Коррозиядан электр химиялық қорғау



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі389,81 Kb.
#18245
1   2
Бақылау-өлшеу орындары. Магистралдық құбыр желісінде немесе басқа жер асты құрылыстарында электрлік қорғаныстың қандай да түрі болмасын (катодтық, протекторлық немесе электродренаждық) оның әсерін жүйелі түрде өлшеуді талап етеді.

Потенциалдарды өлшеу жер бетіне құбыр жолының барлық бойында немесе құбыр желілерінде орнатылатын бақылауөлшеу пункттері ретінде арнайы шығарылулар арқылы жасалады.



Бақылауөлшеу пункті деп жер асты метал құбыр желілерін жерді жыртпай-ақ электрлік өлшеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін құрылғы. Бақылау-өлшеу пунктінде потенциалдар айырымын өлшеуге болады және құбыр желісі – жер аумағында тасымалдау құралдары арқылы токты өлшеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі бар. Ол үшін өткізгішті (бақылаушы шығыс) құбыр жолының металл бетіне термиттік дәнекермен берік дәнекерлеу керек. Екінші шығысты (электродты) әр уақытта жерге тұйықтау қорғаныс құбырымен немесе металлдан жасалған шығыс бағанасымен жасалады.

Қала сыртында орналасқан бақылау-өлшеу пункттері километрлік бағаналармен немесе ұзын құрылғылармен бірге жабдықталған. Ол пункттер жердің бетінде орналастырылады.



Катодтық станцияларды, протекторларды, электрлік қосқыштарды, құбыр желісінің бақылау-өлшеу пункттеріне арналған шығыстарды іске қосу үшін дөңгелек болат материалмен шығыстарды ерітіп жабыстырып дәнекерлейді. Ерітіп жабыстыру электрлік кедергісі өте төмен болатын сенімді жалғануды қамтамасыз етеді. Құбыр желісі мен оған ерітіліп жабыстырылған металл өзек арасындағы ауыспалы электрлік кедергісі шамамен 5-10-5 Ом құрайды. Шығысты құбыр жолын траншеяға салғаннан кейін құрылыс кезінде, сонымен қатар, құбыр желісі өнімге толып тұрған кезде, қысымы 25 атм көп емес пайдалану процесінде ерітіп жабыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет