Көркем шығармалар


-тарау. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/4
Дата10.04.2023
өлшемі241,4 Kb.
#81190
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
сан

3-тарау. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
( төмендетілген оқу жүктемесімен)
1-параграф. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны

25.«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 5-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағатты;
2) 6-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағатты;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағатты;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағатты;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағатты құрайды.
26. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні (оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағатты;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағатты;
3) 7-сынып–аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағатты;
4) 8-сынып–аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағатты;
5) 9-сынып–аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағатты құрайды.
27. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.
28. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
29. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым;
5) тілдік бағдар.
30. «Тыңдалым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) назарын шоғырландырып тыңдау;
3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
4) көркем шығармаларды тыңдау;
5) негізгі ойды анықтау;
6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
31. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;
2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;
3) көркем шығармаларды оқу;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;
6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
32. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;
2) эссе жазу;
3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;
4) мәліметтерді жинақтау;
5) орфография және пунктуация.
33. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөздік қорының алуандығы;
2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;
4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
34. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөз таптары;
2) сөйлем.
35. 5-сыныпқа арналған»Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым:
тірек сөздер арқылы болжау, негізгі мазмұнын түсіну, нақты ақпаратты анықтау, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты сөздердің мағынасын түсіну, сұрақтарға жауап беру;
2) айтылым:
жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу, қазақ тіліндегі төл дыбыстары мен үндестік заңы, берілген сұраққа лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу, иллюстрацияларды сипаттау;
3) оқылым:
негізгі ақпаратты анықтау, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау, көркем әдеби шығармаларды түсіну, мазмұндық құрылымын салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру;
4) жазылым:
ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жазу, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
5) тілдік бағдар:
сөз таптары: жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолдану, болымды және болымсыз етістіктер, мекен және мезгіл үстеулер, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу;
сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
38. 8-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым:
мәтін тақырыбы, тірек сөздер, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау, орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау, деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру;
2) айтылым:
тұрақты тіркестерді қолданып, ауызша мәтіндер құрау, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін салыстыру және талдау, тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру, кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру;
3) оқылым:
перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау, публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын, прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру, мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып талдау, мәтінге өзгеріс енгізу;
4) жазылым:
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
5)тілдік бағдар:
сөз таптары:болжалдық және бөлшектік сан есімдерді орынды қолдану, еліктеу сөздерді орынды қолдану, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, күшейткіш үстеулерді орынды қолдану, демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану;
сөйлем: жазба жұмыстарында құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
39. 9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым:
тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау, әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін, сыни көзқарасын білдіру;
2) айтылым:
ауызша мәтіндер құрау, коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс мәнін түсініп, өз ойын жеткізу, шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу, кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау;
3) оқылым:
мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау, тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру, мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру;
4) жазылым:
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, шолу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, өз ойын дәлелдеп жазу, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
5) тілдік бағдар:
сөз таптары: өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызметін білу, мекен және мезгіл үстеулерді орынды қолдану, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану;
сөйлем: жазба жұмыстарында (шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет