуленовтің  “Сұлтан  Баймағамбетов”,  Ә.Нұршайықовтың 

“Махмет  Қайырбаев”,  Т.Тобағыловтың    “Сағадат  Нұрмағамбетов”,  т.б. 

очерктер  кітабы  “Жазушы”  баспасынан  шыққан.  Бұл  батырлар  туралы 

очерктерде соғыс ӛмірі кӛрсетіліп, майдан даласындағы қиян-кескі ұрыстар, 

батырлардың қаһармандық келбеті жинақталып жазылған. Демек, Ұлы Отан 

соғысы кезінде қазақ әдебиетінің жанрлары  ішінде кӛркем очерк абыройлы 

борышын атқаруға, прозаның үлкен жанрларынан гӛрі очерктің алға шығуы 

заңды  құбылыс.  Жоғарыдағы  жазушылар  қысқа,  ерекше  қимылдар  арқылы  

кӛкейде  қонымды  етіп,  Ұлы  Отан  соғысы  қаһармандарының  ішкі-жан 

дүниесінің  терең  ашып  бере  білді.  Осы  қысқа  очерктер  соғыс  кезеңінің 

шындығын  кейініректе  ірі  шығармалардың  арқауына  айналдырды. 

Ғ.Мүсіреповтің 

“Қазақ 

солдаты”, 



С.Мұқановтың 

“Сұлушашы”, 

Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” романдары қаһарлы жылдардың қатал 

шындығын кӛз алдымызға елестететін үздік шығармалар болып тарихтан ӛз 

орындарын  алды.  Соның  ішінде  Ғ.Мүсіреповтің  “Социалистік  Қазақстан” 

газетінде жарияланған очерктер циклінің маңызы мен кӛркемдігі жоғары. 28 

панфиловшылардың  ерлігі  туралы  “Ел  үшін  туған  ер”,  “Нұрсұлтан 

Есболатов”,  “Манастың  ұрпағы”,  М.Ғабдуллиннің  “Шыныменен  рас  па?”, 

“Менің майдандас достарым” деген очерктер циклында атақты 8-ші гвардия 

дивизиясының  жорық жолы  туралы жазған.   Бұл жазушылар очерктеріндегі 

кейіпкерлер бейбіт ӛмірде кӛптің кӛзіне түсе бермейтін қарапайым адамдар, 

жау келгенде батырлық, ерлік қасиеттерімен кӛрінеді. Аты аңызға айналған 

Василий  Клачков,  генерал-майор  И.В.Панфилов,  полковник  Б.Момышұлы 

т.б.  жарқын  бейнесін  жасаған  Мәлік  Ғабдуллин  ӛзі  туралы  сараң  әңгімелей 

отырып, майдандас жауынгерлердің жарқын бейнесін сомдаған. 

Ұлы Отан соғысы кезінде талантты жас публицист Баубек Бұлқышев ӛз 

очерктерін ӛрнекті сӛз кестесімен жазды. Баубек очерктеріне тән қасиеттер. 

Отанына,  туған  жеріне  деген  деген  махаббат,  жау  жендеттеріне  деген  ашу-

ызаға толы болды. Мұнда жас очеркистің рухани жан дүниесі, биік мәртебелі 

моральдық  бейнесі  толық  ашылған,  яғни  оның  күнделік,  ашық  хат 

формасында жазылған туындылары жалпы жастардың атынан айтылып, сол 

қиын-қыстау кезеңдегі жастардың арман-мұратын білдірді. 

Б.Бұлқышевтың  публицистикалық  мұрасы  туралы  Ғ.Мүсірепов  былай 

дейді:  “Жазушының  ӛмірі  тым  қысқа  болған,  Ұлы  Отан  соғысында  қаза 

тапқан  Баубек  Бұлқышев  аз  да  болса  айқын  да  ӛткір  еңбектерімен 

прозамыздың  публицистикалық  саласын  едеуір  кӛтеріп  кетті”  [4,324]. 

Публицист  кӛп  очерктерін  орыс  тілінде  жазып,  “Комсомольская  правда” 


газетінде жариялаған, оны ана тілімізге аударған Ғабит Мүсірепов еді. “Ӛмір 

мен  ӛлім  туралы”,  “Мен  ӛмір  сүргім  келеді”,  “Жауыздық  пен  махаббат”, 

“Тыңда, Кавказ!”, атты очерктерінде соғыс жағдайы, ондағы ерлік жайында 

толғады. 

Б.Бұлқышевтың 

“Шығыс 


ұлына 

хат”, 


“Заман 

біздікі” 

шығармаларында үлкен философиялық толғаныс, тебіреніс бар. Очеркист ӛз 

басынан  кешкендерін,  қарулас  достарының  ерлігін,  жаумен  кескілескен 

шайқастардағы  жас  жауынгерлердің  бүкіл  әлемді  таңдандырған  идеялық-

саяси,  моральдық  қасиеттерін,  Отанына,  халқына  деген  адалдығын,  қажыр-

қайратын, асқан ерлігін жан-жақты және бар қырымен кӛрсете алды. 

Талантты  публицист  Баубек  Бұлқышев  туралы  Мұқан  Иманжанов: 

“Қош  бол,  Шығыс  ұлы”  атты  публицистикалық  очеркін  жазды.  Ӛмір  мен 

ӛлім  арасында,  оқ  пен  бомба  арасында  жүріп  қаза  болған  аяулы  досының 

ӛліміне  арналған  очерк  –  нағыз  адамгершілікке  толы,  шынайы  да  шыншыл 

шығарма еді.  

Алдымен  ескеретін  бір  жай  соғыс  тұсындағы  кӛркем  очеркке  бір 

ӛлшеммен қарауға болмайды. Алғашқы жылдарға қарағанда очерк жанры да 

іштей  түлеп,  ӛзгеріске  ұшырап  жаңа  кезеңдерді  басынан  кешіріп  отырды. 

1941  жылғы  соғыстың  алғашқы  айларында  жауынгерлердің  моральдық 

рухын  кӛтеруге  шақырса,  одан  кейінгі  жылдары  майдан  мүддесіне,  жеңіс 

мүддесіне  қызмет  ету  мақсатын  кӛздеген  сарын  байқалады.  Әсіресе 

жауынгер  жазушылар  оқ  астында  жүріп,  ӛз  шығармаларын  жазуы,  қалай 

жазсам  деп  ойлауға  мұршасы  келмеген  очеркистер  шығармаларында 

ӛздерінің  бар  болмысымен  кӛрінген.  Алғашқы  кезеңдегі  очерктер  қалың 

жұртты  соғысқа  жұмылдыруға  қызмет  атқарса,  1943-1944  жылдары  әскери 

очерктер  дамуы  тағы  бір  сатыға  кӛтерілді.  Бұл  кезеңде  ұрандық,  үгіттік 

очерктерден  гӛрі  адамды,  жауынгерлерді  суреттегенде  оның  ішкі  жан-

дүниесі,  психологиясы,  достық,  адамгершілік,  махаббат  турасындағы 

ойларын ортаға салатын кӛркем очерктер ӛрістеді. 

Ұлы  Отан  соғысының  батыры  Мәлік  Ғабдуллин  1941-1945  жылдар 

аралығында  соғыс  туралы  “Майдан  очерктері”,  “Алтын  жұлдыз”  т.б. 

очерктер  жинағын  шығарды.  Батыр  жазушының  очерктерін  оқыған  сайын 

майдан ӛмірінің қатал да қытымыр шындығына қанығасың. “Ел намысы – ер 

намысы”  очеркінің  басты  қаһарманы  кіші  сержант  Черкасов  барлаушылар 

тобында  істеп,  жау  туралы  хабар  әкелудегі  ептілігі  мен  ерлігі  келістіріле 

суреттеледі. Фашистердің бір офицері мен  тоғыз фрицін ұстап алып келген. 

Ертай Жетеков атты жігіт сауықшыл, үнемі кӛңілді жүретін, ұрыс шебінде де 

әзіл-қалжыңы  қалмайтын  Ертай  мінез-құлқы,  жан  дүниесі  жан-жақты 

ашылған. 

Майдандық  журналистердің  талай-талай  очерктері  мерзімді  баспасӛз 

беттерінде  кӛптеп  жарияланған.  Оларға  Жұбан  Молдағалиевтің  “Халық 

қаһармандары”  очеркінде  қан  майданда  туған  елінің  намысын  қорғаған  бір 

топ  қазақ  жауынгерлерінің  ерлігі  әңгімеленеді.  Мерген  Есқайыр  Халықов, 

қобызшы,  қазақ  филормониясының  артисі  Ысқақ  Уәлиев,  зеңбірекші 

Құттыбай    Ерғалиев,  дәрігер  Роза  Момынова  туралы  кӛркем  очерктері 

реалистік кең толғанысқа бастайтын шығармалар. 


Жекен  Жұмақановтың  “Қанға  қан”,  “Қыр  қыраны”,  “Батыр  даңқы”, 

“Марияның  мекені”  очерктерінде  әртүрлі  мамандық  иелері  тағдыры  мен 

қаһармандық істері кӛрсетіліп, шын мәніндегі ӛз елінің патриоттары ретінде 

кӛрінген. 

Сырбай Мәуленовтің “Қанға боялған блокнот” атты очеркі ӛз жерлесі, 

соғыс  шебінде  ерлікпен  қаза  тапқан  аға  лейтенант    Зейнолла  Әбеновке 

арналған. Қанға боялған блокнот – шығарманың негізгі ӛзегі. 

Майдан  ӛткелдерін  басынан  кешкен  Асқар  Лекеров  “Туысқан”, 

“Қарапайым қазақ”, “Адамның жүрегі”, “Жалғыз оқ”, “Қарындас”, “Кездесу” 

деген  очерктер  жазып,  сол  кездегі  адамзаттың  жеңіске  деген  құштарлығын, 

жеңімпаздықты  аңсаған  Кеңес  адамдарының  ой-ниетін  паш  еткен  бұл 

шығармаларда оқиғалар қорытылып, ӛнеге етіп ұсынылған. 

Ұлы  Отан  соғысында  ерлік  кӛрсеткен  Совет  Одағының  батырлары 

Сергей  Луганский,  Леонид  Беда,  Талғат  Бегилдинов,  Мәншүк  Мәметова, 

Әлия  Молдағұлова  ерліктерінің  толық  картинасы  жасалып,  сом  тұлғасымен 

етене таныстырған авторлар әскери очерктің дамуына мол үлес қосқан деуге 

болады. 

С.Бақбергеновтің 

“Талғат”, 

С.Мәуленовтің 

“Ер 

Естай”, 


Ж.Молдағалиевтің  “Хасан  батыр”  кӛркем  очерктерінде  де  бұл  атақты 

батырлардың  ерлік істері,  шағын  оқиға  тізбектерімен  баяндалып,  кӛркем  де 

әсерлі бедерленеді. Бұл қаһармандар соғыс кезінде ӛздерінің ӛр тұлғасымен, 

ӛршіл 


мінезімен, 

алдына 


қойған 

мақсатын 

әрдайым 

орындап 


шыққандықтарымен құнды. 

Сәбит  Мұқановтың  “Батыр  қыз”  очеркі  Совет  Одағының  батыры 

М.Мәметова туралы 1944 жылы жазылған. Сұрапыл соғыс үстінде туған бұл 

очерк  ӛз  еркімен  майданға  аттанған  қазақ  қызының  бір-екі  күнгі  басынан 

кешкен  оқиғасын  баяндайды.  Жазушы  Мәншүктің  ұрыс  даласындағы 

үгітшілік  міндет  атқарып  жүрген  сәтін,  жауынгерлер  борышын  ұғындыруда 

үлкен міндетті мойнына алғанын шыншылдықпен сенімді кӛрсеткен. Ондағы 

М.Мәметова  сӛзі  былай  беріледі:  “Ӛзің  ӛлме,  жауыңды  ӛлтір,  ал  мерт  бола 

қалсаң,  дұшпанға  кек  жібермей,  жастығыңды  ала  кет!”  деп,  осы  сертте  ӛзі 

тұрған  қазақ  қызының  жарқын  бейнесі,  айбыны,  қажыр-қайраты  жан-жақты 

ашылады.  Очерктегі  әсіресе  Мәншүктің  соңғы  арпалысы,  батырлық  ӛлімі 

кӛрсетілген  тұстары  ӛте  әсерлі,  батыр  қыздың  ақтық  демі  біткенше  жаумен 

шайқасып кеткен қайсар мінезі шебер ашылған. 

Ұлы Отан соғысы туралы әскери очерктер ӛмірдің қатал шындығынан 

алынған, қиын кезеңнің тарихы, жеңіс жолында қаза болған азаматтарымызға 

жасалған  рухани  ескерткіш  деуге  толық  болады.  Бұл  очерктердің  мынадай 

ерекшеліктерін  атауға  болады:  біріншіден,  бұл  очерктегі  оқиғалар  кӛзбен 

кӛріп,  бастан  кешкен  оқиғалардың  елесі,  екіншіден,  соғыста  болған  ақын-

жазушылар  ӛз  кӛргендерін  ӛз  бояуы,  ӛз  мәнері  дәрежесінде  суреттеген, 

үшіншіден,  оқ  пен  оттың  арасында  асығыс  жазылғандықтан  суреткерлік 

шеберлік  жағы  жетіспей  жатқан  тұстары  да  жоқ  емес,  тӛртіншіден,  бұл 

әскери очерктер уақыт сынынан ӛтіп, тәуірлеу дегендері арнаулы жинақтарда 

(“Ол күндердің ӛшпес даңқы”, “Майдан”, “Жеңімпаздар” )  жарық кӛрді. Бұл 


кӛркем очерктер соғыстан кейінгі кезеңде адамдарды отансүйгіштікке, ерлік 

рухында тәрбиелеуге кӛп септігін тигізгені ақиқат. 

Ұлы Отан соғысының батырлары мен олардың қаһармандық ерліктері 

әлі күнге дейін қаламгерлерімізді қызықтырып, дәстүрлі жалғасын тауып әлі 

де жазылып келе жатыр және жазыла бермек демекпіз. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



1. Нұртазин Т. Б.Майлин творчествосы. Алматы. Жазушы, 1966. 

2.  Мүсірепов  Ғ.  Шугла.  Рассказ.  /  Перевод  Мукашева  Г.  //  Советская 

литература Казахстана. Алма-Ата. 1934. №1. С. 22-44. 

3. МұқановС. Ӛсу жолдарымыз. Алматы. Жазушы, 1964. 



4. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Алматы. Жазушы, 1970.  


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет