Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған



Дата20.10.2023
өлшемі83,27 Kb.
#119785
Байланысты:
саясат срсп 7


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ



NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»





БОӨЖ №7
«Рухани жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана
мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы»



Орындаған: Калбаева Фариза
Тобы: 106 Б

Almaty, 2023


Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған. Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақтанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам бсатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.


Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана- сезімі, өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге өту арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шыра тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табысты білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударатын кез келді.

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодынды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы он-онай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойындағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өтсек озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу кажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.


Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін киыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.


Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір азаматты да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарын ерекше бөлін көрсетіп отыр.
Біріншіден, бұл – бәсекеге қабілеттілік, компьютерлік сауаттылық,шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаналыктарды алемге ұсыну қабілеті.
Екіншіден, бұл- прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындықтардан бас тартуды да, сонымен бірге ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ұтымды ойлауын, ата-бабалар дағдыларынын тарихи тәжірибесін де қамтиды.
Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана өзгерген кезде ұлттық «Мен»-нің ішкі мәйегін сақтау. Бүгінде, барлық жағымсыз нәрселерге дәстүр мен салт-сананы қарсы қоюға болады. Сонымен бірге, біз ұлттың дамуына кедергі келтіретін өткеннің сарқыншақтарынан арылуымыз керек.
Төртіншіден, білім салтанаты - ұлттың жетістігі. Алдағы технологиялық революция қазіргі жекелеген кәсіптердің жойылуына алып келген кезде, білім қол жеткізер табыстың ең іргелі факторы болмақ.

Бесіншіден, тек қана эволюциялық даму біздің өркендеуімізге жол ашады, бұл жаңғыру идеологиясының қағидаты және Қазақстанның әрбір азаматының ішкі сенімі.


Алтыншыдан, сананың ашықтығы, аума-төкпе заманда коғамның және әрбір адамның өзгеріске дайын болуы. Бұл көзқараст қоғамдық сананың жаңғыруы үшін іргелі негіз болады.
Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпақ қана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттык кунлықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттык қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухани жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, дін, уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.

Қорытындылай келе, рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркенден отырмасқа лажымыз жоқ. Бір сәт мүлгіп кетсек ғарыштың жылдамдығын дамып жатқан әлемде, өркениет көші бізді күтіп тұрмай біраз жерге ұзап кетеді. Содан соң ол көшті қуып жетіп, оған ілесу қиындай түседі. Сондықтан, рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүруі керек. Бірақ, осы рухани жаңғыруды бесжылдықтармен, онжылдықтармен өлшеу қиындау. Себебі, бұл рухани дуние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейрімді, адал, ақылды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәніме сезінеді.

Пайдаланылғн әдебиеттер
Абсаттаров, Р.Б. Основы политологии [Текст]. Т.1. Учебное пособие.- Алматы: Карасай, 2018.- 472.

Абсаттаров, Р.Б. Основы политологии. [Текст]. Том 2: Учебник.- Алматы: Карасай, 2018. - 460 с.


Н. Назарбаев «Казахстан-2030. Процветания, безопасности и процветания всем казахстанцам». Алматы: Просвещение, 1997. – 256 с.


Мусатаев С.Ш. Политическая власть: Учебник. Алматы: Казахский университет. - 2014.


Н. Назарбаев Новое политическое направление государства со Стратегией «Казахстан-2050». Астана, 14 декабря 2012 г.




Г.М. Сергазина , Р.Н. Абылкалыкова Политология. Алматы: 2016.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет