Коррекциялық (түзетуші) құрылғы дегеніміз не, не үшін қолданылады, оның жалғану түрлері



бет1/3
Дата09.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#56198
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
ТАУ БАК3


  1. Коррекциялық (түзетуші) құрылғы дегеніміз не, не үшін қолданылады, оның жалғану түрлері

Түзетуші деп параметрлерінің сипаттамалары оңай өзгертілетін, автоматты реттеу жүйелерінің құрамына енгізілетін, оларға қажетті динамикалық қасиеттерді беретін, автоматты реттеу жүйелерінің тұрақтылығын сақтау және өтпелі процестің сапалық көрсеткіштерін жақсартатын құрылғыларды атаймыз.
Тұрақсыз жүйелер құрылымды-тұрақты және құрылымды-тұрақсыз деп бөлінеді. Құрылымды-тұрақты деп автоматты реттеу жүйелерін олардың параметрлерінің сандық көрсеткіштерін өз гертіп, құрылымдық схемасын өзгертпей тұрақты етуге болатын жүйелерді айтамыз. Құрылымды-тұрақсыз деп автоматты реттеу жүйесінің параметрлерін қанша өзгерткенімен оны тұрақты етуге болмайтын жүйелерді айтамыз.
Параллельді түзету құрылғылары деп автоматты реттеу жүйесінің бір немесе бірнеше буындары параллель қосылатын түзету құрылғыларын атаймыз. Бұл құрылғылар өзінше жергілікті кері байланысты береді.
Параллельді түзету құрылғыларының ерекшеліктері. Жүйе сипаттамасының тұрақтануы кері байланыспен қамтылған буындардың есебінен жоғарылайды, сондықтан осы буындар параметрлерінің тұрақтануына қойылатын талаптарға қарағанда қатаң болуы мүмкін. Бұл келесі ұғымдар негізінде орынды: 1. Параллель түзету құрылғылары бар жүйелер реттелетін шама ауытқуына пропорционал негізгі сигналға қойылатын бөгеттерге сезімталдығы аз. Ол кері бай ланыстың кірісі кері байланыспен қамтылған буындардың шығысына қосылғандығымен түсіндіріледі, олар бөгет деңгейін төмендететін төменгі жиіліктердің фильтрлеу функциясын орындайды. 2. Параллель түзетуші құрылғыларды пайдалану қосымша күшейткіштерді пайдалануды қажет етпейді, өйткені ке рі байланыспен қамтылған буындар дың шығысындағы қуат деңгейі жеткілікті жоғары. Параллельді түзетуші құрылғылардың кемшіліктері 1. Салыстырмалы қымбаттылығы мен үлкен көлемділігі (мысалы, тұрақтандырғыш трансформаторлар және басқалар). 2. Кейбір жағдайларда соммалау кезіндегі негізгі сигнал мен кері байланыс бойынша келіп түскен сигналдың қиындауы (кейде техникалық түрде жүзеге асады).
Тізбектелген түзетуші қондырғылар деп реттеуіш жүйесінің негізгі контурына жүйенің басқа да буындарын тізбектей қосатын түзетуші қондырғыны айтады. Тізбектелген түзетуші қондырғыда жергілікті параллельді кері байланыс болуы мүмкін. Тізбектелген түзетуші қондырғы лар сигналдарды түрлендіру үшін, реттелетін өлшемнің пропорционалды ауытқуына, яғни түзетуші қондырғының шығысын да реттелетін өлшемнің ауытқуына пропор ционал сигнал алынады, және де ауытқудан туынды және интегралмен пропорционал сигнал да алынады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет