Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру – аралас және стандартты форматтарға біртіндеп көшу



бет11/63
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#15854
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
2020-2021ж.-Әдістемелік-ұсынымдар-1

2.4 Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру – аралас және стандартты форматтарға біртіндеп көшу

33. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бірінші болып 1-4 сынып оқушылары санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, қашықтан оқыту форматынан штаттық форматқа көшеді. Мектепалды, 5-11 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастыруда.

Оқу мектепте оқушылардың күнделікті температурасын өлшеу арқылы жүзеге асырылады.

34. 1-4 сыныптарда штаттық оқу режимін ұйымдастыру кезінде келесі шаралар сақталуы керек:

1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;

2) әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;

4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;

5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;

6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

7) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;

8) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

9) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;

10) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;

11) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

12) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;

13) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;

14) барлық лездемелік жиналыстар қашықтық формата өтеді;

15) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;

16) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;

17) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.

35. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты жақсаруымен 5-11 сынып оқушылары қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимге өтеді.



Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру - аралас және штатық форматқа біртіндеп көшу тиісті аумақтың бас мемлекеттік дәрігерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет