КӨркем прозада фразеологизмдер мен мақал мәтелдердің Қолданылуы


)  Кейіпкерлердің  қуаныш,  шаттық  күйін  беруде



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.02.2017
өлшемі344,5 Kb.
#3554
1   2   3

)  Кейіпкерлердің  қуаныш,  шаттық  күйін  беруде

 

де  фразеологизмдер  ерекше  қызмет 



атқарады.  Мысалы,  “Бір  күні  Дүйсен  ағайынды  үшеумізді  жинап  алып,  сауатымызды  ашты. 

Өкіметтің ұстап отырған саясатынан хабардар болып,  ішіміз әжептәуір жылып қалды” 

[13,73-



б

). 


“Кешкілік  Әбекеңнің  балалары  тары  нан  жеп,  мәре

-

сәре  болып,  жеңгеміздің  де  төбесі  көкке 

жеткендей  қуанып



бір  көтеріліп  қалды” 

[13,82-



б

  ]

.  “Ол  тек  бір  затқа

-

санадан  тыс  құдіретпен 

адамдар  дүниесін  байланыстыра  алатын  көріпкелдердің  бар  екеніне  ғана  қуанатын.  Сол 

байланыстың біреуі қазір өз уысында отырғанына

 

одан да бетер қуанды”

[13, 171-



б

 ]

Осы  мысалдардағы  фразеологизмдер  шығарма  кейіпкерлерінің  өмір

-

тіршілігіндегі  сан  қырлы 



оқиғаларға  ризалық  жан  сезімін  айрықша  мәнерлеп  жеткізумен  бірге,  олардың  мінезіндегі  қат

-

қабат 



қырларын ашып, небір нәзік жайттарды айқындай түседі.

 

4)  Мәнерлегіштік



-

көркемдік    бояуы    айшықты  келетін  фразеологизмдерді  жазушы  портрет 



жасауда 

 

ұтымды қолданады.



 

Мысалы: “Серікпай шал келіп, өз құлағы мүкіс болған соң, әкеммен 

айқайлап сөйлейді”

 

[13,70-



б

  ]. 

“ 

-

Тірісінде  құдай  болғанның  бірі  сондай

-

ақ  болар.  Қазір  сүйегінің  қайда  қалғанын 

ешкім білмейді.

-

Серікпай өзіне қарсы дау шыға ма деп күткенде , кілегей көздерін бажырайтып



үндемей қалды” 

[13,70-



б

]

. “Дүйсен қалаға барып,не оқу екенін кім білген, әйтеуір оқып келді. Байлар 



қанша менсінбесе де Дүйсеннің мінезінен, өткір тілінен қатты

 

сескенетін

 

[7,73-



б)

. 

“Жапағы  құлағы  қарқиған



мұртты  қара

 

екен”

  [13,  71-

б

]. 



“Қожекең  басын  көтеріп, 

оның осыншалық сұлу жүзін көргенде тағы таң қалды.

 

«Жасаған, адам баласын мінсіз ғып тудыра 

береді екен

-

ау... Неге осынша қаражүрек болды екен?» ” 

[13, 230-



б

]

5)  Экспресивті

-

эмоционалды  фразеологизмдер  де  кеңінен  қолданылған.  Мысалы:



 

Көздері 

ұясынан  шыға алақтап, орнынан қалай атып тұрғанын сезген жоқ”

 

[13,179-



б

 ]. 

Бүкіл  зиялы  қауым,  қалың  ел  қабырғалары  қайысып,

 

қайғыға  ортақ  болып  жатыр  екен 

[13,297-



б

]

Жоғарыда  келтірілген фразеологизмдер  кейіпкерлердің  сыртқы

 

мүсінінің  айрықша  бір  сипатын 



бейнелейді. Құлағы мүкіс, кілегей көздері бажырайған, өткір тіл, құлағы қалқиған, мұртты қара сияқты 

халықтық фразеологизмдер болып табылады.

 

Т.Әбдіков  шығармаларында  да  фразеологиялық  тіркестер  мол  қолданылған.    Жазушы 



қолданған  фразеологизмдерді  синоним  және  антонимдік  сипаттарына  қарай  топтастыруға  болады. 

Синонимдес  фразеологизмдер  жазушы  шығармаларында  төмендегідей  қатарда  кездеседі.  Мысалы, 



Ашулану 

зығырданы қайнау; тарпа бас салу; қадалған жерден қан алатын кенедей; апшысын қуыру; 

төбе шашы тікірею; ызғар шашу; тас түйілу; кірпідей жиырылу; қаншырдай қату;

 

Қорқу

 - 

төбесінен мұздай су құйып жібергендей болу; төбесінен жай түскендей болу; зәресі зәр 



түбіне  жету;  жан  ұшыру;  алас  ұру;  тас  төбеден  жай  түскендей  болу;  зәресін  зәр  түбіне  жіберу;  төбе 

шашы тікірею; тұла бойы мұздап қоя беру; зәресі ұшу; безек қағу;

 

Қуану: қуанышы қойнына сыймау; жерден жеті қоян тапқандай қуану;

 

Қайғыру:

 

көңілі су сепкендей басылу; қам көңіл;



 

Мейірлену: іші жылу;

 

Момындық:

 

қой аузынан шөп алмайтын;



 

Күту: тағаты таусылу;

 

Күш көрсету: қан қақсату; қамшы үйіру;

 


Мезгіл мәнді:

 

ымырт үйірілу; өң мен түстің арасында; түн жамылу; қыстың көзі қырауда;



 

Мекен мәнді: таяқ тастам жер;

 

Құмарту, ынтығу: үйір болу; ұршықтай иірілу; көңілі кету;

 

Дағдылану:

 

бойы үйрену;



 

Тынышталу:

 

байыз табу; пышақ кескендей тыйылу;



 

Қырсық мінез көрсету: бүйректен сирақ шығару;

 

Ұялу:

 

ұрлық қылғандай қуыстану;



 

Қатты айқайлау: құлындаған даусы құраққа жету;

 

Тыңдамау:

 

құлақ асқан жоқ;



 

Сөйлеу:

 

тіл қату;



 

Тыңдау: құлақ тігу;

 

Көзге көріну: оттай басылу;

 

Бірге жүру: жұп жазбау;

 

Жайсыз тию: инедей қадалу; істіктей қадалу;

 

Жатсырау:

 

көз көріп, құлақ естімеген жат жұрт; көлденеңнен келген көк атты;



 

Көңілі бұзылу: түлен түрту;

 

Сый

-

құрмет көрсету: ебелек қағу;

 

Ажал :

 

ұстараның жүзі;



 

Жоғарыда берілген фразеологизмдердің синонимдік қатарына қарай топтастырғанда қорқу мен 

ашулануға  қатысты  фразеологизмдердің  жиі  қолданылғанын  байқауға  болады.  Әсіресе,  қорқу 

дағдысына  қатысты  фразеологизмдердің  көп  болуы  жазушы  шығармаларының  аштық,  казактармен 

соғыс тақырытарына арналуымен байланысты. Жазушы прозасындағы қорқу дағдысы, көбінесе, ажал 

апатымен, ажал сұсымен яғни ажалдан қорқумен

 

байланысты қаралады. Мысалы, «Бір күні біздерге 



қарай казактар келе жатыр деген хабар алдық. Зәре қалмады.» 

[13, 66-


б

]. 


Т.Әбдіков 

шығармаларында 

мағыналары 

жағынан 


қарама

-

қарсы, 



антонимдік 

фразеологизмдердің  мынадай  жұптары  қолданылған.  Мысалы:  тұла  бойың  түршігеді



-

жүрегіміз 

аздап  орнына  түсті,зығырданы  қайнау



төбесі  көкке  жеткендей  қуанып,  зәре  қалмады



ішіміз 

әжептәуір  жылып  қалды,тісіңнен  шығарушы  болма

-

ашық  ауыз,  жаттау  жүзбен  кіржиіп



іші 

бауырыңа кіру т.б.

 

Т.Әбдіков  шығармаларында  фразеологизмдерді  молынан  пайдалана  отырып,  шығарма  тіліне 

мәнерлегіштік,  бейнелегіштік  нәр  берген.  Жазушы  фразеологизмдерді  талдап,

 

таңдап  кейіпкердің 



образын  сомдауда,  мінезін  ашу,  портрет  жасау,  шығарманың  идеялық  көркемдік  жақтарын 

жетілдіруде  тағы  басқа  толып  жатқан  мүмкіндіктеріне  сай  етіп,  белгілі  бір  стильдік  мақсатпен 

қолданады.

 

Көркем  сөз  тәсілдерінің  ішіндегі  қуаттысы  мен  құнарлысы  болып  саналатын  мақал



-

мәтелдер 

тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін  универсалдық  құбылыс.  Қазақ  тіл 

білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның бipiншici —

 

қоғам мүшелерінің өзара 



түсінісуіне, пiкip алысуына қажетті қатынас  құралы ретіндегі  коммуникативтік қызметі де, eкiншici —

 

өмip 



шындығын,  барлық  болмысты  өзінде  бейнелеп  көрсету  қызметі.  Мақал

-

мәтелдердің  табиғатына  тән 



қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты,  өйткені олар белгілі бip тілде сөйлеуші халықтың 

өткен  өмipi  мен  барлық  болмысынын  кyәгepi  icпeттec  оның  дүниетанымы  мен  даналығын  бойында 

сақтап,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  үзілмей  ауысып  келе  жатқан  асыл  мұра,  рухани 

қазына болып саналады.

 

Мақал


-

мәтелдердің бойына бip ғана көркем сөз тәсілінің  ауқымына сыя  бермейтін  көптеген 

басқа  да  қасиеттер  мол  шоғырланған.  Бұл  қасиеттерді  кеңінен  зерттеймін  деушілерге  мақал

-

мәтелдердің  шертер  сыры  мол



-

ақ.  Біле  білсек,  халықтың  дүниетанымын,  болмыстың  объективтік 

заңдылықтарын,  тылсым  табиғаттың  сан  алуан  сырын  ұққысы  келген  философ  ғалымдар  да, 

халықтың  өткен  өмipін,  әлеуметтік

-

экономикалық  жағдайын,  әдет



-

ғұрпы  мен  діни  наным

-

сенімдерін 



зерттегісі  келген  экономист,  тарихшы,  этнограф  ғалымдар  да,

 

тәрбие,  дидактика  мәселесіне 



байланысты педагогтар да, ауыз әдебиетіне тән көркем сөз поэтикасын зерттеушілер де, сондай

-

ақ басқа ғылымдардың өкілдері де мақал



-

мәтел табиғатынан өзіне қажетті мол мағлұмат табатыны 

сөзсіз.

 

Мақал



-

мәтелдері тіл фактісі тұрғысынан зерттеуші паремиолог

-

ғалымдардың  пiкipiнe  қарағанда, 



олар  ең  алдымен  өзінің  мән

-

мағынасы,  мазмұны  мен  тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланысты  назар 



аудартады. Мақал

-

мәтелдердің шығу тарихы мен пайда болу жолдары, тілі жақын туыстас халықтар 



үшін  ортақтығы,  логикалық  сәйкестік,      образдылық,    бейнелеу 

 

тәсіліндегі    шендестік,      т.б.    толып 



жатқан мәселелер паремиологияның объектісіне жатады.

 

Солардың  ішінде  мақал



-

мәтелдерді  мән

-

мағынасына  және  тұлғалық  ерекшеліктеріне 



байланысты  топтастыра  зерттеу  ерекше  орын  алады.  Бұл  салада  бүкіл  Шығыс  халықтарының 

мақал


-

мәтелдерді  жан

-

жақты  зерттеп,  олардың  жүйелі  түрдегі  ғылыми  классификациясын  жасаушы 



белгілі  совет  ғалымы  Г.  Л.  Пермяковтың  eciмін  ерекше  атауға  болады.  Ал,  түркі  халықтар  тіліндегі 

мақал


-

мәтелдердің  зерттелу  жайына  келсек,  әлі  күнге  дейін  ауыз  толтырып  айтарлықтай  жұмыс 

істелмей  келеді.  Әpбip  тіл  бойынша  шыққан  мақал

-

мәтелдер  жинағын  санамағанда,  бұл  тілдердегі 



мақал

-

мәтелдер  ғылыми  тұрғыдан  аз  зерттелген  саланың  бipi;  кейбip  тілдердегі  бірлі



-

жарымды 


филологиялық және лингвистикалық

 

зерттеулер болмаса, паремиологияның түркі тілдері бойынша әлі 



негізі қаланған жоқ деп айтуға болады. Басқа туысқан тілдерге  қарағанда қазақ мақал

-

мәтелдерінің 



жинағын  шығару  ,  басқа  халықтардың мақал

-

мәтелдерін  қазақшаға аудару, сондай



-

ақ оларды тарихи

-

филологиялық тұрғыдан



 

зерттеу жұмыстарының біршама iлгepi екендігін айтпауға болмайды. Бipaқ дәл 

осы жағдайды қазақ мақал

-

мәтелдерін  таза  лингвистикалық тұрғыдан  зерттеуге  байла



нысты айта 

алмаймыз, өйткені олардың стильдік ерекшеліктеріне, аудару тәсілдеріне байланысты бip

-

eкi еңбектен 



басқа арнайы зерттеу жоқтын қасы. Ал қазақ паремиологиясының сан алуан тілдік проблемалары қазақ 

лингвистерінен жан

-

жақты, әpi жүйелі түрдегі ғылыми зерттеулерді талап етеді.



 

Қазақ  тіліндегі  мақал

-

мәтелдердің  бәрі  негізінен  жай  сөйлем  түріндегі  тұрақты  сөз 



тipкecтepінe  жатады,  яғни  олар  тұлғасы  жағынан  ұзақ  уақыттан  бepi  қалыптасып,  белгілі  бip 

формада  тұрақталған,  мазмұны  жағынан  біртұтастыққа  ие  болған  жай  сөйлем  типтері.  Осыған  орай 

мақал

-

мәтелдердегі  тұрақтылық  пен  біртұтастық  неге  байланысты  және  оны  қалай  түсінеміз  деген 



заңды сауал тууы мүмкін.

 

Біздің  пiкipiмiз  бойынша,  мақал



-

мәтелдердегі  тұлғалық  тұрақтылық,  сайып  келгенде,  оның 

бipтұтac  мағынасы  мен  мазмұнына  тікелей байланысты. Ал мағына мен мазмұнның тұтастығы қоғам 

мүшелерінің  өмip  тәжірибесінен  алған  тағылымы  мен  танымынан  туындаған  oй

-

пiкipдiң,  логикалық 



тұжырымның  әсерлі  бейне,  сан  алуан  образбен  қат

-

қабат  астарласа,  жалғаса  көмкерілуіне 



байланысты  болса  керек.  Олай  дейтін  себебіміз 

мақал



-

мәтел  тұлғасына  тән  дәстүрлік  тұрақтылық 

(оны  паремиологияда  «клише»  деп  атайды)  қаншама  бepiк  және  тіл  үшін  нормаға  айналған  стандарт 

болса  да,  абсолюттік  ұғым  емес:  ол  тілдің  тарихи  дамуына  байланысты,  көрші  тілдердің  әсерінен, 

сондай

-

ақ  тілдің  iшкi  даму  заңдылықтарына  сәйкес,  стильдік  қолданысқа,  сөз  зергерлерінің  сөз 



саптау  шеберлігіне  байланысты  әр  түрлі  өзгерістерге  түciп  отырады.  Бipaқ  бұл  өзгерістер  мaқaл

-

мәтeлдepдiң жалпы мазмұнына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз, дәнекер болып тұрған образ



-

бейнеге 


бәлендей нұқсан келтіре қоймайды.

 [15]


 

Мақал


-

мәтелдер 

халық  данышпандылығының  айнасы,  оларды  тудырған    халықтық  тіл 



байлығының алтын қазынасы. Мақал

-

мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс



-

әрекеттің 

ережесі  болып  келеді.  Олардың  «  бәрі  заңның,  өсиеттің,  ереженің  күшіндей  күші  бар  қысқы

-

қысқа 



нақыл сөзге айналып тілде сақталып қалады ».

 

Мақал



-

мәтелдер  аз  сөзді,  терең  мағыналы  әрі  ұтымды  болатындықтан  сөйлеген  сөзді 

пайдалана білу керек –

 

ақ. « Сөздің көркі –



 

мақал, жүздің көркі –

 

сақал » дегендей, мақал



-

мәтел сөзіңе 

әр береді. [

16, 88-


б]

 

Мақал



-

мәтел  –


 

халықтың    қоғамдық    құбылыстарды    кең    қамтып,  өмірдегі  әр  қилы    қарым

-

қатынастарды  әсерлі,  көркем  бейнелейтін,  тақырыбы,  идеялық  мазмұны    бай  ең  бір    мол  саласы. 



Мақал

-

мәтел  –



 

халықтың  нақыл  сөздері,   белгілі бір  ойды  ықшамды  түрде ұтымды,  өткір  етіп  айтып 

беретін    кестелі  сөз.  Яғни    оның  мазмұнында    халықтың    ғасырлар  бойындағы  өмір  тәжірибесінің  

негізінде  түйінделген  философиялық  ой жатады.  Көркем туындыда  мақал

-

мәтелдер  шығарма тілін 



шұрайландырып,  көріктендіріп,    айтар  ойдың  жүйесін    қиыстырып,    арттырып,  ширатып  тұрады.  

Сондықтан да болар “сөздің көркі 

мақал”  деп  айтылады.



 

Т.Әбдіков  шығармаларындағы  мақал

-

мәтелдер  тақырыптық  жағынан    әр  алуан.  Олар  түрлі 



мақсаттарда қолданылған.

 

1) кейіпкер бейнесін ашуда: “Жақынымыз болғасын, қайтейік. Кісі баласын бағу деген   қиын 



ғой.  Кісі баласы кекшіл 

 

емес пе? Ылғи соның қабағына  қараймыз.  Барамызды  аузына  тосамыз.  

Енесі  тепкен  құлынның    еті  ауырмас”  деп    қағып

-

соғып  Нұржанды    жұмсап,  бір  нәрсе  болса 

Нұржанға  ұрсамын.    Кісі  баласынан  бір  игілік  көрейін  деп  жүрген  жоқпыз,  тек    байғұстың    сауабы 

тие  ме деп  жүрміз ғой, уһ! деп  шын жүрегінен күрсініп, кәдімгідей қамығып қояды” 

[13, 153-

б

]. 


2) портрет жасауда: “–

 

Қойшы, Дариға

-

ай, ерні көнтиген, көзі быттиған біреу соншама …

 

–Қыз



-

ау,  есің дұрыс па? Қазақ айтқан емес пе,  “ат ерінді, ер мұрынды

 

келсін”

 

деп”

    [  13  , 

162-


б

]. 


3)  кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесін,  психологиясын  беруде:  “Суға  кеткен  тал  қармайды”  

деген осы екен ғой… Үстіме төніп қалған  зор қауіпті  сезе тұра жалтарып,

  

қайдағы алдамшы, бос 

елеске жармасам. Жалғыз қалған соңғы  екі

-

үш айым шындап, қазір ғана  қатердің ызғарлы  жүзіне 

тіке қарай  алатындай халге  жуықтадым” 

 [13, 123-

б

]; 


“Қара ешкіге жан қайғы”, әркім өз басымен  

әлек, маған назар  аудара қойған адам болмап еді, тек көзі түсіп кеткендердің  өңінде  “бұ қайдан 

жүрген  адам?  деген  таңырқау  сұрақ  жылт    етіп  тез    өшетін” 

[  13,  127-

б

]; 


“  Әсіресе  кірер    есігін  

бекітіп,  қымтап  тастаған  кезде  төңірегім  тас  қараңғы  болып,  көзім  түк  көрмей,  алғаш  істеген 

еріксіз    қимылым  қараңғыны  қармап,  екі  сәбиді  екі  бүйіріме  қысып  алыппын,  “қараңғыда  қабан 

күркірейді

   


демекші



өзге жұрттан  бөлініп жалғыз  қалған  үрейімді  қараңғылық қауқитып өсіре 



түсіп, тұла бойымды  бір жаман, салқын діріл қарып өтті. Сол  діріл екі  сәбиге

  

де дарыды ма, олар 

да балапандай  қалтырап, бауырыма  тығыла түседі” 

 [ 13, 133-

б 

]. 



4) кейіпкердің әлеуметтік жағдайын көрсету үшін: 

 

Мал баққанға бітеді” 

 

дейді қазақ, Төкең  



жарықтық мал бағатын адамның түрі емес еді. Ол кісінің жалғыз аты болады, бір тазысы болады, 

қосауыз  мылтығы  болады.  Атына  мініп,  мылтығын  асынып,  тазысын  ертіп  көл  жағалап  кеткен 

Төкең содан ел  жағалап үйіне  алты айдан кейін бір

-

ақ оралады екен” 

 [13, 210-

б]



“Қазақ “кедеймін  



десең  көшіп  көр”  деуші  еді,  сыбай    салтаң  жүрген    екі  жас  қанша  дүниеміз  жоқ  десе  де,  ол

-

пұл 

жиналып қалыпты. Төсек  –

 

орын, ыдыс

-

аяқ, көр

-

жер … әрқайсысына  бір жармасам …” 

[13,  221-

б

]. 


Сондай

-

ақ “Құдай бергенге құлай береді” мақалы осы мақсатта қолданылған.



 

5) бағалау  мақсатында: “Үмітіме талшық ететінім



“жүзі игіден түңілме” 

 

деп атам қазақ 

айтпақшы,  Роберттің  жүзінде    иманы  бар,  сырына  қанбай  жатып  бір  көргеннен

-

ақ  іш  тартып 

кеткенім содан болар” 

[13, 263-

б

]. 


6)  басу  айту,  сабырлыққа  шақыру  мақсатында:

 

Өлгеннің  артынан  өлмек  жоқ”  деген. 

Есіңді  жи,  шырағым.  Туһ,    мына  түріңді    көргенде    шошып  кеттім  ғой” 

  [13,  123-

б 

].   


“–

 

Сол 

айтқандай, 



деді Айдархан сөзін жалғап,



өлгеннің артынан өлмек жоқ.

 

Берік болған жөн. Мінекі, 

қандай  қылып  жөнелтіп  жатыр.  Елдің  ортасы  деген  осы  ғой.” 

[13,  124-



б

  ]

.  “Шырағым  Батима, 

қатын  өлсе,  қамшының  сабы  сынды,  азамат  өлсе,

 

асқар  тауым  құлады  деген,

  - 

деп  өзім 

жаттап  алған  үлкендердің  сөзіне  салып  алыстан  орағыттым.  –

 

Соғыс  аты  соғыс.  Күн  сайын 

жаманат хабар күтіп бәріміз де құдайға мінажат қыламыз”. 

[13,134-



б

  ]

. “–

 

Қарағым,

 

біз көрмегенді 

көрдің, тура ажалдың аузынан келіп отырсың. Мына Жаңыл мұңлықтың өлгені тіріліп отыр бүгін. 

“Алдыңғыны  көріп  күпірлік  ет,  артқыны  көріп  шүкірлік  ет”  деген  екен.  Алдыңғы  десең  осы 

атырапта  қабырғасы  бүтін  үй  таба  алар  ма  екенсің.  Ал  артыңа  қарасаң  талай  боздағынан 

айрылып зарлап қалған жетім мен жесір, кемпір мен шал бар. Тағдырдың жазғанына шара бар ма, 

Кенжеке  қарағым,  мына  бүгінгі  қуанышыңа  у  тамызғалы  отырмын.  Берік  бол.  Артыңда  қалған 

тұяғың сынды” 

[13, 84-


б

]. 






Әліптің  артын  баға  тұруға  болмады  ма,  шырағым, 



деді  бір  мезгілде  әкем.  Жоқты 

барға теңейді екен дегенің құлаққа қонып тұр

-

ау. Бірақ аумалы

-

төкпелі заманда жан сақтанның да 

зияны  жоқ. Омыраулап  алға шыға бергеннің  өзі  жалпы  жақсы  емес  қой... Дұшпан  көп...” 

[13,  74-



б

  ].  

Бұл сөйлемдегі  Әліптің артын баға тұру мақалы сабырлыққа шақыру мақсатында  қолданылған.

 

Сондай


-

ақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет