Әдеби KZ
қолының бір мытығанынан қалмайды. Бордай опырылып ат үстінен құлап
түседі.
Ожар Сейтеннің ашулы қабағынан бір сұмдықты сезді ме, жаңағы аңғырт
айтып қалған сөздерін жуып-шайды.
— Қоқан құшбегілеріне сену қиын. Жеңілтек әйел тәрізді, өздерінің көңіл
ауған жағына қарай жалт ете түсулері оп-оңай... Есіл ерлер аңғалдықпен мерт
болып жүрмесе нетсін.
«Жоқ, Ожар баяғы Ожар. Мұнымен бірге бір қайыққа мінуге болады».
Сейтен жан-жағына ойлана көз тастады. Күн кешкіріп қалған екен. Дала құмайт
топырақтанып, жаз ортасы ауып сары балақтана түскен, таспа жоңышқа мен
жатаған, шеңгел кездесе бастаған. Әр тұста ойдым-ойдым қалың қарағай
көрінеді.
Күн соңғы сәулесін адыр үстіне жайып салып, меңіреу даланы қызғылт
сәулеге бөлеп, батуға айналған.
Аздан соң көш қалың қопалы, көкпеңбек ойпатқа енді. Бұл ара Қаржас
руының ең шалғай жайлауы. Бұдан әрі Балқаш өлкесі, Сарысу алабы, Сыр бойы
басталады. Самсай көшкен жұрт арт жақтарында бұлдырай қарауытқан Арқа
тауларына алаңдай бастады. Қазір күн батады, жабылған ымыртпен бірге туған
өлкенің ең соңғы селеуіті де өшпек. Арттарына бұрылып қараған сайын
жүрегіне суық семсер тигелі тұрғандай көңілге мұң, көзге жас келді. Алда не
күтіп тұр? Бақыт па? Михнат па?
Дәл осы сәтте батып бара жатқан күнменен бірге азалы, зарлы үн естілді.
Ылдиға қарай ентелей құлаған көштің бір бүйірінен, жал-құйрығы күзеулі тайға
мінген, екі бүйірін таянып алып, «Елім-ай» әнін салған он төрт-он бес жасар
қара торы қыз бала көрінді. Табиғат қинаған бейкүнә еліктің баласындай жылап
келеді.
13
Әдеби KZ
Көшке ерген жұрттың көңіл-күйін дәл шерткендігінен бе, тірі пенде оның
әнін бұзар емес. Төмен қарап уһлей береді. Сейтеннен «тоқтат» деген бұйрық
болмаған соң, жұрт әнді мұңая тыңдауда. Қыз бала шырылдай толқиды:
Туған жердің қия алмай тау мен тасын,
Біз келеміз тыя алмай көздің жасын,
Не жазып ек, жасаған, таптатардай,
Көрінгенге халқымның алтын басын.
Арман етіп жазылмас жан жарасын,
Ата-мекен тастадық кең даласын.
Өз жеріңе сыя алмай барғаныңда
Өгей елден, қайран жұрт, не табасың?
Шықпай жатып бесіктен қайғы торып,
Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып,
Қайда барсаң алдыңда Қорқыт көрі,
Неге тудық бақытсыз халық болып.
Қыз баланың әні Сейтеннің көкірегін тырнап жатқан тәрізді, қабағы
салбырап тұнжырай түскен. Егер ән бұдан әрі созылса сонау артта қалып бара
жатқан туған жеріне деген қасіреттен жүрегінен қан тамшылайтындай көрінді.
Осы бір бұлқан-талқан болып келген күйікке шыдай алмаған Сейтен «тоқтат!»
деп қолын көтерді, қыз әні пышақ кескендей үзілді.
14
Әдеби KZ
Енді көш шұбалаңдамай, алды-артын жиып, көлді ығыстай таяп келеді...
Алдарында жазық алаң, одан өтсе, арада қол созым жерде өздері қашып бара
жатқан өгей өлке.
Сейтен бірдемеден сескенгендей атының басын тартты. Алдынан көлмен
қатарласа созылған қалың қопа қамыстың өздері беттеген көз жетер-жетпес бір
тұсынан, әлдене қараң ете түскен тәрізденді. Көзі қанша қырағы болса да не
екенін анық айыра алмады. Аң дейін десе, кісі бойы қамыстан қалай көрінеді?
Адам дейін десе елсіз қалың қопаның арасынан не таппақшы? Ұры-қары дерлік,
бұл ара қара жолдан шалғай... Әлде бұлардың ізін аңдыған жау ма?
Сейтеннің көңіліне күмән кірді. Бірақ Ожар оны бұл күдіктен ада етті. Сейтен
көргенді бұ да көрген екен.
— Сейтеке, — деді ол атын тебініп таяй түсіп, — көшті жинақы ұстамаса
болмас. Бұл Мың арал қойнауы қорқынышты. Қабан да, жолбарыс та бар
десетін. Жаңа байқадыңыз ба, әне бір тұстан жүгірген қасқырды?..
— Мен адам ба деп едім.
— Бұл араға адам қайдан келсін. Мен анық көрдім. Қасқыр. Сірә қоян қуып
жүрген болуы керек, секіре жүгірген түрі сойқан.
— Қасқыр болса қасқыр шығар. Жассың ғой, анық көрген болсаң...
Енді көш бұрынғысынан жинақы жүрді. Сойыл, шоқпар ұстаған қарулы
жігіттер жан-жағынан қоршап, мал біткенді ортаға ала, шашау шығармай, тұтаса
түсті. Тек түн ортасы ауған кезде, жағасы атты кісі көрінбес қалың анақурайлы
Баскөлдің тұсына келгенде ғана:
— Осы арада азырақ көз шырымын алдырсақ қайтер еді, Сейтеке, — деді
Ожар. — Қатын, бала әбден қалжырады, жігіттердің де кейбіреулерін ат соғып
тастағанға ұқсайды.
— әлі де жүре түссек... Қонуға бір қауіпсіз алаң таппасақ болмас.
15
Әдеби KZ
Көшке бұл өңір мүлде бейтаныс. Жолды қан-сөлсіз сұр бетті, шілтиген Сәмен
ғана біледі. Жөн көрсетіп келе жатқан да сол.
Ол Ожарға бір көз тастап, Сейтенге қарады.
— Мұндай жедел жүріске жұрт шыдар емес. Ат шалдыруға да осы ара дұрыс.
Бұдан әрі шалғын азаяды да қамыс-қурай көбейеді.
— Айтқандарың болсын... — Сейтен өзі бірінші боп аттан түсті. — Жұрт таң
сыз бергенше көз шырымын алсын... Ал біз кезектесе күзетелік.
— Мақұл.
Түйелер шөгеріліп, арбалар доғарылып, жұрт дабырлай орныға бастады.
Сейтен жанына топырлай жиналған серіктеріне:
— әр қарауыл бір бие сауымдай уақыт көшті айнала жүреді. Алғашқы кезек
өзімдікі, — деді. — Менімен бірге қайсың қаласың?
— Мен.
— Мен.
— Мен.
Зор денелі үш жігіт топтан бөлінді.
— Сізден кейінгі кезек менікі, — деді Ожар.
— Жата бер. Бір таңға шыдармын!
— Сіздің әрқашан да тың болғаныңыз жөн. Біз секілді жастарға түнгі күзеттің
өзі де бір қызық дәурен ғой.
Сейтен жауап бермеді. Жұртқа:
— Ал ұйықтаңдар! — деп, қарауыл жігіттерін ертіп, бөлініп шыға берді.
Аздан соң жол соғып қалжыраған жұрт қатты ұйыға кетті. Сайдың тасындай
ер жігіттер шоқпарларын бастарына жастанып, сойылдарын жандарына
жатқызып, жүйріктерін белбеулеріне байлап, көштің ішіне шашырай орын алды.
Әрі-беріден соң әр жерден қорылдаған, пысылдаған дыбыстар естілді.
16
Әдеби KZ
Дала тып-тыныш, тек анда-санда лүп етіп соққан желмен ойнап үкілі қурай
мен қамыс бастары шуылдай жөнеледі де, лезде тына қалады. Оқтын-оқтын
көл жағасындағы әупілдектің күмпілдеген үні мен өгіз шағаланың өкірген
айқайы естіледі. Кенет аш түлкінің тырнағына іліккен жапалақ жерге құлаған
баланың даусындай шар етеді... Тұяқ серіппей тыным алған көш. Әр жерде
ұйқы білмес сиырдың мүйізіндей қақырайған төрт күзетші... Бұлар да жантайып
азырақ демдерін алса ештеңе етпейтін сияқты. Туған жерінен шұбыра безген
бишара жұртқа Жетісу мен Арқа түйіскен елсіз аулақта кім тимек? Кім аңдиды
оны? әйтсе де, үнсіз түн құрылған қақпан тәрізді, елең болған жөн...
Ай сәулесі кеми, аспандағы жұлдыздар бірінен соң бірі сөніп, таң
жақындағанда, Ожар қасына Сәмен мен көш қозғалар алдында қосылған
көршілес ауылдың екі бейтаныс жігітін ертіп Сейтеннің қасына келді.
— Сейтеке, таң да жақын... Азырақ көз іліндіріп алыңыздар, — деді ол.
«Сәл тынығып алған да теріс емес, тыныш секілді ғой. Ертеңгі жол да ауыр»,
— деп ойлады Сейтен ішінен. Сөйтсе де:
— Жарайды, ұйықтамасам да белбеуімді босатып, сәл тыным алайын.
Жігіттер де сөйтсін, — деді. Бірақ кетіп бара жатып тағы да тоқтап азырақ
кідірді, — дегенмен сақ болыңдар, көл маңының қамысы тым үрейлі екен,
қасқыр, қабаннан ада емес шығар.
Өзі өзгелерден оқшаулау барып, екі қолын басына жастанып үн-түнсіз жата
кетті...
Күзеттегі төрт жігіт бірінен бірі көз жазбай көшті айнала жүр. Сырт бейнелері
сақ құлақ, жіті көз қарауыл тәрізді.
Сейтеннің қобалжыған көңілі орнығайын деді. «Осылар секілді, «сен тұр,
мен атайын» ер азаматтары бар жұрт қор болар ма... Мұндай жайсаңдарыңның
мол жаралғанына құдайға шүкір...»
17
Әдеби KZ
Алты күннен бері «қуғыншыға кездесіп, соңымнан ерген жұртты қырғынға
ұшыратпасам етті» деп қобалжи шаршаған көңілдің орныға бастағанынан ба
әлде көптен бері ат үстінен түспеген денесі талмаусырады ма, Сейтен аспанда
ақырын жүзген айға қарап жатып ұйықтап кетті.
Дәл осы кезде Ожар мен Сәмен көштің алдыңғы жағындағы қалың қамысты
түбек тұсынан айнала өтіп бара жатқан-ды. Олардың құлағына қамыс арасынан:
— Ожар, біз дайын, — деген әлдекімнің дірілдей сыбырлаған үні естілді.
Ожар кілт тоқтай қалды. Бұрылмастан:
— «Қақпанды қоя білмеген қасасын қалдырар», әкеңнің аузын... Бағана күн
батарда біреуің көзге түсіп, Сейтенге елең туғыздыңдар. Жаңа ғана жатты. Біз
қазір оны байлаймыз. «Аттан!» деген ұран шыққанда, қапы қалмаңдар!.. — деді
ақырын ғана.
Ол көшті айнала жүре берді. Бүйірден қосылған Сәменге:
— Қазір Сейтенді аламыз, — деді.
— Ояу жатқанда ма?! — Сәменнің үнінен қорқыныш лебі аңғарылды.
— Ендігі ұйықтап кеткен шығар. Ұйықтамаса да алу керек! Жақып, сен
Сақыпқа бар, шөккен түйелерді қалқалай аяқ жағынан келсін. Өзің құбыладан.
Дыбысын шығартпай басайық.
— Құп.
— Сейтен сергек ұйықтайтын. Үстінен құс өтсе де оянатын. Сыбырды сезіп,
орнынан атып тұрмақшы болды. Бірақ кенет үстін албастыдай басып
алқымынан қышқаштай жабысқан темір саусақтар үнін шығартпады. Кеудесіне
мінген шойындай ауыр шомбал дене мен екі қолын ұстаған екі балуан жігіт
бұны тырп еткізбеді. Әні-міне дегенше екі қолы артына қыл шылбырмен
маталып, аузына орамал тығылды. Екі көзі су қараңғы болып байланды.
Сейтеннің көкейінде: «әттең! әттең!» деген арман ғана булыға тулады.
18
Әдеби KZ
— Бұның кебіні кигізілді, — деді өзіне таныс күңгірт дауыс, — Сәмен, сен осы
арада бол. Ал сендер сарбаздарға жетіңдер. Белдеріне байлаған аттардың
шылбырларын кесіңдер, ер-тоқымдарының оң үзеңгілерін шешіп алыңдар!
Сейтен қыл шылбырды білегіне батыра бұлқынып-бұлқынып түсті.
«Япырмау, мынау дауыс кімдікі? Ожар ғой! Сорлы жүрек, бекер сес бермеген
екенсің? Қап! Қап!» Ол аздан кейін өзінің жалғыз қалғанын аңғарды. «Жоқ
жалғыз емес шығармын. Жаңа ғана Ожар «Сәмен, осы арада бол» деген жоқ па
еді? Сонда бұл да жау болғаны ма? Шыққыр көзім, нені көргенсің!» Сейтен ауға
түскен мекіредей жанталаса тулай берді.
Дегенмен, жау ниеті де өз дегенінен шыға қоймағандай. Ұйқыдағы
сарбаздардың тең жартысының аттары босатылып, кейбіреулерінің оң
үзеңгілері алынып қалған кезде, түсінен шошып оянған жас жігіттердің бірі
сұмдықтың болғанын бірден аңғарды. Қараңдаған кісілерді көріп:
— Жау келді! Жау келді! Аттан! Аттан! Сейтен аға! — деп құлындағы даусы
құраққа шығып жар салды. Барымта, шабуылға үйренген жұрт орындарынан
атып-атып тұрды. Таң қылаң беріп қалған кез еді, қалың қамыстан қуғынға
жіберілген қырық-отыз салт атты сыпайлар да шыға келді. Шаңқ-шұңқ еткен
білте мылтықтың даусы естілді. Үрген ит, жылаған бала... Атылған мылтық... «А,
құдай, өзің сақта» деп үріккен, қорыққан дауыстар жан-жақтан үрейлене
жамырай, жаңа ғана ұйқыда жатқан бейқам көш азан-қазан болды да қалды.
Кенет:
— Алға, жігіттер! — деген қатты үн шықты, Сейтеннің есік пен төрдей тоқпақ
жалды қара көк айғырын ойната Ожар өзгеден бөліне берді. Басында орамал,
білегін сыбанып алған. Қолында жалаң қылыш, шабатын қасқырдай екі көзі
оттай жайнайды.
19
Әдеби KZ
— Өлсек шәйітпіз, өлтірсек бәйітпіз, — деді ол тағы да күшті дауыспен, —
кәне, еріңдер соңымнан!
— Ожар! Баста, Ожар! — деді аттарына мініп үлгірген кей жігіттер.
Ожардың қасына шоғырлана қалған, тастай түйілген шағын топ «А, құдай!»,
«Аруақ!», «Айдабол!», «Қаржас!» деп біріне бірі ұрандаса жел беріп,
сойылдарын көтере, қарсы жаққа лап қойды. Алдарында Ожар. Бірақ ол қарсы
шепке жетер-жетпестен атының жалын құша құлады.
Мылтықтың суық үніне үйрене қоймаған есіл ерлер, қолбасшыларынан
айрылған соң бөгетке келіп қарқыны басылған толқындай, жау шебіне таяй
түсіп шашырана тоқтады. Кейбіреулері аттарының басын бұрып алып, кейін
қарай шапты. Қылышын көтеріп үстіне төніп келген қуғыншы жағының екі
жауынгеріне, жерде домалап жатқан Ожар зекіп:
— Түсіңдер аттан, иттің балалары! — деді. — Байлаңдар тез менің қолымды!
Апарыңдар тез Сейтеннің қасына... Қалаға таянғанда босатарсыңдар, елден
шыққанша бірге ұстаңдар!
Ожардың қолын артына байлап, у-шу болған жұрттың қақ ортасымен, бір
шетте тұрған Сейтенге апара жатқанда ол әлдекімнің:
— Арманда кеттіңдер-ау, қос арысым! — деген күңіренген даусын естіді.
Ожар аңқау елдің бетіне қарауға жүзі шыдамай, аяғын шалыс басып өте
берді... Таланған, шабылған көш, жүнін жұлған тырнадай боп бар сәнінен айы-
рылды. Енді кейін қайтарылмақ болды.
Суық мылтықты, кәрлі қылышты әскер жасағын басқарып келген есаул
Лебедев ысқыра қамшысын үйіріп, қасқыр шапқан қойдай ұйлығып қалған
жұртты кең алаңға жинады да, жанында тұрған Қоңырқұлжа аға сұлтанның кіші
баласы сары ала түймелі Шыңғысқа жирен мұртын тікірейте ежірейіп:
20
Әдеби KZ
— Қайда қашып құтылмақ? Сұра мына шалдан, — деді бағанағы көш
басқарған инабатты ақсақалды көрсетіп, — патша ағзам жарлығынан құтылу,
ажалдан құтылумен бірдей.
— Біз айыпты емеспіз, — деп ақсақал жауап беріп, төмен қарады. — Үйірден
саяқ қана бөлек жайылады. Өзен қайда құйса, тамшысы да сонда құяды.
Тілмаш ашуланып қалды. Сөйтсе де сыр білдірмей:
— Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ босты деп сендер де босқыларың келді ме?
Азғырғанға еріп азайын дедіңдер ме? Саржан сұлтан ту көтергелі, жұрт та ат
үстінен бір түскен жоқ. Қанша ауыл қырғынға ұшырады. Тоқтайтын уақыттарың
болған жоқ па, кілең есуас?
Шал ауыр күрсінді.
— Жаңа өзің айттың ғой, Алтын, Алтай, Уақ, Тоқа ана жаққа кетті деп.
Сынықтан бөтеннің бәрі жұғады ғой. Олардың үлгісімен өзгелер де киімін
пішпесін қайдан білесіңдер?
— Сонда ақ патшаға, аға сұлтандарға қояр кінәларың қандай?
— Шырағым, ел тыныштығын жоғалтқан бір аласапыран заман болып кетті
емес пе, — деді ақсақал уһілеп, — жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады,
қатты-қатты сөйлесе мұсылман діннен шығады. Біз бір мал баққан момын
елміз. Ауыл үстінен атылған мылтық тек қана жылқыны үркітпейді...
— Ол мылтықты атқыздырып жүрген өздерің емессіңдер ме?
— Сонда бізге қой болып қырыл демексің бе?
— Қолыңнан қой болудан бөтен келмесе, жаз жайылымыңды, қыс
қыстауыңды біліп жайыңа жүрмейсің бе!?
— Жайыма жүруге қойып тұрсың ба? — Қария тілмашқа оқты көзімен
қарады. Қотан жанына қасқыр апанын қазса, қойда не ес қалады?
21
Әдеби KZ
Сыпайларының шошайған мылтықтары жеріме салынып жатқан анау бекіністер
сол қас-қырдың апандары емес пе?
— Өздерің үндеріңді шығармасаңдар, олар да мылтықтарын шошайтпайды.
— Ал үнімді шығарсам ше? Бауыздайын деп жатқанда ешкі екеш ешкі де
бақырып өледі. Сен бізге сол ешкі құрлы болма дегенің бе? Жоқ, шырағым,
жерімізді жыртып, өзенімізден балығын аулап жүрген мұжыққа қамшы
көтерген бір де қазақ жоқ шығар. Ал қылышын сүйретіп есіктен кіріп төр менікі
дегендерге...
— Иә, ондайларға не істей аласыңдар? Қолдарыңнан келері бүгінгідей босқа
қырылу ма?
— Адал өлу де — абырой. — Қария тілмашқа алар бүркіттей сұстана көз
тастады. — Шырағым, аяқ алысыңнан байқадым, сен өзің Әбілқайыр, не
болмаса Уалиханның ұрпақтарының біріне ұқсайсың... Бас кеспек болса да тіл
кеспек жоқ деген, бір сұрайтын сөзім бар...
— Не сөз?
— Әбілқайырға да, Уәлиге де патша ағзам хандықтарымен бірге құндыз ішік,
оқалы қоқыр, алтын балдақты алмас қылыш берді. Құндыз ішік пенен оқалы
қоқырды беруі түсінікті, бекзадалар кисін деген шығар. Ал қылышына жөн
болсын? Оны кімнің басына төндірсін деп сыйлады?
— Патша ағзамның дегеніне көнбегендердің!
— Дұрысыңды айттың, ер жігіт екенсің. Бірақ біз көппіз ғой. Қара да болсақ,
қанымыз бір қазақпыз. Уәли мен Әбілқайыр ұрпағының бәріміздің бірдей
басымызды ала беруге қалай жүрегі дауалайды?
Тілмаштың ақшыл жүзі күп-күрең боп кетті. Аталарың қазақ халқының
қанішер қара ниет жендеті деп тұрған осынау тіл тартпас шалды ат бауырына
22
Әдеби KZ
алуға да дайын. Бағанадан есаул Лебедевке шалдың сөзін аудармай қойған.
Енді шыдай алмай жіңішке еріндері дір-дір етіп:
— Есаул мырза, — деді ашуын баса алмай, орысшалап, — мына қара сақал,
патша ағзамды балағаттап тұр!..
— Иттің баласы! — деді есаул қызғылт мұрты ашуланған қанден күшіктің
құйрығындай дір-дір етіп тікірейе қап. — Көрсетейін мен бұған патша ағзамға
қалай тіл тигізуді! — Ол атын ойнатып Абзал ақсақалдың қасына жетіп барды да
мүсіндей қозғалмай тұрған ел ағасын бұзау тісті, қорғасын бауырлы тобылғы
қамшысымен, дәл басынан тартып, тартып жіберді, — Мә саған! Мә, саған!
Патшаға тіл тигізетін сабазсың ғой!
Құлаштай сілтеген қамшы ауаны кескілеп «ыс, ыс» етеді. Қарттың басынан
қан жосып аға жөнелді, бірақ Абзал жартастай болып, үн шығармастан
қозғалмай тұр.
Бұл сұмдықты көрген жұрт шегін тартып үрпиісе қалды. Енді ұрыс кезінен де
бетер үрейленгендей. Бірақ қылыштарын жалаңдатып тұрған солдаттарды
көріп, кейін жапырылды.
— Өлтірді ғой сорлыны! — деген әйелдің ащы даусы шықты.
Дала тағы да тына қалды. Ызалана соққан қалың жұрттың жүрегін теңіз
толқып, қайық қалқып тыңдағандай, бар әлем көрген сұмдығынан шошып
бұлқан-талқан болуға таяу.
— Мына едірейген мысық мұрттың ұрғанына өкінбеймін, — деді Абзал шал
бетіндегі қанын сүртпей, — сары ала түймелі сұлтан ұрпағы, қаным бір қазағым
едің, сенің араша түспегеніңе өкінемін.
Сөйдеді де Абзал ең ақырғы күшін жиғандай өздерінің келген жағына қарай
аяғын ілби басып жүре берді.
Жұрт тағы да соның соңынан ерді.
23
Әдеби KZ
«Ел көзінше шалды бекер ұрды-ау мына есалаң жасаул» деді ішінен Ожар,
көп тебінсе — жер сілкінеді, қиянатты көзімен көрген жұртты басу қиын. Бүгін
Сейтенін ұстасаң, ертең басқа біреуін табады. Ел болып бірігіп патшаға қарсы
тұруға тек ата салты, ел дәстүрі бөгет болып жүрген жоқ па. Әр рудың, әр
болыстың өз көсемі бар. Біріне бірі көнбейді. Ал бәрінің басын қосатын көсем
табылса не болмақ? Қазақ асау жылқы тәрізді, кім үйрете білсе, соны ғана ие
тұтады. Сондай адамы табылса, мына жұрт соңынан шұбыра жөнелуге дайын...»
Бір арқанмен байлаулы тұрған Сейтен мен Ожардың тұсынан «қош, қос
арыс!» деп шұбырған көштің ең соңғы шоғыры өте берді. Ожар тағы да ойлана
қалды. Іштегі қуаныш сыртқа шығуға дайын тұр.
«Менің бұлай қолға түскенім дұрыс болды. Аз уақыттың қорлығы әлі-ақ
ұмытылар. Ал қиянатымды білсе мына жұрт...»
Он шақты сыпай көшті айдап, Баянауыл жаққа кетті де, қалғандары
байлаулы Сейтен мен Ожарды алып Омбыға тіке тартты.
Бұлар үш күннен кейін, Баянауыл округінің Сібірмен шектес Төрткөл
болысының жеріне жетті. Қаз-үйрегі сыңсыған, әлі де шалғыны қурап сембеген
бір ауылға келіп түнемек болды. Бұл осы маңның ел ағасы Бектас баласы
Таймастың аулы екен. Таймас ұзын бойлы, денелі ақ сары кісі. Қаржас руына
жиен. Айдалып келе жатқан Сейтен мен Ожарды көріп ауылдың құты қашып,
әбігер болды да қалды. Түстері суық, қисық қылышты, шошайған мылтықты
солдаттар ауыл үстінен ат ойнатып зәрелерін ала түсті. Бойын қорқыныш
билегенмен жұрт ебін тауып, Сейтенге келіп амандасып жатыр. Көптен бері
ұйқы көрмегендігінен бе Сейтеннің үлкен қоңыр көздерінде таусылмас қайғы-
шер күлкілдеп тұр. Екі қолы артына мықтап байлаулы, үстіндегі ақ жібек мол
көйлегінің жағасы дал-дал, әр жерінде баттия жабысқан қызыл қан... Қолға
|