Корпоративтік журналы Қазкоммерцбанк



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата31.03.2017
өлшемі3,63 Mb.
#10924
1   2   3

ҚЫЗМЕТТЕРДІ БАРЫНША 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ҰСЫНУ

—  Клиенттерді қандай өзгерістер 

күтеді?

— Казком өзінің Homebank.kz және 



Onlinebank.kz интернет-порталдары 

арқылы жеке және заңды тұлғаларға 

қашықтықтан банктік қызмет 

көрсету нарығында көшбасшы екенін 

жақсы білетін боларсыздар.

Біздің қазіргі негізгі 

мақсатымыз — Onlinebank.kz-

ті қосымша өнімдермен және 

сервистермен толықтыру. Бұл 

заңды тұлға — клиенттерімізге 

қашықтықтан жан-жақты мүмкінді 

қызмет алуға ыңғайлылық тудырады.

Екіншіден, біз қолдау көрсету мен 

сату сияқты қашықтықтан қызмет 

көрсетудің сапасын жетілдіруді 

жоспарлап отырмыз. Бізде 

клиенттердің сұранысына ие болған 

өнімдердің статистикасы бар, міне 

осы өнімдерді ары қарай жетілдіру — 

біздің басты мақсатымыз.

Үшіншіден — B2B (бизнес үшін 

бизнес) клиенттеріне қызмет 

көрсетуде ішкі операциялық 

процестердің сапасын барынша 

жақсарту. Бізде халықаралық 

сарапшы-талдаушылар, кеңесшілер 

дайындаған клиенттің жағдайын 

жасауға бағытталған ірі жоба бар. 

Қазіргі негізгі міндет-мақсатымыз — 

осы жоспарды әрі сәтті, әрі сапалы 

түрде жүзеге асыру.

НЕСИЕ ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАУДА 

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҰЛҒАЙТЫП, 

САПАСЫН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

—  Кеңес Ракишев банк қызметін 

аймақтарға бұру жөнінде мәлімдеген 

еді. Осыған орай аймақтық желіде 

қандай өзгерістер орын алады? 

Филиалдардың өз бетінше жұмыс 

істеу мүмкіншілігі арта ма?

— Әрине, банктің жалпы бизнесінде 

филиалдардың рөлі сөзсіз артады. 

Көптеген аймақтарда нарық үлесін 

алдыңғы қатарға шығару үшін бар 

күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл 

біздің несие қоржынын және оның 

сапасын көтеруге ықпал ететін 

өсіміміз. Біздің филиалдарымыздың 

келешегі зор және олар айтарлықтай 

өсімге қол жеткізуге мүмкіндігі 

басым. Аймақтарда пайдаланбаған 

қабілет-қарым жетіп-артылады. 

Мысалы, бөлшек өнімдерде — төлем 

карталары туралы айтсақ та болады, 

сондай-ақ шағын және орта кәсіп 

айналасында да игерілмеген үлес көп.

Біріншіден, біз көздеп отырған 

негізгі мәселе — несиелерді шұғыл 

шешуге әрі сапасын арттыруға қол 

жеткізу.

Сондай-ақ, барынша мобильді 

және жедел түрде әрекет ету үшін біз 

филиалдарға өз бетінше жұмыс істеу 

аясын кеңейтіп беруді қарастырып 

жатырмыз.

Өз кезегінде біз филиалдардан 

салалық қызметке жатпайтын бөлігін 

өзімізге алуды көздеп отырмыз. 

Оны біз бас кеңседе жүзеге асыруды 

жоспарлаудамыз. Мысалы, аймақтық 

құрам күнделікті шаруаларға бас 

қатырмау үшін филиал қызметіне 

қатысты жұмыстарды, атап айтқанда 

ғимаратқа қатысты шаруаларды, сатып 

алуды өз мойнымызға аламыз. Себебі 

жергілікті жердің қызметкерлері 

клиентке мойын бұрып, жобалармен 

және бизнес-міндеттерді жүзеге 

асырумен айналысуы шарт. 



Т

2016 ЖЫЛҒЫ 

6 айдың ішінде ҚКБ шағын 

және орта бизнес кәсіпорындарына

100 млрд теңгеге жуық несие бөлді

● Аймақтардағы кәсіпкерлерді қолдау 

үшін ҚКБ «Даму» КДҚ-ы мен кредиттік 

келісімге келді. Бұл келісім бойынша 

қаражат Қордың жергілікті атқарушы 

органдарымен бірлесіп, атқарылып 

жатқан жылдық 7%-дан басталатын 

қаржыландыру мөлшерлемесімен 

аймақтарды қаржыландыру 

Бағдарламасының аясында тартылды

● Банкке 21 млрд теңге көлемінде 

қаражат бөлінді. Аталған қаражат 



жылдық 12,5%-дан басталатын 

қаржыландыру мөлшерлемесімен 

Қазақстанның Даму банкімен 

іс-жүзіне асып жатқан қайта 

өндеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік 

субъектілерінің айналымдағы 

капиталын қаржыландыру 

Бағдарламасының аясында тартылған

● БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен 

қаражатты тарту аясында 

Қазкоммерцбанкке 20,9 млрд 

теңге көлемінде қаражат бөлінді. 

Бұл қаражаттың қаржыландыру 

мөлшерлемесі жылдық 19%-дан 



басталады, кейін бұл мөлшерлеме 

10%-ға дейін субсидиялануы мүмкін

БҰЛ МАҢЫЗДЫ:

алдындағы жауапкершілігін айту 

керек. Мен банкте қарапайым 

өтілгер немесе бөлім бастығының 

жұмысының қыр-сырын жақсы 

білемін. Ernst &Young-компаниясында 

операциялық және несиелеу 

үрдістерінің тиімділігін арттыру, 

ал Kcell-де сату мен сервисті 

жетілдіруді жетік меңгердім. 

Сол себепті жаңа лауазымымда 



ТОП

-МЕНЕДЖЕР

МЕН

 СҰХБ

АТ

10

11

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

Мұнайлы өлкенің

 

тәтті күлшесі



«Ас атасы — нан» дейді біздің дана халық. «Нан болса, 

ән де болады» деген де өткен заманнан қалған сөз 

бар. Нан «қара алтын» деп жүрген мұнайымыздан 

да қымбат, асыл. Мұны басқасы-басқа, мұнайлы өлке 

тұрғындары, атыраулықтардың өзі де мойындайды. 

Мәселен, мұнайсыз өмір сүруге болады, ал нансыз 

бір күн де ғұмыр кеше алмайсың. Нанды қастерлеп-

қадірлейтініміз сондықтан

М

дейді «ТрансТехИнтернэшнл» ЖШС 

директоры Сүлеймен Ақдрашев.

«ТрансТехИнтернэшнл» ЖШС 

өкілдерінің айтуынша, кәсіпорынның 

құрылысы өткен жылы өңдеу 

өнеркәсібімен айналысатындарды 

қолдау ниетімен құрылған «Даму-

Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы 

аясында басталған. Бағдарлама 

арқасында тартылған қаржы-

қаражат құрал-жабдық, автокөлік 

сатып алуға және құрылыс-монтаж 

жұмыстарына жұмсалған. Жыл 

аяғына қарай «ТрансТехИнтернэшнл» 

бірінші және жоғары сұрыпты ұн 

өндіретін диірмен мен макарон 

желісін іске қосуды ниеттеніп отыр. 

Сөйтіп, макарон өндірісін қолға алуды 

жоспарлауда.

Қазір нан кәсіпорнында 126 жаңа 

жұмыс орны ашылған. Өндірістің 

дамуына орай олардың легі де бәлкім 

өсіп қалар. «ТрансТехИнтернэшнл» 

қала бойынша нан өнімдерін сататын 

бірнеше мобильді дүңгіршекті 

жабдықтауды жоспарлауда. 

Компанияның алға қойып отырған 

мақсаты — әр қала тұрғыны нан және 

нан өнімдерін алыстан іздемей-ақ 

үйдің жанынан табатындай деңгейге 

жеткізу.


— «Дәулет Нан» нан зауытын 

іске қосу арқылы біз отандық 

өндірісті дамытуға өз үлесімізді 

қосып, «Қазақстанда жасалған» 

сауда белгісінің көшбасында тұруды 

қалаймыз, — деді өз сөзінде Сүлеймен 

Ақдрашев.

Казком өз тарапынан 

компанияның жоба-жоспары 

алдындағы жауапкершілігін 

түсініп оны адал атқаратынына 

сенімділік білдіреді 

және банкпен кредитор 

арасындағы міндеттеме 

қылаусыз жүзеге асатынына 

үміт артады.

— Отандық кәсіпкерлерді 

қолдау ниетімен мемлекеттің 

бөліп отырған қаржысын 

игеруде қаламызда ашылған 

нан зауытының құрылысын 

қолдап-қуаттау барысында біздің 

банктің көшбасшы болғанына 

біз өте қуаныштымыз, — дейді 

Қазкоммерцбанктің Атырау 

филиалының директоры Мәжіт 

Оңалбеков.

— Жүйеқұрушы қаржы 

институты ретінде Қазком 

экономиканы жетілдіріп дамытуға 

негізделген мемлекеттік 

бағдарламаларды оның ішінде 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 

мен Қазақстанның даму банкінің 

бағдарламаларын жүзеге асыруға 

аса белсенді түрде қатысып келеді. 

Жергілікті кәсіпкерлерді қолдайтын 

«Даму» қорының қаржысына зауыт 

құрылысы қаржыландырылып, 

өндірістік құрал-жабдық, 

кәсіпорынға қажетті көліктер сатып 

алынды. Қала тұрғындары үшін 

бұл жобаның маңызы зор, оның 

үстіне халыққа аса қажетті нан 

және нан өнімдерін шығаратын 

кәсіпорынның жұмысына сәттілік 

тілеуіміз керек. Нан зауытының тағы 

бір қыры — бұл әлеуметтік маңызы 

бар кәсіпорын. Мұнда экономикадағы 

дағдарыс кезінде жаңа жұмыс 

орындары ашылып жатыр. Тағы 

бір қуанарлығы, наубайхана ісінде, 

яғни нан-тоқаш өнімдерін пісіргенде 

кәсіпорын негізінен отандық 

шикізатты қолданады. Өндіріске 

қажетті шикізат өнімдері ұн және 

басқа да қажеттіліктер негізінен 

отандық өндірісшілердің өнімдері 

пайдаланылады. Оның үстіне, нан 

зауыты — мемлекеттік қазынаға, 

бюджетке салықтық түсімдер 

төлейтін аймақтағы ірі салық төлеуші 

екенін қуанышпен айта аламыз. 

МАУСЫМ 

АЙЫНДА 

«Дәулет Нан» 

наубайханасы 

іске қосылғанда Атырау қаласы 

және қаламаңы жұрты қатты 

қуанды. Кәсіпорын Новокирпичный 

ауылында ашылып, осы күні 

тәулігіне 30 тоннаға дейін дайын 

өнім шығарып жатыр. Атыраулықтар 

таңертең тәтті күлшенің аңқыған 

қош исімен оянады десек артық 

айтқандық емес. Қазір жаңа 

наубайхананың өнімін 30 фирмалық 

дүкен желісі сатуда.

Нан кәсіпорны нанның бірнеше 

түрін шығарып жатыр. Тұтынушылар 

қалағанын, батон, багет, тәтті 

тоқаш сатып ала алады. Мұнда нан 

өнімдерінің 35 түрі шығарылады. 

Бұл да әлі меже емес екен. «Дәулет 

Нан» алдағы уақытта басқа да нан және 

нан өнімдерін шығаруды көздеп отыр. 

Оған зауыттың қуаттылығы жетеді. 

Мұнда заманауи еуропалық жабдықтар 

орнатылған: WP Hation Bakery Group 

(Нидерланды), Diosna (Германия), Miwe 

(Германия), «Рондо» (Швейцария) 

автоматтандырылған желісі жұмыс 

істейді. Бұған итальяндық технологияны 

қосыңыз. Итальяндық технологиямен 

піспеген нан нан ба? Өйткені, олар 

наубайхана ісінің шебері, нан пісіруден 

әлемде алдына жан салмайды.

«Дәулет Нан» нан кәсіпорны 

ашылғанға дейін Атырауда бірде-бір 

ірі нан зауыты болмаған. Қалада кіші-

гірім 13 наубайхана жұмыс істеген, 

олардың жиынтық қуаттылығы 33 

тоннадан аспаған. Жаңа кәсіпорын 

«ТрансТехИнтернэшнл» ЖШС 

құрамына кіреді. Ол «Даму–7»-ге енді, 

Қазкоммерцбанк оны мемлекеттік 

бағдарлама аясында жылдық 6% 

жеңілдікпен, теңгелей (ЖТСМ — 6,3%) 

қаржыландырды.

— Қазкоммерцбанкпен біз 15 

жылдан аса бірге жұмыс істейміз. Біз 

корпоративті клиенттерге арналған 

банктің бар қызметін пайдаланамыз. 

Осы жылдар арасында ашық, айқын 

әрі тиімді қарым-қатынас орнады. 

Біздің осы жобамызды қолдағаны 

үшін банкке ризамыз. Корпоративті 

клиенттерді қаржыландыруда Казком 

екіжақты тиімді жүйені одан әрі 

жалғастырады деген сенімдеміз, — 



«ТРАНСТЕХИНТЕРНЭШНЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

СҮЛЕЙМЕН АҚДРАШЕВ

БІЗ

ДІҢ

 КЛИЕНТТЕР

12

13

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

Картаңызға сақ болыңыз,

ұры-қары аямайды!

Кәнігі алаяқтар карта иесінің алаңғасарлығы мен бейқамдығын пайдаланып, 

ақша ұрлаудың небір құйтырқы әдістерін ойлап табуда

Тахир КОРАЛОВ



СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗДЕ

 

бір 



рет болса да, электронды 

поштаңызға 

«авторизациялау» ниетімен 

банк қызметкерлері қол қойған 

интернет-банкингтегі парақшаңызға 

кіру үшін жеке мәліметтеріңізді 

сұраған электронды хат келіп көрді 

ме? Немесе әлдебіреу сізге ақша 

салу үшін картадағы нөміріңізді, 

оның екінші жағындағы үштаңбалы 

кодты сұрап хабарлама жіберді ме? 

Егер сіз «иә» десеңіз, онда абайсызда 

картадағы ақшаңызды ұрламақ 

болған алаяқтардың құрған тұзағына 

түскенсіз. Әрине, ішіңіз сезіп отырған 

болар, бұлар ешқандай да банк 

қызметкерлері емес — оларға біздің 

кілт сөзіміз, тіпті PIN-кодымыз 

да қажет емес. Сондықтан «көлденең 

көк аттыға» жеке мәліметтерді 

бермеу керек — бұл карта иесінің 

тек өзіне ғана тән құпия деректері. 

Тіпті біздің кілт сөзімізді сақтап, 

бәрімізден де құпия ұстайтын 

бағдарлама да оны сізден талап 

етпейді.


Қалың қауымның көпшілігі 

банктік жеке мәліметтердің 

ұрланатынына шәк келтірмейді. 

Тіпті оны ұрлайды деп ойламайды 

да. Тек оқиғамен бетпе-бет келгенде, 

картадағы ақшасы қолды болғанда 

ғана сезіктене бастайды. Көбіміз 

қаржылық алаяқтықтың бізге қатысы 

жоқ сияқты көреміз, бізден басқа 

жақта болып жатқандай сезінеміз. 

Және мұндай оқиға басымыздан 

өтпейді деп ойлайтынымыз опық 

жегізеді.

С

ФИШИНГ НЕМЕСЕ 

ТҰЗАҚ-ХАТ

Бірде менің әріптесіме электронды 

хат келді. Хат Қазкоммерцбанктен 

Homebank.kz.

 порталынан келген 

сияқты болып көрінді. Әріптес 

келіншекке келген әлгі хатта 

сұраушылар картаның құпия сөзі мен 

жеке мәліметтерді беруді жазады. 

Ең бастысы, хат әдемі өте сауатты 

толтырылған, оның үстіне Казкомның 

корпоративті түстері қолданылған 

екен. Сонысына қарап, әріптесім 

ештеңеден күмәнданбады. Ол хатта 

сұрау салынған мәліметтерді жиып, 

құпия сөзді жазып жібергелі жатыр 

еді, осы кезде тағы бір тексерсем 

артық болмас деген ниетпен «сіздерге 

сондай хат келді ме?», — деп сұрады. 

Біз бәріміз ондай хат та, хабарлама 

да келмегенін айттық. Осының өзі-

КАРТА АЛАЯҚТАРЫ 

SKYPE АРҚЫЛЫ 

ҚАЛАЙ ҚАРУЛАНАДЫ

Менің әпкемнің де «жолы болды». 

Таяуда ол Еуропада демалып қайтқан 

еді. Ол жақта зайыбы екеуі жалға 

жеңіл көлік алмақшы болады, бірақ 

көліктің неше күнге қажет екенін 

білмей дал болады. Осыған сәйкес 

көлікті прокатка бергелі отырған 

көлік компаниясы олардан төлем 

қабілеттілігіне көз жеткізу үшін 

карталық есеп-шоттың көшірмесін 

сұрайды. Осыған байланысты 

Алматыдағы Казкоммен дереу 

байланысу қажеттілігі туады. 

Еуропада байланыс қызметі 

өте қымбат екенін білесіздер. 

Оның үстіне көшірмені алу бірер 

минуттың шаруасы емес. Осы 

кезде әпкем жаһандық интернет 

желісінің қызметіне жүгінгісі келіп, 

ғаламтордан, анығында Skype 

желісінен Казкомның мекенжайын 

тауып алады. Достар санатындағы 

табылған парақша бойынша 

«тықылдатады». Олар «есікті» 

шұғыл аша қояды. Қарсы тараптың 

аватарында Казкомның логотипі 

шыға келеді. Осы кезде әпкем өз 

проблемасын виртуалды әлемге 

жайып салады.

Олар әпкеме көмектесуге уәде 

береді, бірақ ол үшін керек ақпаратты 

сұрайды: картаның екінші бетіндегі 

құпия код, Homebank-ке кіру үшін 

логинді, құпия сөзді талап етеді. Аңғал 

әпкем бар мәліметті жайып салады. 

Әңгімелесушілер оған мәселені 

шешу үшін 3–6 сағат қажет екенін 

айтады. Одан кейін әпкемнің бірде-бір 

хабарына жауап бермейді.

Туысқанымды түсінуге де болады: 

мұндай аяқасты жағдайда, оның үстіне 

өзің басқа елде жүрсің, қайдағы жоқ 

біреу алдап кетеді деген ой миыңа 

да кіріп-шықпайды. Бірақ, қандай 

жағдайда да, басқа біреуге сенуге 

болмайды, өзіңнің жеке мәліметтеріңді 

басқа біреуге мүлде беруге болмайды…

Айтпақшы, салыстырмалы түрде 

айтқанда, оның аздап «жолы болды»: 

мәліметтерді беріп қойған картасынан 

әрине, ақша «сыпырып» алынды, 

оның бақытына қарай екінші картасы 

болып еді, тығырықтан сол құтқарып 

қалды. Меніңше, әпкем өмір бойына 

сабақ алды. Ол ресми Казкомның 

Skype арқылы клиенттерімен сұхбат 

құрмайтынын кейін білді — интернет 

желісіндегі бұл арна тек қоңырау үшін 

қолданылады екен.

Осы оқиғадан кейін арада аз уақыт 

өткен соң мен жаңалықтардан Skype 

арқылы алаяқтардың тұзағына түсіп 

қалған клиенттердің арызын оқыдым. 

Кейбір клиенттердің аңғалдығы 

мен бейқамдығын пайдаланған 

бопсалаушылар интернетте қолдан 

жасалған жазбаларды пайдаланғаны 

белгілі болды. Ел-жұрттың сезігін 

тудырмас үшін банктің ресми 

аккаунтын көшіріп алған, оған 

көзге анық шалынбайтын қосымша 

белгілерді: нүктелерді, дефистерді, 

астыңғы сызықшаны және басқа 

белгілерді қосып қойыпты. Жіті 

бақылап қарамаған адам әрине оның 

алаяқ-аккаунт екенін қайдан білсін?

ақ әріптесімізді сезіктендірді. Ол 

анықтап, жіті назар салып қарап 

еді, хат мына электронды поштадан 

келіпті 

callcenter@kkbb.kz. 

Бұл Email 

банктің ресми мекенжайына өте 

ұқсас екен, егер анықтап, зер салып 

қарасаңыз оның callcenter@kkb.kz 

қате мекенжай екеніне қиналмай көз 

жеткізуге болады.

Сөйтіп, біздің әріптесіміз банктен 

ресми сұрау түскендей етіп жасалған 

тұзақ-хат алғанына көзін жеткізді.

Әріптесіміз осы оқиғадан кейін 

банкпен хабарласты. Бұл алдап-арбау 

жолымен құпия мәліметті қолға 

түсірмекші болған бопсалаушылардың 

заңсыз әрекеті екені белгілі болды. 

Әрі мұндай жағдай бірінші рет емес 

екен, бірнеше рет орын алыпты. 

Банктің өзі клиенттің жеке құпия 

мәліметтерін сенімді түрде сақтайды. 

Ал әлгі бопсалаушылар ашық ақпарат 

көздерінен, әсіресе әлеуметтік 

желілерден мекенжайларды жиып 

алып, өздерінің жеке жіберу базасын 

жасаған. Homebank-тен хат жіберілгелі 

іспетті хабарламаны алғандар шын 

мәнінде Казкомның клиенттері емес 

еді, банк осындай қорытындыға келген.

Алаяқтардың құйтырқы амалы 

әртүрлі. Тіпті мыңдап саналады. 

Оның бас-аяғына жетпейсіз десем, 

артық айтқандық емес. Әдетте, ұлы 

комбинатордың тәсілі 400 болмаушы 

ма еді, ал қаскөйлердікі одан да көп. 

Бүгін солардың кейбіреуіне тоқталып 

өткенді жөн санап отырмыз.



ӨЗІҢНІҢ 

жеке 

мәліметтеріңді 

басқа біреуге 

мүлде беруге 

болмайды

СОНДЫҚТАН 

«көлденең көк аттыға» 

жеке мәліметтерді 

бермеу керек — бұл 

карта иесінің тек 

өзіне ғана тән құпия 

деректері

А

ЛАЯ

ҚТ

ЫҚ

 

14

15

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Қыркүйек 2016

№6 (151)

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 

АЛҚАБЫНДА

Маңғыстау облысының тұрғыны 

Жазира ауыр дертке ұшыраған ұлына 

ақша жинау мақсатымен Казкомнан 

карта ашады. «Өмірде қолұшын 

беретін мейірімді адамдар көп», — деп 

ойлады ол баспасөзде өз картасының 

нөмірін жариялай отырып. Дегенмен, 

өмірде қатыгез адамдар да кездеседі 

екен. Келіншекке бейтаныс жастар 

хабарласып, картаға ақша аударғысы 

келетіндіктерін айтқан. Сөйтіп олар 

картаның нөмірін, екінші жағындағы 

үштаңбалы CVV-код-ты, сондай-ақ, 

картаның қызмет ету мерзімін сұрап 

алған. Жастардың бұл әрекетіне әрі 

қуанып, әрі сеніп қалған Жазира 

мәліметтің бәрін ашық, анық айтып 

береді. Әлгі ұрыларға ақпараттан 

басқаның керегі жоқ еді, олар 

интернетте картасыз-ақ төлем 

жасауға қуана кіріскен. Сонымен 

не керек, аңқау Жазираның есеп-

СКИММИНГ НЕМЕСЕ 

ІT- ҰРЫЛАРДЫҢ КӨЗІ 

ІЛІНБЕЙДІ

Тағы бір криминалды оқиға таяуда 

Ақтауда болып өтті. Сауда үйінің 

бірінде банкоматқа келген клиент 

банкоматтың карта салатын жерінде 

түсініксіз бір қосымша қондырғының 

тұрғанын байқағандай болады. 

Клиент банкоматтың «аузынан» 

оны жұлып алып, дереу банкке 

қоңырау шалады. Казкомның 

мамандары оқиға болған жерге 

жетіп, «диагнозды» бірден қояды: 

банкоматқа скиммингтік қондырғы 

қойылған. Ол қандай зат? Енді соған 

тоқталайық. Бұл — банкоматтың 

«аузына», карта қойылатын жерге 

орналастырылған портативті 

сканер. Ол банктік картаны салған 

кезде ондағы магниттік лентадағы 

ақпаратты оқып, жазып алады. 

Осынау девайспен бірге «жинақта» 

шпион-бейнекамера болса, онда 

ол карта иесі терген PIN-кодты 

анықтай алады. ІТ-ұрылар бұл 

мәліметті картаның дубликатына 

жазып алып, бүкіл әлем бойынша 

төлем жасай береді. Бұл кезде карта 

иесі ештеңеден секем алмай жүре 

береді, ал банктегі ақшаң шетінен 

«ери» бастайды…

шотынан ұры-қарылар 300 мың 

теңгесін қолды қылады.

Казкомның қауіпсіздік қызметі 

ұрылардың ақшаны интернетте ойын-

сауыққа, көңіл көтеруге жұмсағанын 

анықтады. Ал бұл кезде Жазираның 

ұлы ауыр дерт құшағында қиналып 

жатыр еді…

Мұндай жағдайда ең жаманы 

клиенттер жоғалған, яғни есептен 

шығарылған ақшаны арызданып, 

талап ете алмайтыны: өйткені 

келіншек өз картасының нөмірін 

өзі ерікті түрде айтып берді, әрі 

техникалық жағынан төлемдер төлем 

жүйесіне сай жүргізілді. Дегенмен, 

банктің басшылығы Жазираның 

жағдайын ескере келе, қолындағы 

кеселді баланың тағдырына араша 

түсу ниетімен, бұрын-соңды болмаған 

жағдай екенін айта кетуіміз керек, 

қолды болған қаржыны банктің «Құс 

Жолы» деп аталатын корпоративті 

қайырымдылық қоры есебінен төлеп 

берді.

ӨЗДЕРІҢІЗ КӨРІП ОТЫРҒАНДАЙ,

 ұры-қарының қолына, құрған тұзағына өзіңіздің сенгіштігіңіздің, 

бейқамдығыңыздың арқасында оп-оңай түсіп қалуға болады екен. Сонда олардан қалай қорғануға 

болады? Назар қойып, оқып алыңыз, біз сіздерге бірнеше маңызды кеңес беруді жөн санадық

 1  


БАНК ЕШҚАШАН ӨЗДЕРІНІҢ 

клиенттерінің мәліметтерін 

сұратпайды. Сондықтан мұндай 

хаттарды, хабарламаларды, 

қоңырауларды елемеу керек. 

 2

  



ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА 

ЕШКІМГЕ,


 тіпті танысыңызға да 

картаны, PIN-код-ты, оның нөмірін, 

қызмет көрсету мерзімін, CVV2/CVC2-

код-тарды айтушы, беруші, көрсетуші 

болмаңыз. Бұл  Homebank.kz-тің 

құпия сөзіне де қатысты. Ақша жинау 

үшін тек картаның нөмірін айтсаңыз 

болады. Жалпы мұндай мақсатқа 

басқа карта ашқан жөн. 

 3

  



БАНКОМАТТЫ ҚОЛДАНАРДА

 

оның «аузында» бөгде қондырғы 



бар ма, жоқ па соған назар 

аударыңыз. PIN-код-ты терген кезде 

клавиатураны қолыңызбен жауып 

тұрыңыз. Қажет болған жағдайда 

PIN-код-ты Казкомның кез келген 

банкоматынан өзгертуге болады.

 4

  

БЕЛГІСІЗ САЙТТАРДА



 онлайн-да 

төлем жасауға болмайды.

 5  

КЕЛІП ТҮСКЕН ХАТТАРДАҒЫ, 



хабарламалардағы жіберушінің 

мекенжайын анықтап, назар салып 

қараңыз. Егер сайттың немесе 

электронды поштаның мекенжайы 

түпнұсқалық мекенжаймен 

салыстырғанда, бір таңбасы артық 

немесе кем болса, тіпті бір таңбамен 

ерекшеленсе, онда ол — жасанды. 

 6  

БАНКТІҢ SMS-ЕСКЕРТУЛЕРІНЕ 



жазылыңыз, ол барлық төлемдер 

жөнінде хабарлама жіберіп тұрады. 

SMS тәуліктің 24 сағатында, аптаның 

7 күнінде түседі. 

 7  

ИНТЕРНЕТ-ТӨЛЕМДЕР 



үшін 

қосымша қорғаныс мақсатымен 

картаңызға 3D-құпия сөзін (пароль) 

орнатыңыз.

 8

  

ЕГЕР АЛАЯҚТАРҒА



 жауап 

беріп қойсаңыз немесе оларға өз 

мәліметтеріңізді баяндап қойсаңыз, 

шұғыл түрде банкке қоңырау 

шалыңыз, құпия сөзді ауыстырыңыз 

немесе картаны жауып (блокқа қою) 

тастаңыз.

БАНКПЕН ӘРДАЙЫМ 

МЫНА АРНАЛАР АРҚЫЛЫ 

ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет