Көрсетілген бұйрығымен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бұйрыққа қосылып отырған 1-ші қосымшасына бекітілсін


Паллиативтік көмекті көрсету бойынша ұтқыр бригадалар және көп бейінді мамандар тобы жұмысын ұйымдастыру



бет4/5
Дата03.02.2023
өлшемі60,71 Kb.
#64909
1   2   3   4   5
Байланысты:
0;;80B82 0 07. 1

Паллиативтік көмекті көрсету бойынша ұтқыр бригадалар және көп бейінді мамандар тобы жұмысын ұйымдастыру

1. Ұтқыр бригадалар (бұдан әрі – ҰБ) үйде (үйдегі хоспис):


1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек;
3) медициналық-әлеуметтік көмек түрінде паллиативтік көмек көрсетуге арналған.
2. ҰБ хоспис, көп бейінді немесе мамандандырылған ауруханалардың паллиативтік көмек бөлімшелер базасында не амбулаториялық–емханалық ұйымдар базасында құрылады.
3. ҰБ құрамына дәрігер, мейіргер, әлеуметтік қызметкер және психолог кіреді.
4. Көп бейінді мамандар тобы үйде паллиативтік көмекті көрсетуге арналған, топ аумақтық емхана базасында құрылады.
5. Көп бейінді мамандар тобы (бұдан әрі - КБМТ) тобына: дәрігер, мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог сондай-ақ қажет болған жағдайда - еріктілер, шіркеу қызметкері кіреді. КБМТ құрамына қосымша психологиялық қолдау көрсету үшін психотерапевт және бейіні бойынша басқа мамандардың (онколог, фтизиатр, инфекционист, педиатр және басқа) лауазымы енгізіледі. Осылайша пациенттің және оның отбасы мүшелерінің психологиялық, әлеуметтік, діни немесе рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін психологиялық әлеуметтік қолдау көрсетумен қамтамасыз етіледі.
6. Қызметкерлердің эмоциялық жай-күйінің тұрақтылығын сақтау мақсатында мынадай жүктеме нормативтері сақталады: 10 пациентке 1 дәрігер, 10 пациентке 1 мейіргер, 25-30 пациентке 1 әлеуметтік қызметкер, 50 пациентке 1 шіркеу қызметкері. Команда мүшелерінің паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша дайындығы болуы тиіс.
7. Дәрігер паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтеді.
8. Паллиативтік көмек көрсететін мейіргерлер бір ай бойы жұмыс орнында паллиативтік көмекті көрсету дағдыларына тағылымдамадан өтеді, бұдан әрі үш ай бойы хоспистің бас мейіргерінің немесе дәрігердің бақылауымен жұмыс істейді.
9. Паллиативтік көмекті көрсету үшін ресми діни білімі бар діни қызметкер тартылады.
10. Паллиативтік көмек көрсету кезінде мынадай тақырыптардан тұратын: хоспис философиясы, коммуникациялық дағдылар, КБМТ-да жұмыс, өліп бара жатқан науқастың мұқтажы, еріктілердің ролі паллиативтік көмек негіздеріне оқытудан өтумен іріктеуден өткен еріктілердің (волонтерлердің) қызметі пайдаланылады.
11. Еріктілер үйлестіруші дәрігердің бақылауымен жұмыс істейді.
12. Еріктілердің іріктеу критерийлері:
1) командада жұмыс істей білу қабілеті;
2) тыңдай білу және қарым-қатынасты қолдай білу;
3) науқастарға және ауыр қайғыны бастан өткергендерге аяушылық және рақымшылық білдіру;
4) жеке тұлғаға деген құрметті сақтай білу;
5) дәрігерлік құпияны сақтай білу қабілеті;
6) пациенттерді дәледегісі келіп отырған әңгімесіне деген сыйластық қарым-қатынас;
7) моральдық тұтастық;
8) бұрын қылмыстық істің болмауы.
13. Жақын адамының қаза болуына байланысты жарақатты бастан өткерген еріктілерге 1 - 2 жыл бойы пациенттермен және пациенттердің отбасымен тікелей жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
14. Еркітілердің (волонтерлердің) қызметі жұмыс кестесі және ұсынылатын қызметтердің түрлері айтылатын жазбаша шартпен реттеледі. Еріктілердің (волонтерлердің) жұмысы пациенттермен және олардың отбасына көрсетілетін тікелей жұмысты, әкімшілік жұмысты қамтиды.
15. Паллиативтік көмекті көрсету процесіне тартылған медциналық емес білімі бар қызметтерді берушілердің паллиативтік көмекті көрсету кейіннен жұмыс орнында және оқыту семинарларында (курста) біліктілігін арттыру шеңберінде паллиативтік көмекті көрсету бойынша үздіксіз білімімен бейінді білімі және дағдысы бар.
16. Емдеу және күтудің жеке жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру кезінде диагнозы және паллиативтік терапияны көрсету барысы туралы дәйекті ақпарат алған пациентпен және оның отбасымен бірлесіп КБМТ (ҰБ) мүшелері қатысады.
17. КБМТ/ҰБ кемінде аптасына бір рет жұмыс кездесуін жүргізеді.
18. Пациенттің және оның отбасының қажеттілігі КБМТ/ҰБ мүшелерімен емдеу және күту жоспарын жүзеге асыру барысында тұрақты түрде бағаланады, ол пациенттің жай-күйінің өзгеруіне қарай өзгереді және жаңартылады.
19. Үйде пациентке паллиативтік көмекті көрсету кезінде КБМТ/ҰБ дәрігері пациентті тексеріп-қарауды және емдеуге түзетуді жүзеге асырады.
20. КБМТ/ҰБ мейіргері дәрігерлік тағайындауды орындайды.
21. Үйдегі науқастың жағдайы нашарлаған,тәуліктік бақылау талап етілген жағдайда ол хосписке немесе көп бейінді немесе мамандандырылған аурухалардың паллиативтік көмек бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.
22. КБМТ/ҰБ мүшелерінің жұмыс кестесін әзірлеу кезінде аурудың ауырлық деңгейі және персоналға жүктемесі ескеріледі (ұсынылатын қызметтердің түріне және науқсатың орналасу жеріне байланысты).
23. Паллиативтік көмек көрсетудің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып (эмоциялық күю синдромы) персоналға психологиялық эмоциялық жүктемеге қосымша төлемақы коэффициенті белгіленеді.
24. Паллиативтік көмекті көрсетуге қатысатын персоналға қолдау көрсетуді ұйымдастыру шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) КБМТ/ҰБ мүшелері паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша бастапқы дайындықты алады және үздіксіз біліктілігін арттырады;
2) КБМТ/ҰБ мүшелері ұжымның аға мүшелерімен стреске тұрақтылығы тұрақты түрде бағаланады;
3) персоналға, соның ішінде жақын адамынан айырылып қиын жағдайды бастан өткеруге қолдау көрсету топтары ұйымдастырылады.
25. Пациенттердің емдеудің альтернативті әдістерін қоса алғанда ақпараты бар терапияны, емдік іс-шараларды тоқтатуға немесе кез-келген терапиядан бас таруды жүзеге асырады.
26. Пациенттің және оның отбасының құқықтары оларға ана тілінде және оларға түсінікті түрде хабараланады. Қаупін және сұрақтарын айтуға қиналатын пациенттердің тіл және мәдени кедергілері болған жағдайда құпияны сақтай білетін аудармашылардың қызметтері қамтамасыз етіледі.
27. Отбасы егер пациент шешім қабылдауға (мысалы ақыл есі жоқ адамдар) жағдайы болмаған кезде емдеу және күтуге қатысты шешім қабылдауға құқығы бар.
28. Пациентке (оның тілегі бойынша) ауру қандай сатыда, болжамы қандай, емдеудің қолжетімді әдістері, олардың жанама әсерімен салыстырғанда оның тиімділігіне қатысты нақты ақпарат ұсынылады.
29. Паллиативтік көмекті көрсететін адамдар тиісті курстарда қосымша дайындықтан өтеді. Бастапқы даярлық паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша олардың білімі мен дағдысын арттыруға арналған нақты тақырыптарды қамтиды.
30. Паллиативтік көмекті жүзеге асыратын медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымның басшысы қызметтің әрекетіне жауапты басқару органын құрады.
31. Басқару органы ұйым шегінде (ұйымның пайымдауы мен миссиясын қоса алғанда) паллиативтік көмектің барлық мәселелері бойынша шешім қабылдау және оны енгізу процесін қолдайды.
32. Басқару органына әртүрлі бағыттағы мамандар, сондай-ақ осы ұйыммен өзара әрекет ететін қоғамдастық өкілдері кіреді. Басқару органы отырыс хаттамасын құрып және оған қол қойып тұрақты негізде отырыс өткізеді.
33. Паллиативтік көмекті көрсететін медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы:
кадр саясатын қамтамасыз етеді, сондай-ақ персоналдың эмоциялық күйреуінің алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
персоналды және еріктілерді қауіпсіз жұмыс орнымен қамтамасыз етуге кепілдік береді;

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


2-қосымша

Декомпенсация сатысындағы созылмалы өршіген аурулармен


ауыратын науқастарға паллиативтік көмекті көрсету

1. Терминалдық сатыдағы созылмалы өршіген аурулармен (СӨА) ауыратын науқастарға паллиативтік көмекті (жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жетіспеушілігінің декомпенсация сатысындағы, ми қанайналымы бұзылуының салдарлары), медицина және әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, еріктілер құрамындағы көп бейінді мамандар тобы (ұтқыр бригадалар) көрсетеді.


2. Көмек бірлігі декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқас және оның отбасы болып табылады.
3. Паллиативтік көмек мынадай декомпенсация сатысындағы СӨА кезінде көрсетіледі:
1) оларды түбегейлі емдеу мүмкін емес аурулар;
2) өршіген аурулар, осы аурулар кезінде басынан бастап паллиативтік көмек көрсету қажет;
3) науқастарды мүгедектікке әкелетін асқынудың дамуын туындататын аурулар.
4. Паллиативтік көмекке мұқтаж декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқастар толықққанды фармакологиялық, психологиялық және денеге ауырсынуды және басқа симптомдарды басуға қол жетімділігі бар.
5. Декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқастарға паллиативтік көмек пациенттің этикалық және заңды құқықтарын сақтау қағидаты бойынша ұсынылады.
6. Емдеудің сапасын және үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін КБМТ/ҰБ мүшелерінің тұрақты өзара іс-қимылы сақталады.
7. Персонал (еріктілерді қоса алғанда) декомпенсация сатысындағы СӨА ауыратын науқастарға күтім мәселесі бойынша тиісті оқытудан өтеді.

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


3-қосымша

Балаларға паллиативтік көмекті көрсетуді ұйымдастыру


1. Балаларға паллиативтік көмек КБМТ/ҰБ-мен көрсетіледі.


2. Көмек бірлігі бала және оның отбасы болып табылады.
3. Балаларға паллиативтік көмек көрсетілетін аурулар:
1) осы аурулар жағдайында түбегейлі емдеу мүмкін, бірақ тиімсіз болуы мүмкін;
2) өмір сүру мерзімін шектейтін аурулар, осы жағдайда қарқынды ем өмір сапасын жақсартуы мүмкін;
3) өршіген аурулар, бұл жағдайда паллиативтік көмекті көрсету басынан бастап қажет;
4) неврологиялық бұзылуларды сүйемелдейтін асқынуды дамытуды туындататын аурулар.
4. Паллиативтік көмекке мұқтаж әрбір баланың толыққанды фармакологиялық, психологиялық және денеге ауырсынуды және басқа симптомдарды басумен қамтамасыз етіледі.
5. Әрбір баланың мәдени ерекшелікке негізделген және оның жас шамасына сәйкес келетін психологиялық әлеуметтік көмекпен қамтамсыз етіледі.
6. Отбасының, ағалар мен апаларының псхологиялық қолдау көрсетуі ұзаққа созылған аурулар кезінде жүзеге асырылады.
7. Өлім үстіндегі баланың және оның туыстарының қажеттілігі баланы жайлылығы мен абыройын сақтауды есепке ала отырып сақталады:
1) өлім үстіндегі балаға және оның отбасына базалық қолдау көрсету, қажет болған жағдайда олардың үй жағдайында қамтамасыз етіледі;
2) балаға және оның отбасына негізгі рухани және әлеуметтік қолдау көрсетіледі;
8. Балаларға паллиативтік көмек баланың этикалық және заңды құқықтарын сақтау қағидаты бойынша ұсынылады:
1) паллиативтік көмекті көрсететін ұйымның барлық қызметкерлері баланың және оның отбасының құқықтарын біледі және сақтайды;
2) баланың және оның отбасының құқығы олардың ана тілінде және оларға қолжетімді түрде жеткізіледі;
3) қорғаншылар баланың құқығын қорғау процесіне қосылады.
9. Емдеудің сапасын және үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін КБМТ/ҰБ қатысушыларының тұрақты өзара іс-қимылы сақталады.
10. Персонал еріктілерді қоса алғанда, педиатрияда паллиативтік көмек көрсету тиісті оқытудан өтеді.
Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары
4-қосымша

Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға


паллиативтік көмекті көрсету

1. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес ТМККК шеңберінде көрсетіледі.


2. Паллиативтік көмек арнайы емдеу жүргізуге мүмкіндік бермейтін ауыр қосарласқан патологиясы бар IV клиникалық топтағы онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға көрсетіледі.
3. Паллиативтік көмекке мұқтаж IV клинакалық топтың пациенттері олардың тіркелген жері бойынша КБМТ/ҰБ мамандары бақылайды.
4. Ауырсынуды басатын терапияны тағайындау қажеттілігі болған жағдайда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар онкологиялық диспансердің ауырсынуды басатын терапия кабинетінің дәрігерінен консультация алады.
5. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға есірткі құралдары бар препараттарды тағайындау, жазып беру, босату, сақтау, бөліп беру, пайдалану, есепке алу, есептен шығару, жою «Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, псиотроптық заттармен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 қаулысымен регламенттеледі.
Есірткілік аурысынуды басатын препараттарды тағайындау қажеттілігі туралы шешімді комиссия амбулаториялық-емханалық деңгейде береді және тиісті хаттамалармен ресімделеді. Қорытынды тұрғылықты жері бойынша пациенттің амбулаториялық картасына жапсырылады және учаскелік дәрігер үшін ерекше үлгідегі («қызғылт бланкілер») рецептілерді жазуға негіз болып табылады.
6. Есірткі препараттарын алатын онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар жүйелі 10 күнде 1 реттен кем емес КБМТ/ҰБ мамандарының бақылауына жатады. Онкологиялық ауруламен ауыратын науқастар 3 айдан аса есірткі препараттарын алған жағдайда онкологиялық диспансер комиссиясының ауырсынуды басуға қарсы терапияны жүргізудің орындылығы мен дұрыстығы жөнінде қорытынды алуы қажет.
7. Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша инкурабелді онкологиялық ауруламен ауыратын науқастар хоспис жағдайында, сондай-ақ онкологиялық диспансерде немесе көп бейінді ауруханадағы паллиативтік көмек бөлімшесінде ауырсынуды басатын терапия кабинеті дәрігерінің жолдамасы бойынша паллиативтік көмекті алады.
8. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік КБМТ/ҰБ құрамында медициналық психологтар немесе дәрігер-психотерапевтер және дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді.
9. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға және олардың отбасына медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету әлеуметтік – медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек түрінде жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтік-медициналық қызметтерге пациенттердің жағдайын есепке ала отырып, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға күтім жасауды қамтамасыз етуде, соның ішінде туыстарын санитариялық–гигиеналық дағдыларға оқытуға жәрдемдесу жатады (денесін сүрту, жуындыру, гигиеналық ванналар, тырнағын алу, шашын тарау).

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


5-қосымша

Туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға


паллиативтік көмекті көрсету
1. Паллиативтік көмек мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда немесе бөлімшелерде ұйымдастырылады.
2. Туберкулез кезінде паллиативтік көмектің мақсаты науқастың қажеттілігіне, сондай-ақ науқастың отбасы мүшелерінің, персоналдың жұқтыру қаупін төмендету және туберкулездің жазылмайтын түрлерін нозокомиалдық таралуына бағдарланған қызметтерді ұсыну болып табылады.
3. Паллиативтік көмек диспансерлік есептің 1Г (бұдан әрі – ДЕ 1Г) тобы бойынша диспансерлік есепте тұрған барлық науқастарға көрсетіледі.
4. Туберкулез кезінде паллиативтік көмектің міндеттері:
адамның қиын ауруына және өлімнің жақындауына байланысты туындайтын әлеуметтік және заңды, этикалық мәселелерді шешу;
ауырсынуды дұрыс басу;
науқастың және оның туыстарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру;
науқасты психологиялық қолдау;
науқастың отбасы мүшелерінің, персоналдың жұқтыру қаупін төмендету және туберкулездің жазылмайтын түрлерін нозокомиалдық таралу қаупін төмендету;
өлімге деген қарым-қатынасын адамның өмірінің өту кезеңдерінің заңдылығы екеніне адамды дайындау;
тыныс алуының жетіспеушілігі симптомдарының төмендеуі.
5. Паллиативтік көмекті көрсету үшін таңдау критерийлері:
1) екінші және (немесе) үшінші қатардағы туберкулезге қарсы препараттармен емдеудің 12 - 15 айдан кейін бактерия бөлінуінің болуы және одан кейінгі арнайы және хирургиялық емдеудің орындылығы;
2) отбасы мүшелерінен, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдерден, жүкті әйелдерден және олардың босанғаннан кейінгі кезеңінде жеке тұру мүмкіндігінің болмауы.
6. Паллиативтік көмек бөлімшесі облыстық, қалалық және аудандық туберкулезге қарсы диспансерлер құрамында жұмыс істейді.
7. Төсектер саны оларға паллиативтік көмек көрсетілген, бірақ 40 төсектен аспайтын науқастардың санына сәйкес жұмыс істеп тұрған төсек қуаттылығын қайта бейіндеу арқылы ашылады.
8. Науқастар персоналды қашықтықтан шақыру құрылғысымен жабдықталған бір-екі орындық палаталарға орналастырылады.
9. Туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға арналған паллиативтік көмек бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9772 болып тіркелген) Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес инфекциялық бақылауға қойылатын талаптарға сәйкес қажетті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар орындалады.
10. Жазылмайтын туберкулез түрі бар науқастарға туберкулезге қарсы ем жүргізілмейді.
11. Жазылмайтын туберкулез түрі бар науқастарға паллиативтік ем білікті медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүзеге асырылады және ол:
1) күтімді жүзеге асыратын отбасы мүшелерінің және адамдардың жұқтыруының алдын алу жөніндегі шараларды қамтиды;
2) науқасты және оның отбасы мүшелеріне рухани және психологиялық қолдау көрсетуді;
3) науқастарды әлеуметтік қолдауды;
4) симптоматикалық терапияны.
12. Жалпы клиникалық, бактериоскопиялық және бактериологиялық, рентгенологиялық және басқа зерттеудің аспаптық әдістері 6 айда кемінде 1 рет, айғақтары бар болған жағдайда - жиі жүргізіледі.
13. Паллиативтік емдеуге арналған палаталар: дымқыл өңдеуді жүргізуге болатын шкафпен, кереует жанындағы тумбамен, кереуетпен, тоңазытқышпен, теледидармен, түскі ас үстелімен, орындықтармен жабдықталады.
14. Науқастарды тамақтандыру палатада ұйымдастырылады. Науқастарды тамақтандыру құрамында күніне кемінде 6 мың килокалориясы бар тамақпен тәулігіне 5 рет жүзеге асырылады.
15. ДЕ 1Г-тан тергеу қамауына алынған науқастар бір орындық камераларда ұсталады.
16. Медициналық мекеменің аумағы биіктігі кемінде 2,5 метр тұтас дуалмен қоршалады және тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етіледі. Науқастарға арналған серуендеу аумағы басқа аумақтан жеке қоршалады.
17. Паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттер ауырсынуын және азабын жеңілдету үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларына сәйкес дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.
18. Азаматтық секторда амбулаториялық жағдайда паллиативтік көмек инфекциялық бақылаудың барлық шараларын сақтаумен отбасының басқа мүшелерінен үйде (пәтерде) бөлек тұратын тұрғын үй ауданы бар болған жағдайда орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімі бойынша тағайындалады.
19. Инфекциялық бақылау шараларының сақталуына учаскелік фтизиатр айына бір рет, мейіргер айына екі рет мониторинг жүргізеді, инфекциялық бақылау шаралары сақталмаған жағдайда мәжбүрлеп емдеуге жіберу мәселесін шешу үшін науқастың медициналық картасына жазба енгізіледі.

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


6-қосымша

ЖИТС-пен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек


1. Аурудың терминалдық сатысындағы ЖИТС-пен ауыратын науқастар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938 қаулысымен бекітілген паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімге жататын халық санатының тізбесіне енгізілген.


2. ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек Кодекстің 98-бабының талаптарын және құпия қағидаттарын сақтай отырып ұсынылады.
3. Ауруларды немесе оның жай-күйін емдеу, атап айтқанда антиретровирустық терапия жүргізу, туберкулезді емдеу, инъекциялық есірткіні тұтынушылардағы алмастыру терапиясын жүргізу ЖИТС-пен ауыратын науқастардың ауруларының дәрежесін немесе оның жай-күйімен байланысты емес.

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


7-қосымша

ЖИТС-пен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек


1. Аурудың терминалдық сатысындағы ЖИТС-пен ауыратын науқастар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938 қаулысымен бекітілген паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімге жататын халық санатының тізбесіне енгізілген.


2. ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек Кодекстің 98-бабының талаптарын және құпия қағидаттарын сақтай отырып ұсынылады.
3. Ауруларды немесе оның жай-күйін емдеу, атап айтқанда антиретровирустық терапия жүргізу, туберкулезді емдеу, инъекциялық есірткіні тұтынушылардағы алмастыру терапиясын жүргізу ЖИТС-пен ауыратын науқастардың ауруларының дәрежесін немесе оның жай-күйімен байланысты емес.

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидалары


8-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет