Көшпелілер өркениетін зерттеу



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі30,24 Kb.
#128652
1   2   3
Байланысты:
Қазақстан тарихы 10 Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу тарихы дидактикалық материалдар 1 (2)

Қазақ өркениеті


ЕГІНШІЛІК ӨРКЕНИЕТ
Қазақтардың, ертедегi түркiлердiң егiншiлiк мәдениетi айтарлықтай жоғары деңгейде дамыды. Қаңлылар жасаған суландыру жүйесiнің адамзат, әлемдiк өркениет үшiн аса зор маңызы болды, сондықтан үлкен арықтарды солардың құрметiне «каналдар» деп атады (С.П.Толстов). Қазақтар тұрған аумақтағы отырықшы өркениет К. Байпаков, У. Шәлекеновтер тарапынан жақсы зерттелген. «Хұқықсыз әрi қорғансыз, ондаған алым-салықпен және борышпен шырмалған, әр түрлi санаттағы қаржы шенеунiктерi мен жер иеленушiлердiң тонау жүйесiне ұшыраған отырықшы диқанның өлмешi күнiн көргеннен гөрi, көшiп жүргенi пайдалырақ едi…» (И.П.Петрушевский. «ХVI-ХIХ ғасырдың басындағы Әзiрбайжан мен Армениядағы феодалдық қатынастар тарихының очерктерi»).
Е.ОМАРОВ,академик, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану
ғылымдары академиясының вице-президенті, Қайнар университетінің ректоры

КӨШПЕНДIЛЕР ӨРКЕНИЕТІ
А. Дж.Тойнбидiң жазуынша, Еуразиядағы аңшы адам қуаңшылыққа ұшырады да, оны диқаншылықпен шұғылдануына итермеледi, ал екiншi қуаңшылықта аң аулауды қосымша кәсiп ретiнде пайдаланған егiншiлер мен малшылар ұшырасты. Еуразиялықтар сапалы секiрiс жасап, олар көшпелi мал шаруашылығына ауысты.
...Өмiрдiң көрсеткенiндей, көшпелi өмiр қалпына көшу климаттың нашарлауына берiлген жауап едi және ол бұл аймақтағы ежелгi халықтардың сақталып қалуына себебiн тигiздi. Көшпелi өркениеттi егiншiлiк мәдениетiмен салыстыра келiп, А. Дж. Тойнби номадизмнiң көп артықшылықтары барын ескертедi. Жануарларды қолға үйрету өсiмдiктердi үйде өсiргенге қарағанда өте үлкен өнер еді, өйткенi бұл адамның ақыл-ойы мен жiгерiнiң ырыққа көне бермейтiн материалды жеңуiнiң белгiсi болатын.
Орыс ғалымы Л. Н. Гумилев былай дейдi: «Көшпелiлер мәдениетi өзiнiң 3000 жылдық өмiрі iшiнде Жерорта теңiзi мен Шығыс өлкесiнiң халықтарымен салыстырғанда, шығармашылық эволюцияны бастан кешiрдi». Оның пiкiрi бойынша, көшпелiлер әлемдiк өркениетке қомақты үлес қосты. Қазақ өркениетiнiң қайнар көзi Ұлы даладан бiрте-бiрте Мессопотамияға қоныс аударып, Шумер мемелекетiн құрған арийлер заманынан басталса керек.
Дала өркениеті Қазақстанның археолог-ғалымдары Ә. Марғұлан, К. Ақышев, К. Байпақов көшпелi өркениет ұғымын жиi қолданады. Көшпелiлер қоғамы терминi негiзiнде С. Толыбеков пен Д. Кiшiбековтердiң пiкiрлерiнде көбiрек қолданылады. Соңғы жылдары К. Байпақов пен М. Қозыбаев Еуразия сахарасында көшпелiлер өркениетiнiң орнына дала өркениетi ұғымын қолдану дұрыс деп санады.
К. М. Байпақовтың пiкiрiнше, «көшпелi мәдениет», «көшпелi өркениет» терминдерi онша сәттi емес. «Дала мәдениетi мен өркениетi» туралы айтсақ, дұрыс болар едi, бұл тек көшiп-қонуды емес, отырықшылықты, тек мал шаруашылығын емес, егiншiлiк пен қала тiршiлiгiн де бiлдiрер едi. Сақтардың, үйсiндердiң, түркiлердiң, қазақтардың тек номадтар ғана болмағаны дәлелденген. Өйткенi «тек қана номадизм» деп жүргенiмiз Қазақстанның бос жатқан жерлерi туралы, көшпелiлер мәдениетiнiң құбылмалылығы туралы пiкiрлерге «ой тастайды». Номадизм дегенiмiз Қазақстанның дала шаруашылығының, тiршiлiгi мен тұрмысының бiр ғана бөлшегi, бiрегей дала өркениетiнiң өзiндiк бiр бөлiгi ғана. Бұл пiкiрдi М. Қ. Қозыбаев та қолдаған. Қалай десек те, көшпелiлiк әлеуметтiк артықшылық деп саналған. Үнемi қозғалыста жүру номад үшiн тек шаруашылық шара ғана емес, тiршiлiкте болған. Көшiп-қонғанда адамдар өмiрге келген, есейiп кәмелетке толған, ержеткен, некелескен, той тойлаған, демалған, дүниенi таныған, қаза болған… Дер кезiнде жүрiп-тұрмау шаруашылыққа залал әкеледi, рудың жарлығының белгiсi деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет