Көру, есту және тірек қимыл аппаратының жас ерекшеліктері Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектер мен еттерден, сіңірлер мен тарамыстардан тұрады. Ол тірек, қорғаныш және қимыл функцияларын орындайды. Тірек функциясы – скелеттің басқа мүшелерді ұстап тұруынан, денеге белгілі қалып және пішін беруінен тұрады. Кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты.Тірек-қимыл жүйесі адамның қаңқасымен,оған бекітілген бұлшық ет жүйесінен тұрады. Адам қаңқа сүйектерінің қалыптасуы және дамуы құрсақтағы 3 айынан басталады.Күш жұмыстарын орындау кезінде әр жастағы организмдегі байқалатын реакциялар ерекшеліктері организмдегі зат алмасу процестеріне, дене бітімінің қалыптасуына көп әсер етеді.Бала дене бітімінің бір қалыпты болуы, ауру сырқатқа ұшырамауы үшін қимыл-қозғалыс әдетін дамыту қажет.Қимыл-күш жұмыстары жас ерекшелігіне сәйкес болуы тиіс.Сондықтан оқытушы және ата-ана қозғалыс үйлесімін жетілдіру бағытарына мән беруі қажет.Даму кезеңдерінде сүйек,бас сүйегі омыртқа,төс сүйегі, қол-аяқ сүйектері, дене бітімі, адамның салмағы, физикалық даму ерекшкліктері жасына сәйкес келеді.
Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей емес, тіпті бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды. Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек 1жасқа жақындағанда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.
Қортыта келе, баланың толық қанды дамуына ата-ананың міндеті көп.