Корпорацияның қаржылық қызметінің міндеттері
Корпорациядағы қаржы жұмысын арнайы қаржы қызметі немесе бухгалтерия жүзеге асырады.Қаржы қызметіне мына міндеттер жүктеледі:
1) өндірістік – коммерциялық қызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның балансын өтімділікпен қамтамасыз ету;
2) активтің (мүліктің), меншік капитал мен сатудың кірістілігінің өсуін қамтамасыз ету;
3) есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің (заңды және жеке тұлғалар) алдыңдағы қаржы міндеттемесін орындау;
4) жедел (ағымдағы) және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын (бюджеті) әзірлеу;
5) ақша ресурсының ұтымды қозғалысын (ақша ағындарын) бақылау.
Қаржы қызметінің басшысы корпорация қаржысының жай-күйі, қаржы жұмысының барлық түрлерін басқару, сонымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акционерлік компания жетекші өндірістік-коммерциялық бөлімшелермен тығыз байланыста жұмыс істейді.Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
1. Қаржыны жоспарлау (кірісті, шығын мен капиталды бюджеттендіру).
2. Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел (ағымдағы) қызмет.
3. Бақылау- талдау жұмысы.
Қаржыны жоспарлау деген қаржы жоспарының (бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу және олардың орындалуын талдау.Бюджетті құрылымдық бөлімшелер (жауапкершілік орталығы) бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай жауапкершілік орталықтарын құру ұсынылады:
1) кіріс бойынша, сонымен бірге коммерциялық және маркетингтік қызметті басқару;
2) шығын бойынша, сонымен бірге өндірісті, негізгі құрал-жабдықпен жабдықтауды және жөндеуді басқару;
3) пайда бойынша, оған техникалық даму мен кәсіпорын қызметкерлерін басқару кіреді.Жауапкершілік орталығының құрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принициптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
өзін-өзі өтеушілік жэне өзін-өзі қаржыландыру;
айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік жэне қарыз бойынша бөлу;
қаржы резервінің болуы.
Өзін-өзі реттеу принципінде кәсіпорынға (корпорацияғa) қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі. Кәсіпорын (корпорация) өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылатын өнімге (қызметке ) сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді. Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді (қызметті) тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға (келісімшартарға) негізделеді. Қаржы жоспары өндірістік жоспарда (бизнес-жоспарда) қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс. Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың (таза пайданың), ал өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат кэсіпорынға (корпорацияға) тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіп орын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс. Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады. Өзін-өзі қаржыландыру принципінде кәсіпорынның (корпорацияның) шартты міндеттемелерді, кредит-есеп айырысу және салық тәртібін сақтау үшін материалдық жауапкершілігі күшейтіледі. Кәсіпорын шаруашылық шарттарды бұзу үшін басқа ұйымдарға айыппұл санкциясын төлеп, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуде (тұтынушының келісімінсіз) өнім (жұмыс, қызмет) жеткізу міндеттемелерін орындауға міндетті. Өзін-өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыру үшін төмендегі бірқатар талаптарды сақтау қажет, олар:
меншік капиталды ағымдағы ғана емес, инвестициялық қызмет бойынша шығынды өтеуге жеткілікті мөлшерде жинақтау;
капитал салынатын ұтымды бағыт таңдау;
негізгі капиталды ұдайы жаңарту;
тауарлық жэне қаржы нарығының қажетіне икемді ден қою.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдас тыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда (сауда, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б.) айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда (ауыр өнеркәсіп, көлік, байланыс) айналым каражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.
Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның (корпорацияның) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады. Деңгейлес корпорациялау бір тектес өнім нарығында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылық ретінде қарастырылады. Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны; инновациялық әлеуетті, өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін; сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет. Республикада деңгейлес корпорациялаудың даму табалдырығы «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңда (14-бап): белгіленген тауар нарығында жиынтық үлесі 35%-ды құрайтын нарық субъектілерінің кез келген; нысандағы толықтай немесе ішінара жетіскен келісімі деп белгіленген. Осы табалдырықтан асу бәсекені шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін деп саналады.
Сатылас корпорациялау шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ыкпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жетіскен үздіксіз өндірісте (химия, металлургия, мүнай жэне газ өнеркэсібі жэне т.б.) артады. Сатылас корпорациялау табылдырығына жеткенде технологиялық және кооперациялық байланысты одан әрі кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады. Бүкіл әлемде корпорация түріндегі акционерлік қоғамның сан алуан түрі бар. Нарықта әр елдің жүріс-тұрыс ережесі әр түрлі, алайда олардың ең басты ерекшелігі - ұжымдық (көпшілік) меншік құқығы және шектеулі жауапкершілік сол күйінде қалды.
Қаржы саясаты қаржыны корпорацияның құрылтай құжатында (жарғысында) белгіленген стратегиялық және тактикалық міндеттерге, мысалы, тауар (қызмет) нарығында жайғасымды күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің және баланстың өтімділігін сақтау, меншік иелерінің (акционерлердің) әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін орынды пайдалануды қарастырады. Қаржы саясатының мағынасы келесі буындардан құралады:
қаржыны басқарудың жоғары кірістілікті және коммерциялық тәуекелдерден қорғауды ұштастыратын оңтайлы тұжырымдамасын әзірлеу;
ағымдағы кезеңде қаржы ресурсы пайдаланылатын негізгі бағыттарды анықтау;
қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған практикалык, іс-әрекеттерді жүзеге асыру.