4 Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1 Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте
(Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру
жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді.
Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша
түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2 Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген
стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3 Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің
(Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші
тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына
сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап 1 күн ішінде қолданады.
4.4 Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден
босатпайды.
|